«AltynOnline» жүйесінде электрондық банктік
қызметтерді беру қағидалары
Бекітілген
Уәкілетті орган атауы
Шешім №
Шешім күні
Банк Басқармасы
20/03/18
20
наурыз 2018
«AltynOnline» жүйесінде электрондық банктік қызметтерді беру қағидалары
«AltynBank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес банкі)
МАЗМҰНЫ
1-бап. Қолданылатын терминдер
2-бап. Электрондық банктік қызметтердің тізбесі
3-бап. Жүйеде Электрондық банктік қызметтерді беру тәртібі, тәсілі мен талаптары.
4-бап. Тараптардың міндеттері және құқықтары
5-бап. Қауіпсіздік рәсімдері
6-бап. Банктің комиссиялық сыйақысы
7-бап. Тараптардың жауапкершілігі
8-бап. Электрондық банктік қызметтерді берудің тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату
9-бап. Форс-мажор
10-бап. Қорытынды ережелер
1-бап. Қолданылған терминдер
1.1.
Тікелей мәтінде түсіндерме келтірілмеген болса, осы Қағидалардың мәтінінде бас әріппен берілген
терминдер осы Қағидаларда оларға берілген түсіндіруге ие.
Шарт
«Altyn Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету шарты.
Клиенттің
автоматтандырылған
жұмыс орны (бұдан әрі
- АЖО)
Клиенттің Жүйеде жұмыс істеуі үшін бағдарламалық-техникалық
құралдарда орнатылған бағдарламалық кешен.
Түпнұсқаландыру
Банк Қауіпсіздік рәсімдерінің талаптарына сәйкес Электрондық
құжатты жасау дұрыстығы мен оның түпнұсқалылығын растау
Банк
«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес банкі),
оның филиалдарын мен
бөлімдерін
қоса алғанда.
Үзінді көшірме
Белгілі уақыт кезеңінде Клиенттің Шоты жайлы тиісінше
рәсімделген құжат (қағаз
нұсқасында
немесе электронды түрде).
Қолданыстағы
заңнама
Белгіленген тәртіпте қабылданған нормативтік құқықтық
актілерден тұратын Қазақстан Республикасы заңнамасы.
Клиент
Заңды тұлға не болмаса заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі
(филиал, өкілдік) - осы Қағидалар мен Шартқа сай Шот иесі.
Операциялық уақыт
Банктің нұсқауларды, нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не
осындай нұсқауларды кері қайтып алу туралы өкімдерді, сонымен
қатар Банктің өзге де операциялары бойынша нұсқаулықтарды
және/немесе
құжаттарды
қабылдауды
жүзеге
асыратын
Операциялық күн уақытының нақты кезеңі. Жүзеге асырылатын
операциялардың/Банктің беретін қызметтерінің әртүрлі түрлері
үшін операциялық уақыт әртүрлі бола алады. Операциялық уақыт
туралды ақпарат Банктің Тарифтерінде көрсетіледі және Банктің
ресми сайтында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы не Заңды
тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарына
және/немесе Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Клиенттің назарына
жеткізіледі.
Операциялық күн
Банктің нұсқауларды, нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не
осындай нұсқауларды кері қайтып алу туралы өкімдерді, сонымен
қатар Банктің өзге де операциялары бойынша құжаттарды
қабылдауды (Операциялық уақыт шегінде) және өңдеуді жүзеге
асыратын Банктің белгілеген (уақыт өте келетін Банк бір жақты
тәртіпте өзгерте алатын ) Жұмыс күні уақытының кезеңі. Банк
Операциялық күннің өзгертілетіні туралы Клиентке хабарлауға
құқылы, бірақ хабарлауға міндетті емес.
Пайдаланушы
Шартқа сәйкес Жүйеге қатынау құқығы және Электрондық банктік
қызметтерді алуға, сонымен қатар «AltynBank» АҚ-да («Қазақстан
Халық Банкі» АҚ еншілес банкі) ашылған, банк шотындағы (-
тарындағы) ақшаға иелік етуге өкілеттіктер берілетін, Өтініште
Клиенттің көрсеткен адамы.
Қағидалар
Банктің ресми сайтында (www.altynbank.kz) орналастырылған,
«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық банкі» АҚ еншілес банкі)
«Altyn Online» жүйесінде электрондық банктік қызметтерді беру
қағидалары
Қауіпсіздік рәсімдері
Электрондық банктік қызметтерді алуға оның құқығын белгілеу
мақсатында Электрондық құжаттарды жасау, беру және алу
барысында Клиентті сәйкестендіру және авторластыру үшін,
сонымен
қатар
құпиялылықты
қамтамасыз
ету
мен
Түпнұсқаландыру
және Банкке жіберуден
кейін
берілетін және
алынатын Электрондық құжаттардың мазмұнында өзгерістер
болдырмау үшін арналған ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру
шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені.
Жұмыс күндері
Банктің операцияларды жүргізу және мәмілелерді жасау үшін ашық
болатын күндері (сенбіден, жексенбіден және Қазақстан
Республикасындағы өзге ресми демалыстардан басқа) немесе
шетелдік
валютада
қаражаттың
халықаралық
аударымы
жағдайында, Қазақстан Республикасында және осындай шетелдік
валюта заңды төлем құралы болып табылатын елде операцияларды
жүргізу үшін банктің ашық болатын күні.
Пайдаланушының
нұсқаулығы
https://altynonline.kz/
сайтында орналасқан Жүйемен жұмыс жасау
бойынша нұсқаулықтар.
Жүйе
«Altyn Online» жүйесі - Ғаламтор желісі арқылы Клиент пен Банк
арасында Электрондық құжаттармен алмасу жолымен Клиенттің
Банкте ашылған өзінің банктік шоттарын алыстан басқаруға
мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету.
Тарап немесе
Тараптар
Шарт жасасқан Банк және/немесе Клиент.
Шот
Банктік шот шарты, банктік салым шарты және Банк пен Клиенттің
арасында жасалған өзге де шарттар аясында ашылған кез-келген
валютадағы Клиенттің Банктегі шоты. Мұнда тиісті шарт бойынша бір
немесе бірнеше банктік шоттар ашылатын жағдайлар да ескеріледі.
Тарифтер
Клиентке көрсететін банктік қызметтері үшін Банктің комиссиялық
сыйақы мөлшерін анықтайтын тарифтері.
eToken pass
құрылғысы
Жүйеге кіру және Электрондық құжаттарды түпнұсқаландыру
барысында Клиентті сәйкестендіруге арналған электрондық сандық
символдардың (бұдан әрі - Қауіпсіздіктің бірреттік коды) бірегей
бірізділігін сұраныс бойынша өз бетінше түрлендіруге Клиентке
мүмкіндік беретін қарқынды сәйкестендіру құрылғысы.
Электрондық
банктік қызметтер
Шартпен және Қағидалармен белгіленген тәртіпте және жағдайларда Жүйе
арқылы алыстан Клиентке Банктің ұсынатын банктік қызметтері.
Электрондық құжат
Банк үшін жарамды кез-келген форматта жіберіле алатын, Шартқа,
Қағидаларға сәйкес Жүйе арқылы Клиент жіберген кез келген құжат,
ескертулер, сұраныстар, тапсырмалар, нұсқаулықтар, нұсқаулар және
басқа да хабарламалар. Бұл ретте, ақпарат электрондық форматта және
eTokenpass құрылғысымен түрлендірілген Қауіпсіздіктің бірреттік коды
түрінде қарқынды сәйкестендірумен расталған.
1.2.
Осы Қағидалар Банкте бір және бірнеше Шоттардың болуына байланысты Банк пен Клиент
арасындағы қатынастарды реттейді. Осы Қағидалар барлық осындай Шоттар үшін жарамды.
1.3. Осы ҚағидаларҚолданыстағы заңнама талаптарына
және Банктің ішкі құжаттарына
сәйкес әзірленіп, дайындалған.
2-бап. Электрондық банк қызметтерінің тізбесі
2.1.
Электрондық құжаттарды пайдаланып, Жүйе арқылы ұсыныла алатын Электрондық
банктік қызметтердің тізімі:
1)
ұлттық валютада аударымдарды жүзеге асыруға арналған электрондық төлем
тапсырмаларын қабылдау;
2)
шетелдік валютадағы аударымдарды жүзеге асыруға арналған электрондық төлем
тапсырмаларын қабылдау;
3)
Клиенттің шетелдік валютаны айырбастауына (сатып алу/сату/ айырбастау)
электрондық өтініштер қабылдау;
4)
Клиентке электронды түрде үзінді көшірмелер беру (Шот және ақша қозғалысы жайлы
берілетін үзінді көшірмелер, ағымдағы күн бойынша берілетін алдын-ала үзінді көшірмелер)
;
5)
келісімшарттың есептік нөмірін тіркеуге арналған өтініштердан басқа, экспорт-импорттық
валюталық бақылау қатысушыларынан валюталық бақылауға байланысты құжаттарды қабылдау
(келісімшарттар, инвойстар, келісімдер, төлемге арналған шоттар, қосымша келісімдер және
т.б.)
;
6)
хаттармен (хаттар, сұраныстар, ескертулер,
нұсқауларды жою/тоқтата тұру
туралы
өкімдер және т.б.) алмасу;
7)
жинақ ақшалар шотын ашуға/жабуға және банктік салым жасауға/алуға арналған
өтініштерді қабылдау және банк салымы шарт талаптарына сай басқа операциялар;
8)
Банкте Клиенттің қосымша ағымдағы шоттарын ашу/жабу және ағымдағы шот
шарты талаптарына сай басқа операциялар;
9) корпоративтік төлем карточкасын шығаруға/қайта шығаруға, лимиттер мен
шектеулерді қоюға/өзгертуге, карточкаға шек қоюға, корпоративтік төлем карточкасы
мен карточкалық операцияларға арналған ағымдағы шотты жабуға және даулы
транзакцияны қарастыруға арналған өтініштерді қабылдау.
10) Банкпен келісілген, өзге қүжаттарды қабылдау.
2.2. Электрондық банктік қызметтердің осы тізімін Банк осы Қағидаларға өзгерістер/
толықтырулар енгізумен және/немесе Заңды тұлғаларға бенктік қызмет көрсетудің жалпы
талаптарына сәйкес өзге де тәсілдермен Банктің ресми сайтында (
www.altynbank.kz
) ақпарат
орналастыру жолымен біртараптық тәртіпте (Клиентпен келіспей) өзгертуі мүмкін.
Қағидалардың 2-бабының 2.1. тармағында келтірілген тізбеге енбейтін төлемеу
сипатындағы кез-келген басқа ақпаратты жіберуге жол беріледі, бірақ ақпарат Банк тарапынан
міндеттемелердің туындау негіздемесі болып табылмайды.
2.3. Банктің көрсетілетін Электрондық банктік қызметтер көрсету бойынша алынатын
комиссия мөлшері Тарифтермен анықталған.
3-бап. Жүйеде Электрондық банктік қызметтерді беру тәртібі, тәсілі мен талаптары
3.1. Жүйемен жұмыс істеу үшін Клиент келесідей бағдарламалық-техникалық
құралдардың болуын өздігінен қамтамасыз етуі қажет:
1) Microsoft Windows 7 Service Pack 1 және одан жоғары операциялық жүйе;
2) Microsoft Internet Explorer браузерінің 8.0 нүсқасынан бастап және жоғары;
3) құжаттармен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету –Microsoft Office;
Adobe Acrobat Reader;
4) қосылған желілік және жергілікті принтердің болуы;
5) өзекті жаңартылған базалары бар вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету
болуы.
3.2. Жүйеде жұмыс істеу үшін Клиент Қолданыстағы заңнама талаптарына және Банктің
ішкі талаптарына сай тиісінше рәсімделген құжаттар пакетін беруі қажет.
3.3. Банк Клиентке үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, Жүйеде жұмыс істеу үшін «ДБО
BS Client» ақпаратты өңдеу және сақтау бағдарламасын қолдануға айрықша емес лицензия
береді. Клиент мұндай бағдарламаны өзгертпеуге, талдау жасамауға, көшірмеуге,
жарияламауға және көшірмесін бермеуге, сол сияқты Жүйені, кез келген үшінші тарапқа
пайдалануға және көшіруге көмектеспеуге міндеттенеді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді берген сәттен бастап, Банк авторлық құқық жайлы
Қолданыстағы заңнамада қарастырылған мүліктік құқықтарды қорғау мерзімі ішінде, Шарттың
әрекет етуінің барлық уақытында бағдарламалық қамтамасыз етуге келесідей мүліктік құқық -
пайдалануға құқығын береді.
Шартқа сай Банк Клиентке Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдалануға мүліктік құқық береді.
3.4. Клиент Шарттың 2-қосымшасына не болмаса Банк қарастырған басқа үлгіге сай
өтінішті толтыру арқылы Жүйедегі тиісті операцияларды жүргізуге Клиент тиісінше уәкілеттік
ететін Пайдаланушыларды өз бетінше анықтайды. Банк растаушы құжаттар негізінде Жүйедегі
Пайдаланушылардың өкілеттіліктерінің сай келуін тексеруге құқылы, бірақ міндетті емес. Банк
анықтайтаған, қажет болған жағдайда, Клиент тиісті хабарламаны алғаннан кейін және Банк
белгілеген мерзімде, Клиент атынан, Жүйедегі операцияларды жүзеге асыруға
Пайдаланушылардың өкілеттілігін растайтын құжатты Банкке беруге міндетті.
3.5. Клиентке Жүйеге Клиенттің қатынауына Банктік Операциялық күні ішінде кепілдік
беріледі және
https://altynonline.kz/
мекен-жайы бойынша Ғаламтор арқылы қорғалған
байланыс каналдары бойынша қашықтан беріледі.
Банктің Операциялық күні Банкпен белгіленеді және Банкпен біржақты тәртіпте
өзгертіле алады. Операциялық күннің ұзақтылығы және/немесе оның өзгертулері туралы
ақпарат Банктік ресми сайтында (
www.altynbank.kz
) және/немесе Тарифтерде және/немесе
Үзінді көшірмелерде орналастырылады.
3.6.
Жүйеге кіру үшін Банк Клиентке Шарттың 2-қосымшасы бойынша Клиенттің Өтінішінде
көрсетілген әр Пайдаланушыға келесілерді береді: Клиенттің Шарт бойынша Электрондық банктік
қызметерді алу үшін ғана пайдалануға құқылы - пайдаланушының аты (логин), бірреттік пароль
көрсетілген ПИН-хатқалтасы, eToken pass құрылғысы.
eToken pass құрылғысы және ПИН-хатқалта, Клиенттің бірінші басшысының (немесе Клиенттің
осындай әрекеттерге уәкілетті тұлғаның) қолымен және мөрдің баспа-таңбасымен (болған жағдайда)
куәландырылған, eToken pass құрылғысы және ПИН-хатқалтаны қабылдау-табыстау актісі бойынша
беріледі.
3.7. Клиент eToken pass құрылғысына мұқият қарауға және оны үшінші тұлғаларға
бермеуге, Жүйеге үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруі үшін логинді және парольді
жария
етпеуге
міндеттенеді.
3.8.
Жүйеден Клиентті ажыратқан және/немесе eToken pass құрылғысы сынған жағдайда, eToken
pass құрылғысы Клиентте қалады.
3.9.
Электрондық банктік қызметтерді ұсыну Жүйедегі Клиентті сәтті сәйкестендіру және
Электрондық құжаттарды түпнұсқаландыру жағдайында ғана жүзеге асырылады.
3.10 Электрондық құжаттар Банктік Операциялық уақыты ішінде орындалуға
қабылданады.
3.11. Электрондық құжаттарды Пайдаланушы
әзірлеп
, eToken pass құрылғысымен
куәландырылып және
Клиенттің уәкілетті Пайдаланушысымен (-ларымен) Банкке Жүйе арқылы
жеткізіледі
. Банк, бұндай Электрондық құжаттар, тіпті егер Шарт және/немесе Қағидалармен
қарастырылмаған, Клиенттің уәкілетті өкілдерінің санкциялауы болмай және/немесе кез-келген
өзге мақұлдауы болмай жіберілген болса да, және тіпті егер олар Клиенттің сол не өзге уақытта
Банкке берілетін өзге де тапсырмалардың талаптарына қайшы келетін болса да, тиісті түрде
жасалған, куәландырылған және Клиенттің атынан берілген деп санауға құқылы,
Банк Клиенттің
берген тапсырыстарының және/немесе сондай тапсырыс берген тұлғалардың өкілеттіктерінің
түпнұсқалығын тексеруге міндетті емес.
Егер Электрондық құжат Өтінішке сай Клиенттің уәкілеттік берген Пайдаланушысымен
куәландырған
болса, Банк Клиенттің уәкілетті өкілдерінің қолдарымен және мөрмен куәландырылып,
сканерленген Электрондық құжат түрінде берілген құжатта қолдар мен мөрдің түпнұсқалығын, сондай-
ақ осындай құжатқа нақты қол қойған тұлғалардың өкілеттіктерін тексермейді.
3.12.
Клиент Пайдаланушының нұсқаулығындағы талаптарды ескере отырып, Электрондық
құжаттарды Қолданыстағы заңнамаға сай толтыруға міндетті. Бұл ретте, Электрондық құжаттарды қате
рәсімдегені үшін ықтимал шығындарды қоса алғанда, барлық жауапкершілік Клиенттің мойнына
артылады.
3.13. Жүйе арқылы Электрондық банктік қызметтер көрсету
Қолданыстағы заңнаманы
ұатана отырып,
жүзеге асырылады.
3.14. Банктің Электрондық құжаттарды қабылдауы, Банктің Электрондық құжаттарды
орындаудан бас тартуы, Электрондық құжаттарды орындау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру
Қолданыстағы заңнамаға, осы Қағидаларға, Шартқа және банктік шотының тиісті шартына
және/немесе Заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарына, сонымен қатар
Клиенттің нақты Шоты бойынша Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін
басқа Шарттарға сай жүзеге асырылады.
3.15.
Электрондық құжатты алған соң Банк Операциялық күн ішінде Электрондық құжатты
алуды, өңдеуді немесе орындауды растайтын электрондық хабарламаны қайтарады («қабылданды»,
«өңделуде», «орындалды» және т.б.).
3.16. Егер қандай да бір себеп бойынша Клиент Жүйе арқылы Электрондық құжаттарды
уақытылы жібере алмаса, ол тиісті түрде рәсімделген құжаттарды Банкке
нұсқасында талапқа сай
жеткізу шараларын қолдануы тиіс
.
3.17. Жүйені рұқсатсыз пайдалану күдігі туындаған жағдайда , құпиясыздандыру немесе
eToken pass-тың жоғалуына және/ немесе Жұйеге рұқсатсыз қол жеткізу күдігі бар басқа да
жағдайларда,
Банк Клиенттің жазбаша өтініші немесе Пайдаланушының/Клиенттің уәкілетті
тұлғасының Банкке Қағидалардың 10-бабында көрсетілген телефон бойынша ауызша өтініші негізінде
Пайдаланушының (-лардың) Жүйеге кіруіне бұғат қояды (Электрондық банктік қызметтер көрсетуді
тоқтатады)
.
3.18.
Пайдаланушының/уәкілетті тұлғаның өтініш жасау және оны сәйкестендіру сәтінен бастап
Банк қысқа мерзімде Жүйеге кіруді бұғаттайды. Соңғысы, Пайдаланушыны сәйкестендіру үшін, Клиент
бойынша деректерді және өзге де қажетті ақпаратты растау жолымен жүзеге асырылады.
4-бап. Тараптардың міндеттері және құқықтары
4.1. Тараптар міндеттері:
1) Электрондық құжаттарды пайдалану барысында Шарттың, Қағидалардың және
Қолданыстағы заңнаманың нормалары мен талаптарын басшылыққа алу;
2) телекоммуникацияларды, ақпаратты өңдеу, сақтау және қорғау жүйелерін
компьютерлік вирустарының және Жүйеге және Тараптарға зиян келтіре алатын
бағдарламаларының жоқтығына тексерілген, жұмысқа қабілетті және жарамды жабдықты ғана
қолдану;
3) басқа Тарапқа телекоммуникациялар жүйесіне рұқсатсыз кіру күдігі туындаған барлық
жағдайлар жайлы, сонымен қатар eToken pass құрылғысының жоғалуының, ұрлануының
барлық жағдайлары жайлы дереу хабарлау;
4) Қолданыстағы заңнамамен, Шартпен, Қағидалармен және/немесе Банк пен Клиент
арасындағы басқа да келісімдермен қарастырылған жағдайлардан басқа, Электрондық банктік
қызметтер ұсыну және қабылдау барысында, Электрондық құжаттар құрамындағы ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз ету.
4.2. Банк құқықтары:
1) Жүйеге рұқсатсыз кіру күдігі туындаған жағдайда, Клиенттен Электрондық құжаттарды
қабылдамау;
2) Жүйені қорғау механизмдеріне өз көзқарасы бойынша өзгерістер енгізу;
3) Жүйеге рұқсатсыз кіру күдігі туындаған жағдайда, Жүйеге Клиенттің кіруін бұғаттау;
4) Шот (ағымдағы шоттар) бойынша қозғалыстар болмаған және/немесе қатарынан үш ай бойы
Клиенттің Шотында ақша болмаған жағдайда Жүйеге Клиенттің кіруін бұғаттау. Шот бойынша
қозғалыстар болмаған және он екі айдан артық Шотта ақша болмаған жағдайда, Шарттан бас тарту
арқылы Шартты үзу;
5) Электрондық құжаттардың егже-тегжейлерін Клиенттен растауға сұраныс жасап, Жүйе
Пайдаланушыларының өзекті тізімдерін анықтап, сонымен қатар өзге де тәсілдермен Жүйе жұмысының
қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған кез келген іс-шаралар жүргізу;
6) Банкті тексеру және аудит жүргізу, Клиент және Шартпен байланысты тәуекелдерді
сақтандыру, Шарт бойынша қарызды талап ету, Шарт бойынша үшінші тұлғалардан Банктен кеңес алу
мақсатында, онымен шектелмей, жеке деректерді жинауға және өңдеуге, соның ішінде оларды
мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғаларға жіберу, трансшекаралық жіберу. Бұл ретте, Банк
Қолданыстағы заңнама мен ішкі процедураларға сай, алынған жеке деректерді қорғау мен
құпиялылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге міндеттенеді;
7) Шартпен, заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарын,
Қағидалармен және Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да құқықтарды пайдалану.
4.3. Банк міндеттері:
1) Шарт жасалып, Клиент Банк Тарифтеріне сай комиссиялық сыйақы төлеген соң Клиентті
Жүйеде тіркеп, Клиентке Жүйемен жұмыс істеуді бастау үшін пайдаланушы атын (логин), бірреттік
паролі бар ПИН-хатқалтаны, eToken pass құрылғысын беру;
2) Клиент сұранысы бойынша Жүйені орнату және онымен жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы
нұсқаулығы бар нұсқау/оқу материалдарын беру;
3) Қағидаларға, Шартқа сәйкес Электрондық қызметтерді ұсыну, соның ішінде Жүйе арқылы
eToken pass құрылғысының Қауіпсіздіктің біреттік кодымен расталған, Клиенттің Шоттан ақша аударуға
тапсырыстарын орындау;
4) Клиент Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақыны төлеген жағдайда, Жүйенің жұмыс
істеу мәселелері бойынша техникалық жәрдем беру;
5) Клиенттен Жүйеге рұқсатсыз кіру күдігі туындағаны жайлы хабарлама алған немесе АЖО-ға
Клиенттің рұқсатсыз кіру күдігі байқалған жағдайда, барлық мән-жайды анықтағанша, Жүйе арқылы
бағытталған Электрондық құжаттармен жасалған барлық операцияларды дереу бұғыттау;
6) Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізу, оны рұқсатсыз өзгерту, рұқсат
етілмеген төлемді жүргізу және/немесе ақша аударымы және өзге рұқсат етілмеген әрекеттер анықталған
жағдайда, бұндай әрекеттердің нышаны болған Клиент, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей
хабарландырылып, осындай әрекеттердің салдарын жою және олардың қайталануын болдырмау үшін
дереу барлық қажетті шараны қолдану.
4.4. Клиент міндеттері:
1) Жүйе қауіпсіздігіне қатысты Банктің Қауіпсіздік рәсімдері талаптарын
және барлық басқа
да нұсқауларды
сақтау. Клиент Жүйеге кіру және Клиенттің компьютерлік және коммуникациялық
жүйелерінде сақталған ақпаратқа және оны пайдаланумен байланысты қауіпсіздік шараларын ендіру,
жүзеге асыру және тұрақты қайта қарау жауапкершілігін алуға міндетті.
2) өз қаражаттары есебінен ғаламтор желісіне кіруді қамтамасыз ету және оны пайдаланғаны
үшін байланыс жеткізушілердің қызметтеріне өз бетінше төлем жасау;
3) Қолданыстағы заңнама мен Қағидалар талаптарына сай төлем құжаттарын рәсімдеу. Бұл
ретте, төлем тапсырмалары міндетті реквизиттермен рәсімделеді, соның ішінде "төлемнің белгілеу
коды" бағанында төлем мақсатының мәтініне сәйкес кодтық мәні (ТБК), ал салықтарды және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке төлем тапсырыстарында "бюджеттік жіктеу кодының" сандық белгісі
(БЖК) сондай кодтың және "төлем белгілеуі" бағанына сай төлем мақсатының мәтініне сәйкес болу
керек;
4) Жүйені модификацияламау, декомпиляцияламау, тираждамау және үшінші тараптарға
табыстамау;
5) Қағидаларға сай қолданылатын өзінің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс
жағдайын өз есебінен қамтамасыз ету;
6) Банкке eToken pass құрылғысымен өндіріліп, қауіпсіздіктің Бірреттік кодымен расталған
Электрондық құжаттарды жіберу;
7) Пайдаланушылардың рұқсатының, құқықтарының және өкілеттіліктерінің деңгейін өз бетінше
қадағалау;
8) Банкке ұсынылған
Өтініште көрсетілген Пайдаланушы өкілеттілігін тоқтату/өзгерту жайлы
Банкты уақытылы хабардар ету және мұндай тұлғалардың Жүйеге кіруін бұғаттауға жазбаша нұсқауды
дереу беру;
9) Жүйені Банк ұсынған Жүйені пайдалану бойынша нұсқауларға және ұсыныстарға толық
сәйкестікте қолдану.
4.5. Клиент құқықтары:
1) Шартқа және Қағидаларға сай Жүйеде қызмет алу;
2) Банктің келісімімен Банк Тарифтерімен белгіленген Банкке комиссиялық сыйақы төлеп, eToken
pass қосымша құрылғыларын алу;
3) Банкпен келісілген нұсқа бойынша, бірінші басшының немесе
осындай әрекеттерге уәкілетті
тұлған
ың қолымен және Клиент мөрінің баспа-таңбасымен куәландырылған өтінішті Банкке беру
арқылы Пайдаланушылардың, уәкілетті тұлғалардың тізіміне өзгертулер енгізу. Өтініш Банкке Жүйе
арқылы жіберіле алады, бұл ретте ол бірінші басшымен немесе Клиенттің
осындай әрекеттерге
уәкілеттік берген тұлғамен Жүйеде
куәландырылуы қажет.
4) Клиентке бұрын берілген ПИН-хатқалта жоғалған жағдайда, Жүйеге кіру үшін қажетті
бірреттік паролі бар жаңа ПИН-хатқалта алу;
5) Банктен Шарт пен Қағидаларды тиісінше орындауды талап ету;
6) Шарттың 5-бабының 5.2.- тармағының 3)- тармақшасына сәйкес Шартты үзу.
4.6. Осы арқылы Клиент
келесілерді куәландырады
:
1) Клиенттің Пайдаланушылары мен уәкілетті тұлғаларының жеке деректеріне, Шарт және
Қағидалар, Шартқа берілген қосымша келісімдер бойынша Банкке тапсырылған және болашақта
тапсыруға жататын жеке деректеріне қатысты, сонымен қатар Қолданыстағы заңнамаға және/немесе
Банктің ішкі құжаттарына сай осындай жеке деректерді жинау, өңдеу қажеттілігі туындаған басқа да
жағдайларда, Клиент «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
ұстана отырып, Пайдаланушылар мен Клиенттің уәкілетті тұлғаларынан жеке деректерді жинауға және
өңдеуге, үшінші тұлғаларға, соның ішінде Банкке, жеке деректерді беруге, жеке деректерді Банктің
өңдеуіне келісімдерді алды;
2) Банк анықтаған қажеттілік жағдайда, Клиент Банкке Пайдаланушылар мен Клиенттің уәкілетті
тұлғаларынан жеке деректерді жинау мен өңдеуге, жеке деректерді үшінші тұлғаларға, соның ішінде
Банкке беруге, Банктің жеке деректерін өңдеуге келісімдердің барлығын құжаттық дәлелін ұсынады, ал
келісімдердің құжаттық дәлелінің болмауы жағдайында, осындай келісімдерді жинап, Банкке оларды
алғанын растайды;
3) Клиенттің Пайдаланушылары мен уәкілетті тұлғаларынан олардың жеке деректерін, соның
ішінде «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай
Банкпен трансшекаралық тапсыруды жүзеге асыруына алдын-ала келісімін алды және Банктың талабы
бойынша Клиент Банкке келісімдердің барлығын растайтын құжаттық дәлелді ұсынады;
4) Жүйе арқылы өткізілетін операциялар Қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткізілетініне
кепілдік береді.
5-бап. Қауіпсіздік рәсімдері
5.1. Қос-факторлық сәйкестендіру рәсімдері,
Клиентті және оның Электрондық банктік
қызметтерді алу құқығын дұрыс сәйкестендіруге, Клиентке Электрондық банктік қызметтерді, негізінде
берілетін Электрондық құжаттардың мазмұнындағы қателіктерді/немесе өзгерістерді анықтауға, банктік
құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды және ол ақпараттың тұтастығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5.2. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық рәсімдер Клиенттің
пайдаланушылық жеке компьютерлерінде, Ғаламтор жүйесінде және Клиент пен Банк
Жүйесіндегі серверлерде орындалады.
5.3.
Жүйеде жіберілетін және қабылданатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету
мақсатында, Ғаламтор желісі арқылы банктік қызмет көрсету бағдарламалары үшін стандарттық
салалық шифрлау болып табылатын - sha256 қолтаңба шифрлау алгоритмдік SSL шифрлау (қауіпсіз
қосылыстар хаттамасы) Ғаламтор арқылы жеке банктік қызмет көрсету барлық бағдаламалармен бірге
қолданылады.
5.4. Клиент SSL шифрлауды қолдауы бар заманауи браузердің болуын қамтамасыз ету
керек.
5.5.
Жүйеге кіру кезінде және Банктің Электрондық банктік қызметтерді көрсетуі кезінде
Пайдаланушыны сәйкестендіру мақсатында, Жүйеде келесі сәйкестендіру деректері көзделген:
пайдаланушының аты (логин), пароль, еToken pass Құрылғысымен жасалған Қауіпсіздіктің бірреттік
коды.
5.6.
Жүйеге алғашқы кіру кезінде Пайдаланушы Банк ұсынған пайдаланушының атын (логинді),
парольді және еToken pass Құрылғысымен жасалған Қауіпсіздіктің бірреттік кодын қолданады.
5.7. Жүйеге алғашқы кіруді жүзеге асырғаннан кейін, Пайдаланушы Банк ұсынған
парольді жеке өзінің пароліне алмастыруға міндетті. Үшінші тұлғалардың Жүйеге кіруінен
қорғау мақсатында, келесідей ең төмен талаптарға сай парольдерді пайдалану ұсынылады:
1) Парольде, пайдаланушының есептік жазбасы немесе оның кез келген бөлігі болмауы керек;
2) Пароль 8 (сегіз) символдан кем емес және 10 (он) символдан артық емес болуы қажет;
3) Парольде, келесі корсетілген төрт санаттың ушеуінен құралған символдар болуы керек:
- A-дан Z-қа дейінгі ағылшын әліпбиінің бас әріптері;
- a-дан z-қа дейінгі ағылшын әліпбиінің кіші әріптері;
- сандар (0-ден 9-ға дейін);
- арнайы символдар (мысалы, !, $, #, %).
5.8. Егер Клиент Жүйеде Электрондық құжаттың Түпнұсқаландырылуын өз бетімен алып
тастамаса, eToken pass Құрылғысын пайдалана отырып, Электрондық құжатты түпнұсқаландырғаннан
кейін, редакциялау, сондай-ақ Электрондық құжат мазмұнын өзгерту мүмкін емес. Электрондық құжат
мазмұнының дұрыстығына барлық жауапкершілік Клиентке жүктеледі.
5.9. Электрондық құжатты Банкке жіберу кезінде, егер Клиент осы Электрондық құжатқа бұрын
қол қоймаған болса, eToken pass Құрылғысын пайдалана отырып, Жүйе қайта Түпнұсқаландыруды талап
ете алады.
5.10. Пайдаланушы кез-келген үшінші тұлғаларға өзінің пайдаланушы атын (логинін), паролін,
еToken pass Құрылғысын жариялауға, тапсыруға құқылы емес, оларды кез-келген үшінші тұлғаларға қол
жетпейтін, олардың сақталуын және тұтастығын кепіл ететін орында сақтауға міндетті.
5.11. Пайдаланушы Жүйеге кіру үшін бірнеше рет (қатарынан бес мәртеден артық) қате парольді
ендіру жағдайында, Банк Пайдаланушының Жүйедегі есептік жазбасына автоматты түрде бұғаттайды.
Есептік жазбаны бұғаттағаннан кейін, Пайдаланушының Жүйеге қатынауы тоқтатылады. Есептік
жазбаны бұғаттаудан шығару мақсатында, Пайдаланушыға Банктің Корпоративтік өнімдер
басқармасына
жүгіну керек. Бұғаттаудан шығару, Банктің ішкі рәсімдерінің негізінде жүзеге
асырылады.
5.12. Клиенттің пайдаланушының атын (логинін), паролін және Қауіпсізідіктің бірреттік кодын
қате ендіруі, Банктің Электрондық банктік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болып табылады.
5.13. Қауіпсіздік мақсатында, Жүйеде Пайдаланушының ұзақ уақыты ішінде (15 минуттен
астам) белсенді әрекеттерінің болмау жағдайында, Пайдаланушының Жүйедегі ағымдағы сессиясын
ажырату қызметі ескерілген. Жүйеге қайта кіру үшін, Пайдаланушы кіру рәсімін қайта жасау керек.
Пайдаланушыға сөндірілмеген ағымдағы сессиясы бар жұмыс орнын қалдыруға тыйым салынады.
5.14. Клиент Жүйені орнату және оның жұмысын қамтамасыз етуде және Жүйеге, eToken pass
Құрылғысына қатынау және қолдануда пайдаланатын қауіпсіздік шараларын үнемі бакылау үшін толық
жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен қатар, оның компьютерлік жүйелерінде сақталып жатқан
ақпаратты, соның ішінде, Жүйеге кіруге қолданатын парольдерді бақылауға жауапты.
5.15. Клиент Жүйеге кез-келген рұқсатсыз кіру немесе рұқсатсыз операция туралы өзі білетінін
немесе күдіктенетінін Банкке жедел түрде хабарлауға міндетті.
5.16. Клиент, Клиенттің барлық Пайдаланушылары мен Уәкілетті тұлғалары Қауіпсіздік
рәсімдерімен таныс екенін және оларды орындайтынын растайды.
5.17. Клиенттің осы бапқа сай өз міндеттерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы
нәтижесінде, Клиент Банкті барлық қуынымдардан мен сот қарауларынан арашалауға, Банк тап болатын
шығындар, шығыстар мен зарарды өтеуге келіседі.
6-бап. Банктің комиссиялық сыйақысы
6.1. Банк, Банктің ресми сайтында (www.altynbank.kz) орналастырылған бекітілген
Тарифтерге сай Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық сыйақыларды алуға
құқылы.
Шарт бойынша қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны алу тәртібі Заңды
тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарымен анықталған. Шарт бойынша.
Клиент Банкке. көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық сыйақыны, сонымен қатар Клиенттің
Электрондық құжаттарын орындауға байланысты Банктік жұмсаған барлық шығындарын
Банктік тарифтеріне сәйкес Банктің Шотын тікелей дебеттеу арқылы есептен шығаруға сөзсіз
келісім береді. Шарт, шотты тікелей дебеттеу шарты болып табылады, соған сәйкес Клиент
Банкке Шоттан ақшаны есептен шығаруға сөзсіз, даусыз келісім береді.
6.2.
Клиенттен комиссиялық сыйақыны алуға мүмкіндік болмау жағдайында, Банк Шарт
бойынша қызметтерді көрсетуді тоқтата туруға немесе тоқтатуға құқылы. Ол туралы Банк Шарт
бойынша қызметтерді тоқтата туру/тоқтату күнінен бастап, Клиентке 10 (он) Жұмыс күні ішінде
жазбаша түрде немесе электрондық тәсілмен хабарлайды. Клиент қызметтер үшін төлем жасаған
жағдайда, Банк Клиентке жазбаша түрде немесе электрондық тәсілмен хабарландырумен қоса Клиентке
қызмет көрсетуді қайта жаңартуға құқылы.
6.3. Шетелдік валютада банк қызметтерін, соның ішінде Электрондық банк қызметтерін
орындауда қолданылатын валютар айырбастау бағамын анықтау тәртібі Заңды тұлғаларға
банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарымен анықталған.
7-бап. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше
орындамағаны үшін Шартқа, осы Қағидаларға және Қолданыстағы заңнамаға сай жауапты
болады.
7.2. Электрондық құжаттарды пайдалану, соның ішінде құжаттарды Тараптардың бірі
қажетті түрде рәсімдеп жіберген, ал басқа Тарап тексеріп қабылдау нәтижесінде, қате
Электрондық құжаттарды орындау кезінде біріншінің кінәсынан емес басқа Тараптың
шығындары үшін Тараптардың ешбірі жауапты болмайды.
7.3. Банк электрондық төлем құжаттардың негізінде операцияларды өткізудің уақытылығы мен
дұрыстығы үшін Шарт пен осы Қағидаларға сай жауапты болады.
7.4. Үшінші тұлғалардың кез-келген әрекеттерінің нәтижесінде, оған қоса, бірақ онымен
шектелмей, Клиенттің контрагенттерің/қызметкерлерің кез-келген негізде/себеппен, АЖО, eToken pass
Құралғылары, кіру парольдері туралы ақпаратқа қол жеткізу нәтижесінде, егер ол Клиенттің
абайсыздығы, немқұрайдылығы және/немесе әдейі жасағанынан орын алған болса, Банк Клиенттің залал
шеккені үшін жауапты болмайды.
7.5. Клиент Банкті Өтініште көрсеткен Пайдаланушылардың өкілеттіктерінің тоқталуы немесе
өкілеттіктердің көлемінің өзгерілуі туралы уақытылы хабарламаған/хабарламаған жағдайда, Банк
Клиенттің Электрондық құжаттарын орындағаны/орындамағаны/орындаудың дұрыстығы үшін жауапты
болмайды.
7.6 Банк Электрондық құжаттарды дұрыс рәсімделмеуіне байланысты кез-келген
шығындар үшін жауапты болмайды.
7.7
Жеке деректерді жинау және өңдеу үшін, жеке деректерді үшінші тұлғаға, соның ішінде
Банкке тапсыруға келісімнің жоқтығы, сонымен қатар осы Қағидалардың 4.6-тармағында көзделген
келісімдердің жоқтығы үшін жауапкершілік Клиентке жүктеледі. Егер Банкке Жеке деректер және
оларды қорғау туралы Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін кез келген шаралар қолданса, Банктің
талабы бойынша Клиент Банктің кез келген шығындары мен залалдарын толықтыруға міндетті болады.
7.8.
Клиенттің уәкілетті тұлғасының кіру парольдерін, пайдаланушылардың есімдерін
(логиндерін) жариялау, себебіне қарамастан, үшінші тұлғаларға тапсыру нәтижесінде орын алған
залалдарды өтеу, соның ішінде нақты шығынды, алынбаған пайданы қоса алғанда, мәселелері Клиент
пен Клиенттің уәкілетті тұлғасы арасында Банктің қатысуынсыз шешіледі.
8-бап. Электрондық банктік қызметтерді беруді тоқтата тұру,
жаңғырту және тоқтату
8.1. Келесілердің негізінде Банк Клиентке Электрондық банктік қызметтерді ұсынуды тоқтата
тұрады және тоқтатады:
1) Клиенттің өз міндеттемелерін, сондай-ақ Шартпен және/немесе Қағидалармен көзделген
Қауіпсіздік рәсімдерін бұзуы;
2) Операциялық күн ішінде Электрондық банктік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін
техникалық құрал-жабдықтар жарамсыз болған жағдайларда;
3) Операциялық күн ішінде ағымдағы, кезектен тыс немесе апаттық қызмет көрсетуді жүргізу
қажеттілігі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Заңды тұлғаларға банктік қызмет
көрсетудің жалпы талаптарымен немесе осы Қағидалармен көзделген өзге негіздер.
8.2.
Қағиданың 8.1-тармағында көзделген негіз бойынша, Қолданыстағы заңнамада көзделген
жағдайларды қоспағанда, Электронды банктік қызметтерді тоқтата тұру немесе тоқтату жағдайында,
Банк Клиентке Заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарымен көзделген тәртіппен
және тәсілдерінің біріне сәйкес хат-хабарларды жіберу арқылы хабарландырады. Банк Клиентке Жүйеге
енгізілетін және клиенттің Электрондық банктік қызметтің қолжетімділігіне әсер ететін өзгерістерді
(жаңартуларды) жоспарланып отырған қолданысқа енгізу туралы уақтылы хабарлайды, сондай-ақ
олардың болжанып отырған Жүйенің қолжетімді болмау уақытын Банктің
https://altynonline.kz/
мекенжайы бойынша, интернет-ресурсына хабарландыруды орналастырады.
8.3
Электрондық банк қызметтерін алуға Клиенттің құқығының тоқтатылуына әкеп соғатын
себептерді реттегеннен кейін, Банк Электрондық банк қызметтерін ұсынуды жаңартады.
9-бап. Форс-мажор
9.1. Егер Тараптардың біріне төменде сипатталған форс-мажор жағдайлары міндеттемелерді
орындауға кедергі жасаса немесе орындауды бөгесе, онда Тараптың міндеттемелерін орындауы форс-
мажор жағдайлары созылған уақытына және олар Тараптың міндеттемелерін орындауға кедергі жасау
немесе бөгеу дәрежесіне сай тоқтатылады. Форс-мажорлық жағдайлардың басталу салдарынан, Шартқа
сай кез келген міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған Тарап, форс-мажорлық жағдайлар басталғаны
туралы, 3 (үш) Жұмыс күннен кешiктiрмей басқа Тарапқа жазбаша түрде хабарландыруы және басқа
Тарапқа қатысты шығындар мен зиянды азайту мақсатында барлық әрекеттерді қолдану және Шарт
бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкіндігін қалпына келтіруі керек. Хабарландырмау немесе
беймезгіл хабарландыру, мұндай хабарландырмау немесе беймезгіл хабарландыру тікелей тиісті форс-
мажорлық жағдайдан туындаған жағдайлардан басқа, Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді
орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға
сілтеуге құқығынан айырады.
9.2. Форс-мажор ретінде, өрттерді (Тараптардың заң бұзуы немесе немқұрайлылық нәтижесінде
орын алғандардан басқа), су тасқындарын, жер сілкінуді, соғысты (жарияланған және жарияланбаған),
төңкерістерді, ереуілдерді, азамат соғыстарын немесе жаппай тәртіпсіздіктерді қоса, бірақ олармен
шектелмей, еңсерілмейтін күштің кез келген жағдайлары болып табылады.
10-бап. Қорытынды ережелер
10.1. Клиентке «AltynOnline» жүйесінде қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша,
Жұмыс күндері , Астана уақыты бойынша сағат 09-00-ден 18-00 дейін, +7 727 2596998 телефоны арқылы
байланысуға немесе Банктің (
www.altynbank.kz
) ресми сайтында көрсетілген мекен-жайлар бойынша
Банкке жүгінуге болады.
10.2. Банк, біржақты тәртіп бойынша байланыс деректерін, оларды Банктің (
www.altynbank.kz
)
ресми сайтында орналастырып, өзгертуге құқылы.
10.3. Клиент алдын-ала жазбаша келісімсіз Шартқа байланысты кез келген құқықтарын немесе
міндеттемелерін тапсыруға немесе аударуға құқылы емес. Осы бапқа қайшы келетін, осындай кез-келген
тапсыру немесе аудару талпыныстардың заңды күші және нәтижесі болмайды.
Осы Қағидалар, Шарттың ажырамайтын бөлігі ретінде, Тараптар, олардың құқығын ауыстырып
алушылар (нәтижесінде бірнеше заңды тұлға пайда болатын немесе заңды тұлғадан бір немесе бірнеше
заңды тұлға шығарылатын Клиентті бөлу және шығару жолымен қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса)
үшін міндетті болып табылады.
10.4. Осы Қағидалар, Шарттың ажырамайтын бөлігі ретінде Тараптардың толық өзара
түсіністігі болып табылады және Клиентке Жүйе арқылы Электрондық банктік қызметтерді
көрсетуге қатысты олардың арасындағы барлық бұдан алдыңғы жазбаша немесе ауызша
келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады. Осы Қағидалар немесе Шартпен
ойластырылмаған барлық жағдайларында, Тараптар (www.altynbank.kz) ресми сайтында
орналастырылған Заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің Жалпы Талаптары мен
Қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
10.5.
Банк Шартқа, Қағидаларға және Тарифтерге өзгерістерді енгізуге өз құқығын сақтайды. Банк
Клиентті осындай өзгерістер туралы(ендіруі Қағидалардың басқа нормаларымен реттелетін
Тарифтердегі, Жүйені пайдалану кезінде ұсынылатын операциялар тізіміндегі өзгерістерден басқа),
олардың күшіне ену күніне дейін 10 (он) Жұмыс күннен асырмай хабарландыру тиіс. Хабарландыру,
Клиентке жазбаша хабарландыруды бағыттау (Клиенттің осындай хабарландыруды алғанын растау
қажет етілмейді) және/немесе электрондық пошта, пошталық/электрондық мекенжай арқылы
және/немесе Банктің (www.altynbank.kz) ресми сайтында ақпаратты орналастыру арқылы
орындалады
. Осындай хабарландырудан кейін және Клиент өзгерістермен келіспеу жағдайында,
Клиент ол туралы Банкке жазбаша түрде, өзгерістердің күшіне ену күнінен кешікпей хабарлау керек,
және Клиент Шарттан, Шарттың 5.2-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіп бойынша,
осы
Ережелерде тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа
, айыппұд санкцияларысыз, бас тартуға
құқылы. Клиент Шартқа, осы Қағидаларға, Тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ақпаратты алмаумен
байланысты жауапкершілік пен барлық мүмкін болатын тәуекелдерді өз мойнына алады. Егер Клиент,
Шарттағы және/немесе Қағидалардағы өзгерістердің күшіне енуінен кейін Шарттан бас тартпаса, Шарт,
Қағидалар өзгерілген түрде әрекет етуді жалғастырады.
10.6. Банк Клиент пен үшінші тұлғалардың арасындағы сот талқылауына тартылған
жағдайда Банкке келтірілген кез келген шығындар, сондай-ақ Банк пен Клиент қарым -
қатынасы салдарынан пайда бола алатын, Тарифтермен реттелмейтін, кез келген өзге Банктің
шығындары Клиенттің есебіне жатқызылады. Банк Клиентке шығындар сомасын көрсете
отырып, төлеуге шот ұсынады . Клиент айтылмыш шотты алғаннан кейін оны дереу төлеуге
міндетті.
10.7.
Осы Қағидалар мен Шартқа қатысты барлық құжаттар, Банк пен Клиент арасында келісілген,
мемлекеттік және/немесе орыс және/немесе ағылшын тілінде жасалуы керек. Мәтіннің басқаша оқылуы
ықтимал жағдайында, Тараптар тиісті құжаттың орыс тілінде құрастырылған мәтінін басшылыққа
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |