өтеуге мiндеттi.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09.
№ 586
; 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты
1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап,
оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.
Тапсырыстың авторлық шартында туынды тапсырыс берушіге берілуге тиіс мерзім,
сондай-ақ туындыны пайдалануға мүліктік құқықтарды беру көзделуге тиіс.
2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге
мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта
белгiленедi.
3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс
берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015
№ 300-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
III ТАРАУ. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР
34-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және
кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына,
сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.
35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату
ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.
2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы
тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе
кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт
бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының
құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын
формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз
құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр
қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн
пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi
немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22.
№
90
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.07.10.
№ 179-IV
Заңдарымен.
36-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы
1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асырылса;
3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын
фонограммаға жазылса;
4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының
ережелерiне сәйкес қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына
енгiзiлген болса, танылады.
2. Фонограмманы жасаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) фонограмма жасаушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан
Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жерi бар заңды тұлға болса;
2) фонограмма тұңғыш рет Қазақстан Республикасының аумағында жарық көрсе,
танылады. Егер фонограмма Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған күннен
кейiн отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол да Қазақстан
Республикасының аумағында алғаш рет жарияланды деп саналады.
3. Эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары осы Заңға сәйкес,
егер ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жерi бар болса және
хабарларын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегiмен
жүзеге асырса, танылады.
4. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi
орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан
Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын олардың
шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi
салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу
мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса,
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шарттарға сәйкес танылады.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№
586
Заңымен.
37-бап. Орындаушының құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, орындаушыға мынадай мүлiктiк емес жеке
және мүлiктiк құқықтар:
1) есiмiнiң құқығы;
2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне
нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу
құқығы (беделiн қорғау құқығы);
3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу
құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi.
1-1. Мүлiктiк емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүлiктiк құқықтарына
қарамастан тиесiлi және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүлiктiк құқықтарын берген
жағдайда да олар өзiнде сақталып қалады.
2. Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша құқықтары
мынадай iс-әрекеттердi:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;
2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама
қайта шығаруды;
3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты
немесе қойылымды эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе
жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,
орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына
хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған, коммерциялық
мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) берудi жүзеге асыруға рұқсат ету
немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi. Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған