2. Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген зиян, соның iшiнде оның
айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай
шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу құқығы). Егер туынды жарияланып
кеткен болса, автор оны керi қайтарып алатыны туралы жария түрде хабарлауға мiндеттi.
Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебiнен қайтып алуға құқылы.
Қызметтiк туындыларды жасаған кезде бұл тармақтың ережелерi қолданылмайды.
3. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары
болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген
жағдайда да сақтап қалады.
4. Авторды оның осы бапта көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға
болмайды.
5. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтары осы Заңның 30-
бабында белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
№ 586
, 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Мүлiктiк құқықтар
1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез
келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.
2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге
асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi:
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына,
айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық
телекоммуникациялар желісінде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық
құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу
құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау),
соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды
қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi
хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);
9) туындыны аудару (аудару құқығы);
10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу
(өңдеу құқығы);
10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу
құқығы)
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi
жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.
3. Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматты
айналымға түсiрiлсе, онда олардың автордың келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей одан әрi
таратуға жол берiледi.
Туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшiлiкке жалға беру)
арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншiк құқығына қарамастан:
1) ноталық мәтiн түрiндегi музыкалық туындының;
2) фонограммаға түсiрiлген туындының;
3) дыбыс-бейнежазу туындысының;
4) деректер базасының;
5) ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесiне берiледi.
4. Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша құқықтар
мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды.
5. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн
сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ
авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын
шарттармен белгiленедi.
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүлiктiк құқықтарды шектеулер, егер мұндай
шектеулер туындыны дұрыс пайдалануға зиян келтiрмей, автордың немесе өзге де құқық
иеленушінің заңды мүдделерiне негiзсiз қысым жасамайтын болса, осы Заңның 18-26-
баптарымен белгiленедi.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09
№ 586
, 2005.11.22
№
90
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.07.10
№ 179-IV
, 2012.01.12
№
537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 24.11.2015
№ 419-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары
Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, оның
iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге
де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, туындыны автордың келісімінсіз жеке
мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша)
құқықтарды жеке тәртіппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстан
Республикасының Үкiметi авторлық сыйақының ең төмен ставкаларын белгiлейді.
Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09.
№ 586
Заңымен, жаңа редакцияда
- ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
17-бап. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану
құқығы. Қадағалау құқығы
1. Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туындының меншiк иесiнен өз туындысының
көшiрмесiн жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруiн талап етуге құқылы (қол жеткiзу
құқығы). Бұл орайда туындыны меншiк иесiнен туындыны авторға жеткiзiп берудi талап етуге
болмайды.
2. Бейнелеу өнерi туындысының түпнұсқасын жария түрде (аукцион, бейнелеу
өнерiнiң галереясы, көркемдiк салоны, дүкен және сол сияқтылар арқылы) қайталап сатқан
әрбiр жағдайда мұндай бейнелеу өнерi туындысын меншiктену құқығынан бiрiншi рет
айырылғаннан кейiн автордың немесе оның мұрагерлерiнiң сатушыдан қайталап сату бағасының
бес процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар (қадағалау құқығы). Авторды тiрi кезiнде
аталған құқықтан айыруға болмайды және ол заң бойынша немесе қалдырған өсиетi бойынша
авторлық құқық мерзiмiнде тек қана автордың мұрагерлерiне көшедi.
3. Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға ауысуы
(өтеулi немесе өтеусiз) осы туындының бiрiншi рет иелiктен айырылуын бiлдiреді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№
586
Заңымен.
18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де
құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық
сыйақы төлемей көшiрмелеу
1. Заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң
келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс
алмай, осы Заңның 26-бабында көзделген реттердi қоспағанда, жалғыз дана етiп
көшiрмелеуiне жол берiледi.