Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 400,06 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата20.05.2018
өлшемі400,06 Kb.
#15348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

      2.  Мемлекеттiк  бағдарламада  халықтың  денсаулығын  нығайтуды  ұйымдастыру 

жөнiндегi  шаралар,  дене  тəрбиесi  жөнiндегi  оқу  бағдарламаларына,  бағдарламалық-

бағалау  нормативтерi  жүйесiне  қойылатын  талаптар  жəне  түрлi  топтардың  дене  бiтiмiн 

дамыту  жөнiндегi  талаптар,  жоғары  жетiстiктер  спортын  дамытудың  негiзгi  бағыттары, 

сондай-ақ  ұйымдық,  материалдық-техникалық,  кадрлар,  ақпараттық  жəне  құқықтық 

жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.  

 

Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 

 

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының: 

      дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге; 

      спорт  бағытындағы  дене  шынықтырумен  жəне  спортпен,  оның  iшiнде  кəсiби  қызмет 

ретiнде де айналысуға; 

      дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;  

      мемлекеттiк, коммуналдық жəне жеке спорттық ғимараттарды жəне қызметтердi тегiн 

не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.  

      2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары:  

      салауатты өмiр салтын насихаттауға;  

      жергiлiктi,  республикалық  жəне  халықаралық  жарыстарда  дене  шынықтыру-спорт 

ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;  

      гигиена негiздерiн зерделеуге жəне сақтауға мiндеттi.  

1.  Ата-аналар,  қамқоршылар,  қорғаншылар  немесе  олардың  орнындағы  адамдар 

отбасындағы  кəмелетке  толмаған  балалардың  дене  бiтiмiн  дамытуға  жəне 

денсаулығын  нығайтуға,  оларға  дене  шынықтырумен  жəне  спортпен  айналысу 

үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.  

 

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау 



 

      1.  Дене  шынықтыру  жəне  спорт  жөнiндегi  уəкiлеттi  орган,  дене  шынықтыру-

сауықтыру жəне спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi 

бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  бiрлесе  отырып,  дене  шынықтыру  жəне  спорт 

саласындағы  бiлiм  мен  жетiстiктердi,  салауатты  өмiр  салтының  принциптерiн 

насихаттауды жүзеге асырады.  

      2.  Спортта  қатыгездiк  пен  зорлық-зомбылыққа  табынуды,  адамның  қадiр-қасиетiн 

қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен 

темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.  

      3.  Журналистердiң  жəне  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өзге  де  өкiлдерiнiң  спорт 

жарыстарын жəне басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, 

сондай-ақ  жазып  алуы,  оның  iшiнде  спорт  жарыстарын  жəне  басқа  да  спорт  шараларын 

дыбыс-бейне  жазу  техникасы,  кино-жəне  суретке  түсiру  құралдарын  пайдалана  отырып, 

жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына 

сəйкес жүзеге асырылады. 

       



ДЕНЕ ТƏРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ 

 

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi жəне 

басқа оқу орындарындағы дене тəрбиесi 

      1.  Мектеп  жасына  дейiнгi  балалардың,  жалпы  бiлiм  беретiн  жəне  кəсiптiк  мектептер, 

колледждер,  лицейлер  оқушыларының,  жоғары  оқу  орындары  студенттерiнiң  дене 

тəрбиесi  оқу  жəне  ұзартылған  күн  режимiнде,  оқу  жоспарларына,  дене  тəрбиесiнiң 

кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына жəне санитариялық-гигиеналық талаптарға сəйкес 

сабақтан  тыс  уақытта  жəне  дербес  жүзеге  асырылады.  Мiндеттi  дене  тəрбиесi  сабақтары 




бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы 

бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кəсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, 

лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.  

       


Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт 

 

      1.  Меншiк  нысандарына  қарамастан  кəсiпорындар,  ұйымдар  жұмыс  iстеушiлердi 

сауықтыру  жөнiндегi  дене  шынықтыруды  дамыту  үшiн  қаражат  көздеуге  жəне 

азаматтардың  дене  шынықтырумен,  спортпен  шұғылдану  құқықтарын  iске  асыруына 

жағдай жасауға мiндеттi.  

      2.  Қызметкерлердiң,  олардың  отбасы  мүшелерiнiң  жеке  жəне  ұжымдық  дене 

шынықтыру-спорт  сабақтарын  ұйымдастыру  үшiн  материалдық  база  жасау,  оны 

пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен жəне дене 

шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.  

 

Мүгедектерге арналған дене шынықтыру мен спорт 

 

      1.  Дене  шынықтыру  мен  спорт  мүгедектердi  дене  бiтiмi  жəне  əлеуметтiк  жағынан 

оңалту құралдары болып табылады.  

      2.  Жергiлiктi  атқарушы  органдар  мүгедектер  үшiн  арнайы  дене  шынықтыру-

сауықтыру жəне спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене 

шынықтырумен жəне спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.  

      3. Ақыл-есi кем жəне дене кемiстiгi бар мүгедектердi үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене 

шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, əдiстемелiк, 

медициналық  жағынан  қамтамасыз  ету,  мүгедектердiң  дене  шынықтырумен  жəне 

спортпен  шұғылдануына  дəрiгерлiк  бақылау  жасау,  бiлiм  беру,  денсаулық  сақтау, 

халықты əлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру жəне спорт органдарына жүктеледi.  

 

Əскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене 



шынықтыру даярлығы 

 

      1.  Əскери  қызметшiлер  мен  құқық  қорғау  органдары  адам  құрамының  дене 

шынықтыру  даярлығы  қызметтiк-қолданбалы  бағытта  болады  жəне  олардың  əскери 

борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.  

      2.  Əскери  қызметшiлер  мен  құқық  қорғау  органдары  адам  құрамының  дене 

шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары 

мен əдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тəртiппен анықтайды.  

      3.  Əскери  бөлiмшелердiң,  сондай-ақ  құқық  қорғау  органдары  бөлiмшелерiнiң 

командирлерi  мен  бастықтары  əскери  қызметшiлер  мен  құқық  қорғау  органдары  адам 

құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi. 

      4.  Қазақстан  Республикасы  құрама  спорт  командаларының  мерзiмдi  əскери  қызметке 

шақырылған  мүшелерi  өздерiнiң  спорттық  шеберлiгiн  шыңдау  үшiн  қажеттi  жағдайлары 

бар  бөлiмшелерге  жiберiледi,  оларға  халықаралық,  ұлттық  жəне  басқа  да  спорттық 

жарыстарға қатысуға мүмкiндiк берiледi.  



 

Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен 

спортты дамытуға қатысуы 

 

      Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде: 

      дене  шынықтыруды  аурулардың  алдын  алу  жəне  оны  емдеу  құралы  ретiнде 

пайдаланады; 




жүктеу 400,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау