Бірінші курс студенттеріне арналған



жүктеу 308,99 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата20.05.2018
өлшемі308,99 Kb.
#14286
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

  

 



 

Бірінші курс студенттеріне арналған  

 

 

 

 

 

 



Өскемен 

2016 



 

2

МАЗМҰНЫ 



 

 

 



бетт. 

 

КІРІСПЕ 



Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық 



университеті туралы 

 



Оқу үдерісін кредиттік оқу технологиясы бойынша 

ұйымдастырудың  жалпы ережелері  

 



Элективті пәндерге тіркелу тәртібі  



Студенттердің білімін бақылау және бағалау жүйесі 



Жазғы семестрді ұйымдастыру 



12 



 

Білім алушылардың академиялық икемділігі 



Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерін қайта қабылдау және 

ауыстыру ерекшеліктері 

Университеттің ғылыми кітапханасы   

13 


 

14 


16 

Университеттің сайты мен білім порталы  



18 

10  Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің құқықтары мен 

міндеттері  

 

19 



11  Академиялық күнтізбе  

21 


12  Қоңырау соғу кестесі  

22 


13 

14 


Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру 

Университет бөлімшелерінің атаулары және байланыс жасау 

ақпараты  

22 


 

23 


15  Университет корпустарының орналасу жоспары  

25 


16  Нормативті құжаттар 

26 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

3

КІРІСПЕ 

 

Анықтамалық-жолсілтеме  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ  2016-17  



оқу жылғы бірінші курс студенттеріне арналған. Ол оқу үдерісін кредиттік 

оқу  технологиясы  бойынша  ұйымдастырудың  негізгі  ережелерін  қамтиды. 

Онда  университет  және  оның  құрылымдық  бөлімшелері  туралы  ақпарат, 

студенттерге  қойылатын  жалпы  талаптар,  олардың  құқықтары  мен 

міндеттері,  студенттердің  білімін  бақылау  және  бағалау  жүйесінің  негізгі 

ережелері көрсетілген.     

 

1 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық 

университеті туралы 

 

Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  техникалық 



университеті  –  Қазақстандағы  алдыңғы  қатарлы  техникалық  жоғарғы  оқу 

орындарының  бірі,  оның  түлектері  жоғары  білікті  мамандар,  кәсіпорындардың 

басшылары,  металлургия,  машинажасау,  энергетика,  сәулет  өнері  мен  құрылыс, 

көлік,  экономика  және  бизнесте,  ақпараттық  жүйелер  салаларындағы  ғалымдар 

ретінде танымал.  

Жоғары оқу орны КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 5 тамыздағы 

Қаулысымен  және  ҚазКСР  Министрлер  Кеңесінің  1958  жылғы  30  тамыздағы 

«Өскемен құрылыс-жол институтын құру туралы» Қаулысымен құрылып, 1958 

жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеуде. 

Бүгінде  университетте  төрт  мыңнан  артық  студент  оқиды.  Университет 

түлектерін  ірі  өнеркәсіп,  құрылыс,  қаржы,  көлік  кәсіпорындарында  және 

компанияларда  келешекті  еңбек  мансабы  күтуде.  Ірі  отандық  және 

халықаралық  компаниялар  тарапынан  университет  мамандарына  деген 

қызығушылық жылдан жылға өсуде.  

Университеттің келесі үш ірі факультетінде: 

- инженерия факультетінде;  

- ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінде; 

- жер туралы ғылымдар факультетінде;  

бакалавриаттың  39  мамандығы,  магистратураның  35  мамандығы  және 

PhD докторантураның 7 мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.  

Оқыту  озық  білім  бағдарламалары  бойынша  жүргізіледі;  университетте 

төмендегідей жағдай жасалған:   

-  алдыңғы  қатарлы  салалық  кәсіпорындар  мен  компанияларда 

студенттердің сынақ мерзімінен өтуі және түлектердің жұмысқа орналасуы; 

 

- әскери атақ алып, әскери дайындықтан өту;  



 -  кәсіптік  коммуникация  саласында  шетел  тілдері  бойынша  қосымша 

білім алу; 

 - көптілдік топтарда білім алу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).  

Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ  2016  жылдан  бастап  физика,  химия, 

математика,  ағылшын  тілі  бойынша  тереңдетіліп  даярлайтын  іріктелген 

техникалық  білім  траекториясы  енгізіледі.  ЭТБ  мақсаты  –  басқаруға, 




 

4

жаңартпашылық  және  кәсіпкерлік  қызметке  дайын  тереңдетілген  білімдердің 



иегері болатын инженерлік жетекшілерді даярлау. 

 Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  техникалық 

университет – бұл: 

- он екі корпус, соның ішінде үш жатақхана;  

- әскери кафедра; 

- «ІРГЕТАС» инженерлік зертханасы;  

 - «БАСТАУ» студенттік техникалық бизнес-инкубаторы; 

 -  кітаптар  данасы  миллионнан  артық  қоры  және  кең  ауқымды 

компьютерлік  техника  паркі  бар  кітапхананың  оқу  залдары,  Интернетке  еркін 

шығу  мұмкіндігі,  ақпараттық  және  іздестіру  жүйелерінің  толықмәтінді 

мәліметтер базасы.   

Білімнің  жоғары  сапасы,  әлемдік  білім  кеңістігімен  бірігу,  инновациялар 

–  бұл  Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  техникалық 

университеті таңдаған жол!  

 

2 Оқу үдерісін кредиттік оқу технологиясы бойынша 

ұйымдастырудың жалпы ережелері 

 

 

Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  ұйымдарында  бірыңғай 



кредиттік  оқу  технологиясы  (КОТ)  іске  асырылуда.  Аталған  технологияның 

мақсаты  ұлттық  оқу  білім  бағдарламаларын  халықаралық  деңгейде  мойындау, 

білім  алушылардың  және  оқу  ұйымдары  оқытушыларының  икемділігін 

қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын жоғарылату болып табылады.  

КОТ  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  оқу  жұмысының  көлемін 

өлшеудің  сәйкестендірілген  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану  арқылы  жүзеге 

асырылады.  КОТ  жинақтаушы  болып  табылады,  бұл  дегеніміз  барлық  білім 

деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттерді өспелі түрде есепке алу.  

КОТ кезінде төмендегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады: 

Академиялық  күнтізбе  (Academic  Calendar)  –  оқу  жылы  ағымында 

демалыс  күндері  (каникул  мен  мерекелер)  көрсетілген  оқу  және  бақылау  іс-

шараларын, кәсіби іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі; 

Академиялық  кезең  (Term)  –  теориялық  оқу  кезеңі;  Д.Серікбаев 

атындағы  ШҚМТУ-да  бұл  семестр  (оқу  жылы  ағымында  екі  негізгі  семестр  – 

күзгі  (бірінші)  және  көктемгі  (екінші)  әрекет  етеді,  және  де  қосымша  жазғы 

семестрлер); 

 Академиялық  икемділік  –  бұл  білім  алушылардың  өз  жоғары  оқу 

орнында  кредиттер  түрінде  меңгерген  білім  бағдарламаларын  міндетті  түрде 

қайта  сынақтап,  басқа  жоғары  оқу  орнында  (ел  ішіндегі  немесе  шетелдегі) 

белгілі академиялық кезеңде (семестрде немесе оқу жылында) оқу үшін немесе 

басқа жоғары оқу орнында оқуды жалғастыру үшін ауысуы;   

Білім  алушының  академиялық  рейтингісі  (Rating)  –пәндердің  оқу 

бағдарламасын  студенттің  меңгеру  деңгейінің  сандық  көрсеткіші  (100  балл 

шәкілі бойынша белгіленеді); 

Академиялық  дәреже  (Degree)  –  қорытынды  аттестаттау  нәтижелері 

бойынша  тиісті  оқу  білім  бағдарламаларын  меңгерген  білім  алушыларға  оқу 

ұйымдары берген дәреже (академиялық дәрежелер – бакалавр, магистр);   



жүктеу 308,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау