2-китап indd



жүктеу 4,98 Mb.
Pdf просмотр
бет20/176
Дата20.05.2018
өлшемі4,98 Mb.
#14827
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   176

53

экономикалық,  саяси,  мәдени  жағдайлар,  яғни  күн  сайын  туындап 

жатқан жаңа ұғым, жаңа зат, құбылыстарды игеру қажеттілігі. Мінекей, 

осыған байланысты жаңа сөздер мен жаңа қолданыстарды өз мезгілінде 

қаттап қағазға түсіріп, жүйелеп арнайы сөздіктер жасау дәстүрге айнала 

бастады. Бұл дәстүрді біз ең алғаш Түркия ғалымдарынан көрген едік. 

Олар  осындай  тілдің  іштей  жаңғырып,  толысып,  кемелденуіне  байла-

нысты  пайда  болған  жаңа  сөздер  мен  сөз  қолданыстарын  көп  жыл дар 

бойы том-том жинақ етіп шығарып келеді. Кейінгі он жылдан бері бұл 

дәстүрді  біз  орыс  тілінен  де  көріп  отырмыз.  Осы  бip  ізгі  үрдісті  1985 

жылдан бері Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты да (тіл 

мәдениеті бөлімінің бастығы проф. P.Ғ. Сыздықованың жетекшілігімен) 

жалғастырып келеді. Қазір «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» 

деп  аталатын  сөз  қамтылған  осындай  жинақтың  үшінші  басылымы 

баспаға дайындалуда. Бұл жинаққа енген сөздер мен сөз тіркестерін ресми 

қабылданған дайын атау термин деп қарауға болмайды. Ол тілдегі жанды 

процестің бүгінгі таңдағы бір көрінісі. Ондағы қолданыстардың біразы 

тілімізде  солай  қалыптасып,  сөз  байлығын  толықтырса,  енді  бір  тобы 

тіл талабынан шыға алмай, күндердің күнінде өзінен-өзі-ақ қолданыстан 

қалып қоюы мүмкін. Демек бұл қолданыстарды «сөз сынағы» деп атауға 

да болады.

Егер  біз  сөз  байлығын  сөз  санымен  ғана  емес,  сол  сөздердің 

беретін  мағына  ауқымына,  мағыналық  реңктердің  алуандығына,  көп 

мағыналығына  қарап  анықтайтын  болсақ,  күн  сайын,  апта  сайын 

туындап  жатқан  осы  қолданыстарды  да  ұқыптап  жинап,  ескеріп 

отырғанымыз жөн. Жоғарыда сөз болған 10 томдық түсіндірме сөздікте 

бұл тәрізді «өтпелі» құбылыс қамтылмаған және ол заңды да. Өйткені, 

сөздікке  сөз  атаулының  бәрін  бірдей  енгізуге  болмайды,  ол  сөздіктің 

мақсатына  байланысты  екенін  жоғарыда  айтқанбыз.  Бүгінгі  таңдағы 

қазақ тілі байлығын түгел болмаса да, молынан қамтыған еңбек – осы 

сөздік.  Ол  туралы  айтылып  жатқан  сын  пікірлердің  көбі  орынды  да. 

Осыған орай «Егеменді Қазақстан» газеті жазушы журналист Балғабек 

Қыдырбекұлының «Түгел сөздің түбі бір» деген мақаласын жариялады. 

Автордың сөздікке қоятын міні – оның тіліміздегі сөз байлығын түгел 

қамти алмағандығы. Ол пікірмен келісуге болады. Бірақ, тағы қайталап 

айтамыз, не көп тілімізде, сөз көп және олар тілдік қорымызда ғасырлар 

бойы сарымайдай сақталып келсе де, тілдін бүгінгі «тіршілігіне» қажетті, 

«жан ды денесіне» сай бола бермейді. Осыған орай ел арасында, ақын-

жазушылар  мұрасында,  халық  ауыз  әдебиетінде  сақталған  (олардың 



54

біразын  Б.  Қыдырбекұлы  келтірген)  бүгінде  сирек  қолданылатын, 

мағына-тұлғасы  күңгірттенген,  көнерген  сөздердің  (олардың  қатарына 

тари хи,  кітаби,  кәсіби,  діни,  т.  б.  архаизмдер  жатады)  арнайы  сөздігін 

шығару тілші-мамандардың алдында тұрған парызы деп білеміз. 

«Сөз байлығын түгел қамту» де ген мәселені шешудің басқалардан 

оңайлау  жолы  –  «қалып  қойған»  дүниемізді  түгел  қамтитын  10  томға 

қосымша  1-2  томдық  (материалға  байланысты)  түсіндірме  сөздікті 

қолға  алып  жақын  жылдарда  шығару.  Көне  сөздерді  былай  қойғанда, 

тіпті  қолданыста  жүрген  біршама  сөздердің  де  түсіндірме  сөздіктен 

табылмауы, шынын айту керек, сөздікке негіз болатын материал жинауда, 

оны сұрыптауда, жүйеге салуда өз кезінде кемшіліктің көп болғандығына 

байланысты.  Тіл  қазынасындағы  сөз  маржанын  теру  сияқты  жауапты 

іс  3  тиын  үшін  кар точка  (парақша)  жазушылардың  деңгейінде  қалып 

қойғандығын мойындауымыз керек. Ал өз бетінше ізденіп, қазақ тілінің 

байлығын  жүйе-жүйесімен  барлық  бұлақтардан,  көздерден  іздеген 

сөздікшілеріміз  көп  бола  қойған  жоқ.  Бірақ  тілші  қауымы  жалпы 

қазақ  тілінің  байлығын  білмей,  зерттемей  отырғаны  жоқ.  Олардың  бір 

кемшілігі – бұл байлықты «терінің өзі илеген пұшпағындай» бөліп алып, 

сала-са ла бойынша (диалектология, терминология, этнолингвистика, тіл 

мәдениеті, ономастика, т.б.) зерттеп ба сы бірікпей, сөз байлығын толық 

қамтитын тұтас та күрделі еңбек төңірегінде тоқайласа алмай жүруінде. 

Осыған  орай  Тіл  білімі  институты  –  өзінің  жаңа  бағдарламасында  тіл 

байлығымызды  түгел  камтып  көрсетудің,  болашақ  ұрпаққа  мұра  етіп 

қалдырудың  шараларын  белгілеп  отыр.  Ондай  игілікті  де  күрделі  істі 

техниканың  жәрдемінсіз  орындау  мүмкін  емес  екендігін  де  түсіне 

бастадық. Институт картотекасында жиналған 5 миллиондай карточка-

цитатаны  қайтадан  сұрыптап,  бар-жоғымызды  есепке  алуымыз  керек 

болып тұр. Өйткені жиналғанның бәрі асыл емес және әр карточка бір сөз 

емес қой. Демек, олардың қажеттісін сұрыптап алып, компьютер жадына 

жазып сақтауымыз керек. Сонымен қатар картотеканы толықтыра түсуді 

мақсат  етіп  отырмыз.  Қазақ  халқының  рухани  мұрасы  –  сөз  байлығы 

десек,  ол  барлық  байлығымыздың  ішіндегі  қымбаты  да  асылы,  оның 

толық  қамтылып,  бір  жерде  топталуы,  бүгінгі  таңның  міндеті  болса 

керек. 

Жоғарыда  біз  «тіл  байлығын»  жалпы  түрде  ғана  сөз  еттік.  Тіл 



байлығын  –  сөз  байлығы  деп  түсінудің  бір  қарағанда  дұрыс  екенін 

мойындасақ  та,  оның  бұл  байлықты  анықтауда  бірден-бір  критерий 

(өлшем)  бола  алмайтындығын  да  ескерткен  едік.  Осыған  орай  біз  тіл 



55

қазынасына,  сөз  байлығына  адамзат  қоғамындағы,  табиғаттағы  өзіміз 

танып,  біліп,  анықтап,  айқындап  болған  заттар  мен  құбылыстарға 

қатысты пайда болған сөз бен сөз тіркестерінің білдіретін ұғымдары мен 

мағыналары жайында да ескерткен едік. Шынында да, сөздер мен олардың 

білдіріп тұрған ұғым-мағыналары сан жағынан бірдей емес. Біріншісіне 

қарағанда екіншісі екі есе, тіпті үш есе көп. Ал сол ұғым мен мағынаны 

жеке сөздер ғана емес, сөз тіркестері де бере алатындығын ескерсек, тілдің 

сандық сипатынан сапалық сипаты он есе арта түсетінін мойындауымыз 

керек.  Жалпақ  тілмен  айтқанда:  тіл  қорында,  айтайық,  100  мың  жеке-

дара сөз бар десек, оның мағыналық, мазмұндық ауқымы үш пара-пар. 

Өйткені сөз табиғатына көп мағыналық тән екенін жоғарыда ескерттік. 

Ал тілімізегі сөз тіркестерінің (оларға жай тіркес, лексикаланған тіркес, 

тұрақты  тіркес,  идиомдар,  кіші  жанрға  тән  жұмбақ,  нақыл  сөз,  мақал-

мәтелдердің  бәрі  кіреді)  әрқайсысы  белгілі  ұғым  беретін  мағыналық 

единицалар санатына жатады. Олардың беретін ұғымы, әрине, сөздерге 

қарағанда әлдеқайда күрделі, ауқымды, астарлы, бейнелі. Мысалы, қой 

көз, бота көз, жалқы мінез, т. б. осы сияқты тіркестердегі қой, бота, жылқы 

деген сөздер өздерінің лексикалық мағынасынан әлдеқашан «қол үзіп», 

жақсы адам, жаман кісі, биік жігіт, сұлу қыз сияқты тіркестердегі жақсы, 

жаман,  биік,  сұлу  деген  анықтамалар  қатарында  жаңа  қызмет  атқарып 

тұр. Жылқы мінез тіркесі мағынасының күрделі болуы оның астарында 

жай  ұғым  емес,  халықтың  өмір-тіршілік  болмысына  тікелей  қатысты 

ұғым,  дүниетаным,  этнолингвистикалық  түсінік  жатыр.  Жылқы  мінез 

адамның  қандай  болатынын  түсіндіру  үшін  алдымен  жылқы  малына 

тән  жақсы  мінез-қасиеттерді  білу  қажет.  Дәл  осындай  т.б.  тіркестер 

тілімізде мың-мыңдап (есебін ешкім шығарған жоқ) кездеседі. Олар жеке 

сөздерден шамамен жүз есе артық деп жобалаймыз. 

Демек,  тіл  байлығымыздың  жалпы  потенциялы  өте  жоғары.  Оны 

жеке сөз санымен емес, сапа, мазмұн безбенімен өлшегенде, ол шамамен 

1  миллиондай  мағыналық  единицаға  (бірлікке)  жетеді  деп  ойлаймыз. 

Мәселен,  бір  ғана  құлақ  деген  сөздің  мағынасынан  жүздеген  туынды 

түбір, сөз тіркестері, фразеологизм, мақал-мәтел өрбиді екен: ақпа кұлақ, 

кәрі құлақ, қалқан құлақ, құйма құлақ, сақ құлақ, салпаң құлақ, саңырау 

құлақ, шой кұлақ, құлақ қағыс, құлағы түрік, құлақ кесті құл, құлақтан 

семіру,  құлағына  құю,  құлағынын  құрышын  қандыру,  естіген  құлақта 

айып  жоқ,  құлақ  естігенді  көз  көреді,  т.  б.  Сөз  байлығын  көрсететін 

сөздіктерімізде санау өлшемі – реестр сөз ретінде тек құлақ сөзі тұрады 

да, қалған оған қатынасты жүздеген тіркестердің біразы реті келсе, сол 



жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау