Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ізденімпаздық білімін дамыту



жүктеу 57,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.05.2018
өлшемі57,03 Kb.
#14239


УДК 373.1.02:3728 

 

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ БІЛІМІН 



ДАМЫТУ 

 

Кубаева А.С.. 

Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия 

Орал, Қазақстан  

E-mail: zhkubaeva@mail.ru 

 

Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалынып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім берудің 

мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық 

үрдістің  қарқыны  білім  беру  жүйесінің  алдына  мүлдем  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Қоғам  талабына 

байланысты  білім  мен  тәрбие  мәселесінде  тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн 

тәртібінде  тұрған  мәселе-сапалы  білім  беріп,  ғылымды  дамыту.  Осы  орайдағы  білім  ордасы-мектеп,  ал 

мектептің жаны-мұғалім екендігі баршамызға мәлім. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерін үйрету, баланы 

өмір сүруге үйрету-қиын шаруа.  

Елбасы білім және ғылыми қызметкерлердің екінші съезінде  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-

бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да 

ұстазға  жүктелген  міндет  өте  ауыр.  Қай  заманда  болмасын  ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  терең  байланыс 

жалғасын табуда»-деп атап көрсеткен. 

«Қыран  түлегіне  қайыспас  қанат  сыйлайды»  демекші,  оқытушылардың  талап  деңгейлері  жоғары 

болып,  алған  білімдерін  тиянақтауда  тест  жұмыстары  көптеп  жүргізіледі.  Математикалық  білімдерін 

саралау  арқылы  ерекше  көзге  түсетін  оқушылармен  де,  білім  сапасы  төмен  оқушылармен  де  арнайы 

жұмыстар  жүргізіледі.  Олардың  деңгейлеріне  қарай  тапсырмалар  беріледі.  Топтық  жұмыстар  да  назардан 

тыс  қалмайды.  Білім  сапасын  арттыруда,  бүгінгі  заман  талабына  сай  әр  мұғалімнің  шығармашылықпен 

жұмыс жасауы-басты мақсат. Ол игілікке қол жеткізу үшін, мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдерді іс жүзіне асыра 

біліп,  үнемі  ізденуде  болуы  тиіс.  Осы  мақсаттарды  жүзеге  асырғанда  ғана,  оқушының  пәнге  деген 

қызығушылығы  артады  деп  сенеміз.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін,  оқытуды  жүзеге 

асыруда  оқытудың  жаңарған  технологияларына  көшу  талабы  қойылып  отыр.  Оқу  үрдісінде  математика 

пәніне  оқушылардың  қызығушылығын    арттыру  үшін    профессор  Жауынбай  Амантөреұлы  Караевтың 

тұжырымдамасы  негізінде  жасалған  деңгейлеп-саралап  оқыту  әдісін  енгізе  отырып,  оның  еңбектеріне 

сүйенемін. 

Мұғалім  мен  оқушының  бірлесе  жұмыс  жасауы-Ж.  А.  Караев  технологиясының  түп  мақсаты. 

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері: 

-таланттылар өз қабілеттері мен икемділіктерін одан әрі бекіте түседі; 

- үлгерімі төмендер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арлады; 

-білім дәрежесі бірдей оқу топтарына оқу жеңілдейді. 

Сабақты ұйымдастыру кезінде  деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының  жүйесін қолдану арқылы 

сабақтың  тиімділігін  көтеру.  Үй  тапсырмасын  тексеру,  білім  деңгейін  ескере  отырып,  деңгейлік 

тапсырмалар  жүйесін  жасау.  Жаңа  тақырыпты  оқушылар  шығармашылық  ізденіс  үстінде  меңгеруі  қажет. 

Сондықтан  мұндай  сабақтарда  оқушының  ынтасын,  белсенділігін  арттыру  үшін  оларға    проблемалық 

сұрақтар қойылады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Бекіту  кезеңінде  деңгейленген  тапсырмалар  арқылы  әр  оқушының 

тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады.  

 



Оқушыны үнемі әрекетке қосады 

 



Үш деңгей арқылы өз бетімен үздіксіз білім алуға жетелейді, ынталандырады 

 



Ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді 

 



Оқушы салыстыра отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді 

Үй  тапсырмасын  беруде  білім  деңгейін  ескере  отырып,  деңгейлік  тапсырмалар  жүйесін  жасау. 

Деңгейлік  бағалау  әдісі  әр  оқушының  дамуын  қадағалайтын  педагогикалық  мониторинг  құруға  мүмкіндік 

береді.  

І оқушы деңгейі 

ІІ алгоритмдік деңгей 

ІІІ эвристикалық деңгей 

ІV шығармашылық деңгей 

Оқу процесін жобалау технологиясы 

1. Жоспарлау (Күнтізбелік жоспар) 

2. Сабақ жоспары (күнделікті сабақтың жоспары) 

3. Күнделікті тапсырмалар жүйесі 

4. Бағалау жүйесі 

5. Диагностикалық карта 




6. Оқушының даму мониторингі 

Күнделікті сабақ жоспары: 

1. Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері 

2. Қызмет түрі: мұғалімнің және оқушының 

3. Тапсырмалар: оқулықтан, топшама, ауызша, тест, т.б. 

4. Бағалау: І, ІІ, ІІІ деңгейлер бойынша 

Күнделікті тапсырмалар жүйесі:  

1. Математикалық диктант 

2. ауызша тапсырмалар 

3. оқулықтан  А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар 

4. тест жұмысы 

5. топшамалар (деңгейлік тапсырмаларымен) 

6. шығармашылық тапсырмалар (кері есептер құрастыру,оны шығару, регата, олимпиада есептері) 

7. топпен жұмысқа арналған тапсырмалар 

8. жұппен жұмысқа арналған тапсырмалар 

9. тізбектеп орындауға арналған тапсырмалар 

10.  есепті шығару алгоритмдерін құрастыру тапсырмалары 

Бағалау жүйесі:        І деңгей       ІІ деңгей       ІІІ деңгей         Жалпы 

1. Білімділік          0,5             0,5                        1                                2 

2. Түсіну                0,5           1                            2,5                              4 

3. Пайдалану        1               2                            3                                 6 

4. Талдау              2                2,5                        3,5                              8 

5. Жинақтау      2,5               3                            4,5                             10 

6. Бағалау        3                   4                         5                               12 

1 сабақ бойынша : 32-42 балл   -«5» 

                                22-31 балл  -«4» 

                                12-21 балл  -«3» 

                                 0-11 балл  -«2» 

 

 

 



 

 

 



 

 

Диагностикалық карта: 



 

Ф

ИО



 

Үл

гі



 бо

йынша 


ж

ұм

ыс



 

Үй

 ж



ұм

ыс

ы



 

К

іт



ап

пе

н 



ж

ұм

ыс



 

Өз

ін



ді

к 

ж



ұм

ыс

 



Б

ақыл


ау

 ж

ұм



ыс

ы

 



Ш

ыға


рм

ашы


лық жұ

м

ыс



 

Б

ал



л 

ж

иы



ны

 





5  1  2  3  4  1  2  3  4  1  2  3  1  2  3  1  2  3 

бал


л 

баға


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Мониторинг 

Ол  үшін  әр  оқушы  сабақ  соңында  жиналған  ұпайлар  санына  сәйкес  нүктені  «даму  мониторингі» 

бетіне  белгілейді.  Мониторинг  бойынша  мұғалім  әр  оқушының  өткен  материалды    қандай  деңгейде 

меңгергенін  қадағалап,  үлгермеушімен  қосымша  жұмыс  жүргізеді.  Бұл  жағдайда  әр  оқушы  әр  тақырып 

бойынша  бағаланып  отырады.  Оқушының  даму  мониторингісі  оның  жеке  басының  қабілетіне  қарай 

тақырып  бойынша  игерген  білім  сапасының  объективті  сипатын  көрметеді.  Осы  жағдайда  оқушылардың 

даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен -өзін салыстыру арқылы анықталады. Ол оқушыға 



деген  ізгілік  қатынасты  көрсетеді.  Ал  ұстазға  сабақтан  тыс  уақытта  оқушымен  жеке  жөмыс  істеуі  үшін, 

үлгерімі төмен оқушыға қажетті тақырыпты анықтауына және оқу сапасын көтеруге мүмкіндік туады. 

 

 

І,  ІІ,  ІІІ  деңгейлер  Мемлекеттік  стандарттың  міндетті  деңгейінің  талаптарына  сәйкес  келеді,  ІV 



деңгей-Мемлекеттік стандарттың мүмкін деңгейі болып табылады. 

Қазіргі білім беру саласындағы маңызды реформалар 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін 

айқындап отыр. 

Еліміздегі  жаңа  білім  беру  реформасы  12  жылдық  білім  беруге  көшу  арқылы  шығармашылықпен 

дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа  ұлттық  үлгіні  жасауды  және  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 

Деңгейлеп,  саралап  оқыту  технологиясы  оқыту  педагогикалық  технологиясында  алынған  нәтиже 

сәйкесті  меңгеру  деңгейлері  түрінде  анықталады.  Бұл  жағдай  оқушының  оқу  материалын  жеңілден 

күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;  

ә)алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;  

б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;  

в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;  

г)  дамыта  оқытудың  әдіс  –  тәсілдерін  қолдануға  ыңғайлы  жағдайлар  жасалуы,  т.б.  себептерге 

байланысты  оқушының  оқу  материалын  қажетті  минимум  деңгейінде  меңгеруіне  жағдай  жасайды. 

Меңгерудің  әр  кезекті  деңгейіне  өтіп  отырған  сайын  ынта,  мотив,  белсенділік,  білік  пен  дағды  да  өсіп 

отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз 

етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.  

Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І 

деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І 

деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және 

одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» 

оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса  не істеуге болады? -  деген сұрақ туады. І деңгейден аса 

алмай  жатқан  жағдайда  қалған  тапсырмаларды  үйде  орындауға  беру  керек.  Деңгейлеп-саралап  оқыту 

технологиясының екінші  бір жағы  –  оқушыларды дүниежүзілік  білім  жүйесінде  қолдананылаты  рейтинг  – 

ұпай жинау әдісіне баулу. 

Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады: 

I–деңгейдегі тапсырмаларға:  

1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;  

2) алдыңғы  сабақта  жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап,  пысықтауына  мүмкіндік 

беруі тиіс;  

3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;  

II – деңгейдегі тапсырмаларға :  

1)  өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген  тапсырмалар.  Бұлар  өзгертілген 

жағдайлардағы  тапсырмалар,  яғни  бұрынғы  тапсырмаларға  ұқсас,  бірақ  оларды  орындау  үшін  алғашқы 

алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.  

2)  оқушының  ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін  тапсырмалар.  Оларда  біздің  ұлттық 

ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.  

III – деңгейдегі тапсырмаларға :  

1)  танымдық  –  іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылар  жаңа 

тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым  білімдерін  жетілдіріп  ,  тереңдетумен  қатар,  ол  тағы  да 

жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;  

2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын тапсырмалар 

Оқыту әдістері 

Оқыту түрлері 

Оқыту құралдары 

Оқыту мазмұны 

Оқытудың мақсаты 



3)  оқушылардың  жинаған  өмірлік  тәжірбиесі  мен  қалыптастырған  ұғым,  түсініктерінің,  қиялы  мен 

белсенді  ой  еңбегінің  нәтижесінде  жаңаша,  бұған  дейін  бомаған,  белгілі  бір  дәрежеде  олардың  жеке 

басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап  шығуына  негізделген,  өздігімен  құрастыру  және  оны 

өздігімен шығаруға бағытталған, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.  

Демек,  бұл  тапсырмалар  –  оқушылардың  біліктілігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  және  оны  бағалау 

деңгейі болады. Ал тиімді бағалау – сапалы білім мен нәтижеге қол жеткізудің басты шарты. 

Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада: 

1.Өтілген материалды толық меңгереді,өйткені сабақ сайын қайталанып,пысықталынып отырады. 

2.Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады. 

3.Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады. 

4.Талдау  жұмыстарын   үнемі  жүргізіп  отырады.Талдаудың  барлық  түрінде  сабақ  сайын  қайталап 

отырады. 

5.Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады,алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады. 

6.Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды. 

7.Техникалық құралдарды жиі пайдаланады.(Компьютер,интерактивті тақта). 

 

 



 

 

жүктеу 57,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау