Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық бiрлестiктер
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық
бiрлестiктер осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы
заңдарына сəйкес құрылып, жұмыс iстейдi.
2. Спорттың əрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк
аккредиттелуi мүмкiн, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру жəне
спорт саласындағы халықаралық бiрлестiктерге қатысушы болуы мүмкiн.
Аккредиттеудiң тəртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi
айқындайды.
3. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық бiрлестiктер спорт
жарыстарын жəне басқа да спорт шараларын, оның iшiнде халықаралық шараларды
ұйымдастыруды жəне өткiзудi дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi органмен
келiсе отырып жүзеге асырады.
Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi
лицензиялау
1. Жеке жəне заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн
көрсету жөнiндегi қызметi, бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
лицензиялауға жатады.
2. Лицензиялау тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Мемлекеттiк бақылау
1. Мемлекеттiк бақылауды дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган
спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi
стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталу нысанасына тексеру жүргiзу арқылы
жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге анонимдi өтiнiштердi қоспағанда, жеке жəне
заңды тұлғалардың өтiнiштерi немесе ресми хабарламалардың басқа да нысандары,
сондай-ақ заң бұзушылықты жоюға жəне дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi
органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған iс-
шараларды жүргiзу негiз болып табылады.
3. Шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп
жүргiзiледi.
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушiлiк
жəне кəсiпкерлiк қызмет
1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке жəне
заңды тұлғалар спорт клубтарының, мектеп-интернаттарының, спорт мектептерiнiң,
командаларының немесе спорт шараларының демеушiлерi бола алады. Демеушiлер мен
спорт клубтары (мектеп-интернаттар, спорт мектептерi, командалар, шараларды
ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негiзiнде белгiленедi. Демеушiлер
спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушiлердiң немесе олардың
өнiмдерiнiң белгiсiмен (эмблемасымен) өткiзу құқығына ие болады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар дене
шынықтыру, спорт ұйымдарына жəне жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша
кəсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен iлеспе
тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы
мүмкiн. Спорт бiрлестiктерiнiң эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi
болып табылады жəне сол бiрлестiктердiң келiсiмiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн.
3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы
саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн
моральдық жəне материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты
дамытуды ынталандырып отырады.
Спорт ғимараттары
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы əлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының барлық
түрлерiнен құралады.
Бiрегей спорт объектiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша
жекешелендiрiледi.
2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар
аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру жəне келешектегi
резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы анықтауы мүмкiн.
Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сəйкес белгiленедi.
3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген
спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, əкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен
оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.
Спортшылардың əлеуметтiк қорғалуы
1. Дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт
бiрлестiктерi, жергiлiктi атқарушы органдар əралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан
Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек
сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi",
"КСРО-ның халықаралық дəрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының
халықаралық дəрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға - олимпиада
чемпиондарына,
əлем
чемпиондарына,
олардың
"Қазақстанның
еңбек
сiңiрген
жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар
жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де
көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
Еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттiк əлеуметтiк
қолдау
1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық
қамсыздандыру (бұдан əрi - материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiрлiк əлеуметтiк
қолдау жасайды, ол осы бапқа сəйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен
жаттықтырушыларға берiлетiн ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама
командаларының жəне (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған жəне
кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық
қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тəртiппен төленедi жəне
мынадай мөлшерде тағайындалады:
Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезiнде спортшыларды жазатайым оқиғалардан
сақтандыру тиiстi спорт клубтарының, қоғамдарының жəне басқа да мүдделi ұйымдардың
қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi уəкiлеттi орган спорт түрлерi бойынша
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық