61
2) осы стандартқа жəне магистратура мамандықтарының үлгілік оқу
жоспарларына;
3) оқу жұмыс жоспарларына;
4) академиялық күнтізбеге;
5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады.
4. Ғылыми, педагог жəне басқарушы кадрларды магистратурада даярлау
екі бағытта:
1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми жəне педагогикалық;
2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге
асырылады.
Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық
деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сəйкес келуіне жəне
пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.
5. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер,
қызмет көрсету жəне бизнес салалары үшін кəсіптік даярлығы терең
басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны
MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кəсіптік білім беру
бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне
қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган
бекітеді.
6. Ғылыми жəне педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру жүйесі жəне ғылым саласы үшін ғылыми-
педагогикалық даярлығы терең ғылыми жəне педагогикалық мамандарды
даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу
бағдарламаларын іске асырады.
7. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге
асырылады.
8. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген жəне
магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр»
академиялық дəрежесі беріледі.
9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) магистранттардың даярлық деңгейіне жəне жоғары оқу орындарының
білім беру қызметіне міндетті талаптар қою есебінен білім сапасына
кепілділікті қамтамасыз ету;
2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) магистранттардың даярлығын жəне білім беру бағдарламаларының
сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) магистранттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
62
6) «магистр» академиялық дəрежесін тағайындау туралы Қазақстан
Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде жəне
халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
10. Магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы
стандарттың ережелеріне сəйкес келуі жəне білім беру бағдарламаларының
құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу мерзімдеріне жəне
магистранттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын
айқындауы тиіс.
11. Жоғары оқу орнының магистратура мамандықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сəйкес болуы тиіс.
12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
Ұлттық
біліктілік
шегіне,
кəсіптік
стандарттарға
сəйкес,
Дублин
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру
бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нəтижесіне бағдарлануы тиіс.
13. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің əрбір деңгейінің
білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттердің алған білімінің
деңгейі мен көлемін, біліктілігі, дағдысы мен құзыреттерін сипаттайтын
Дублин дескрипторлары оқу нəтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге,
сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
14. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім
мазмұнын анықтайтын оқу жəне ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады
жəне олардың ара қатынасын, өлшемін жəне есебін көрсетеді.
15. Магистратураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық жəне бейіндеуші пəндер циклдерін меңгеруді қамтитын
теориялық оқыту;
2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кəсіптік
тағылымдама түрлері;
3) ғылыми жəне педагогикалық магистратура үшін магистрлік
диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;
4) бейіндік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын
қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы;
5) аралық жəне қорытынды аттестаттау қамтылады.
16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пəндердің оқу-əдістемелік
кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пəндердің оқу-
əдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы жəне əзірлеу тəртібін білім
беру ұйымы өзі анықтайды.
17. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген
материалдың көлемі бойынша жүзеге асады жəне оқудың нақты нəтижесіне
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |