13
республикалық бюджет қаражаттарынан;
2) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ақылы қызметтерін жүзеге асыратын
кірістерден;
3) жұмыс берушілердің гранттарынан, әлеуметтік, академиялық және
ғылыми серіктестердің, халықаралық және отандық қорлардан және
стипендиялардан;
4) білім алушылардың жеке қаражаттарынан жүзеге асады
Ішкі
академиялық
икемділік
шегінде
студент
Қазақстан
Республикасындағы таңдаған оқу орнында (немесе шетелдік оқу орнында –
серіктес жоғары оқу орынның келісімі бойынша) жазғы семестр ағымында оқи
алады. Еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары өз білім
порталдарында
on-line
режимінде
жазғы
семестрде
оқуға
тіркелу
мүмкіндіктерін қарастыруда.
Тіркелу тәртібі, мерзімі және оқу шарттары
туралы ақпаратты оқу орындарының ресми сайттарынан таба аласыз немесе
университеттің академиялық икемділік мәселелері жөніндегі үйлестірушіден
консультация алуға болады.
Студент қабылдаушы оқу орыннан қайтып келгеннен кейін өз оқу орнына
транскрипті және аванстық есепті ұсынады (республикалық бюджеттің, оқу
орынның қаражаттары есебінен оқыған жағдайда). Транскрипт негізінде ECTS
типі бойынша кредиттерді қазақстандық жүйемен қайта сынақтауға сәйкес
білім алушының кредиттерін міндетті түрде қайта сынақтау жүзеге асырылады
(ECTS, немесе European credit transfer system – кредиттерді еуропалық аудару
жүйесі).
7 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерін қайта қабылдау және
ауыстыру ерекшеліктері
Университетте студенттерді қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі
«Д.Серікбаев атындағы студенттерді қайта қабылдау және ауыстыру
Ережелерімен» ШҚМТУ 706-IV-2015 ҚТ құжаттандырылған тәртіппен
реттелген.
Күндізгі оқу түрі бойынша білім алушылардың ауысу немесе қайта
қабылдау туралы өтініштері университет ректорымен жазғы және қысқы
каникул кезеңінде (оқу семестрі басталғанына дейін бес жұмыс күнін
кешіктірмей қарастырылады). Сырттай оқу түріне ауысу және қайта қабылдау
туралы өтініш бір айдың ішінде кезекті емтихандық сессия басталғанға дейін
бес күннен кешіктірмей қабылданады. Білім алушылар бірінші академиялық
кезеңдегі игерілетін жеке оқу жоспардың толық аяқталуынан кейін ауыса
немесе оқудан шығарылғаннан кейін қайта қабылдана алады.
Білім алушыны қайта қабылдау немесе ауыстыру кезінде бұрын өткен
академиялық кезеңде зерделенген оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің
айырмашылықтары нақтыланады. Оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің
академиялық айырмашылығын факультет деканы (деканның оқу-әдістемелік
жұмыс жөніндегі орынбасары) анықтайды. Белгіленген курсқа ауыстыру және
қайта қабылдау оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығының көлемі
14
(пререквизиттерді игеруге қажетті есеппен) 30 кредиттен аспайтын жағдайда
сол курсқа жүзеге асады
Егер пәндердің айырмашылығының және пререквизиттердің көлемі үлкен
кредиттер санын құраса, ауысу мен қайта қабылдау тиісті курсқа жүзеге
асырылады.
Оқу жұмыс жоспарындағы пәндер академиялық айырмашылығын жою
тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ресімделеді.
Оқу жұмыс жоспарындағы пәндер академиялық айырмашылығын жою
үшін білім алушы академиялық кезең ағымында оқу сабақтарының барлық
түрлеріне қатысады, оқу жоспарымен қарастырылған ағымдағы және аралық
бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауды
тапсыруға рұқсат алады.
Оқу жұмыс жоспарындағы пәндер академиялық айырмашылық жазғы
семестр кезінде жойылмаса келешекте академиялық берешек болып саналады.
ЖОО оқудан шығарылған білім алушы ШҚМТУ білім алушыларының
санына оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқу түріне және
кез келген мамандыққа оқуға қайта қабылданады. Білім алушылардың санына
ақылы түрде жүзеге асырылады.
Оқу жұмыс жоспарындағы пәндер академиялық айырмашылығы
белгіленген мерзімде (бір академиялық кезең ағымында) жойылмаған болса, әрі
қарай ол академиялық берешек ретінде есепке алынады.
Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушы, оқудан шыққан мерзіміне
қарамастан, ШҚМТУ студенттері қатарына кез келген оқу түріне және кез
келген мамандыққа қайта қабылдана алады. Білім алушылар қатарына қайта
қабылдау ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады. Қайта қабылдау туралы
өтініш кезектегі академиялық кезеңнің басталуына дейін бес жұмыс күнін
кешіктірмей (күндізгі оқу түрі үшін), және де емтихандық сессияның
басталуына дейін 1 ай қалғанда (сырттай оқу түрлері үшін) қабылданады.
Бекітілген GPA көшу балл санын жинай алмаған білім алушы, қайтадан
оқу жылына қалдырылады.
Қайтадан оқу жылы университеттің басшысының (ОӘЖ проректорының)
бұйрығымен беріледі. Қайтадан оқу жылына қалтырылған білім алушы
ағымдағы оқу жылының 1-қазанына дейін «Жоғары білімді маман даярлауда
білім беру қызметтерін көрсету шартына (қайта оқу жылы)» қол қоймаған
жағдайда академиялық үлгермеушілігі үшін оқудан шығарылады.
Егер жазғы семестрден кейін студент, академиялық берешектері бола
тұрып, белгіленген көшу балл санын (GPA) жинаса, онда ол келесі курсқа
көшіріледі. Бекітілген көшіру балл санын (GPA) жинаған және келесі курсқа
көшірілген білім беру гранты бойынша оқитын студенттің академиялық
берешектері бар болған жағдайда, ол білім беру грантынан айырылмайды.
Академиялық берешектер ақылы негізінде жойылады (студент білім беру
грантының иегері ме, не болмаса шығындарды толық өтеумен шарт
жағдайында оқи ма, соған қарамастан).