Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет19/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

 

43 


 

Эфир  майлы  өсімдіктер  және  олардан  алынған  эфир  майларының 

шаруашылықтағы  маңызы  өте  зор.  Олар  өте  кеңінен  парфюмерияда, 

косметикалық өндірісте медицинада  пайдаланылады; Мысалы иіс сулар, кремдер 

және  тағы  басқалары  шығарылғанда  барлық  өндірілетін  эфир  майларының 90

сол парфюмерия- косметология өндірісінде падаланылады. 



Микробтарға қарсы, инсектицидті, фунгицидті қасиеттеріне байланысты эфир 

майлы  өсімдіктер  және  олардың  майлары  халықтық  және  ғылыми  медицинада 

кеңінен пайдаланылады. 

Эфир  майларымен  емдеу  өте  тиімді  болғандықтан  оларды  ғалымдар  ерекше 

терапия, ароматотерапия деп атады. (Павлов, 1942, Лушников, 1943 және т.б.)  

Эфир  майларының  фармацевтикалық  өндірісте  дәрілік  препараттарды 

өндіруде маңызы зор. Мысалы препарат “Энатин” құрамында Андыз тамыр , айр 

(Acorus calamus- Айр,  ирный  корень)  және  жалбыздың  (Меnta-  Мята)  майлары 

болады.Препарат  “Артемира”  құрамында  жусанның,  жалбыздың  және 

шабдалының  майлары  болады.  Аталған  препараттың  спазмаға,  зәр  айдаушы  өт 

айдайтын әсерлері бар. 

Тамақ  өнеркәсібі  әртүрлі  өнімдер  шіруден  және  зеңнің  (плесень)  пайда 

болуынан  үлкен  шығынға  ұшырайды.  Ал  эфир  майларын  пайдаланып  ол 

процесстерге тосқауыл қоюға болады. 

Дермотофиттер  (Дерма-кожа-қабық)  және  зеңдер  теріні  және  ішкі  

органдарды  әртүрлі  ауруларға  шалдықтырады.  Бұл  ауруларға  қарсы  медицинада 

тиімді дәрілер шектеулі . 

Кейбір    эфир  майлы  өсімдіктер  және  олардың  мүшелері  тағам  ретінде 

пайдаланылмағанымен тамаққа қосса оған ерекше дәм береді. Ондай өсімдіктерді 

хош-иісті  өсімдіктер  деп  атайды.  Ол  өсімдіктердің  хош-иісті  болатыны  олардың 

құрамында  эфир  майы,  гликозидтердің  және  басқада  химиялық  қосылыстардың 

болуына  тікелей  байланысты.  Ондай  хош-иісті  қасиет  беретін  заттар  әртүрлі 

вариантта пайдаланылуы мүмкін. 

Ет  және  еттен  жасалынған  өнімдерге  хош-иісті  заттар  эфир  майлары, 

майонездің, соустардың және салат тұздығы жиынтығы ретінде пайдаланылады. 

Көптеген  эфир  майлы  өсімдіктер  микробтарды  өлтіретін  қасиетіне 

байланысты  консервантор  ретінде  пайдаланылады.  Мысалы:  Саз  қызанақ (ledum 

palustre-Багульник  болотный),  Көкбас  жұпаргул (Origanum tyttanthym –Душица 

мелкоцветковая) 

Құйып  жасайтын  ет  консервлеріне,  колбаса  және  кулинариялық  өнімдерді 

жасағанда  өсімдіктерді  түгел  немесе  ұнтақ  түрінде  пайдалануға  болады.Мысалы 

шатыргүлділер жемістері, ерінгүлділер жапырақтары 

Жемістен жасалған хош-иісті препараттарға эфир майлары қосылады. 

Қазіргі  кездері  конфеттер  массасына  әртүрлі  эфир  майлары  мысалы  раушан, 

қалампыр,  кардамон,  жалбыз,  лимон,  апельсин,  шалфей  және  т.б.  өсімдіктердің 

эфир майлары қосылады. 

Нан  өндіретін  өндірістерде  әртүрлі  хош-иісті  өсімдіктер  пайдаланылады. 

Мысалы:  кәдімгі  анис (Anis vulgare- Анис  обыкновенный),  Кориандр 

(Сoriandrum),  Тмин (Carum), Кәдімгі  құлмақ (Humulus Lupulus –Хмель 

обыкновеный), Көкнәр (Papaver), Бәйшешек (Crocus) 




 

44 


 

Парфюмерияда  және  сабын  өндіретін  өндірісте  қарағай (Pinus- Cосна), 

Шырша (Piceae- Ель),  Арша (Juniperus- Можжевельник),  Аиыр (Aсаrus-  Аир), 

қайың  (Вetula-  Береза),  Раушан (Rosa- Роза),  Жалбыз (Menta-Мята)  кеңінен 

пайдаланылады.  

Сонымен  эфир  майлы  өсімдіктер  медицинада  және  өндірісте  кеңінен 

пайдалануда  жылдан-жылға  эфир  майлы  өсімдіктерге  сұраныс  артуда. 

Қазақстанда    эфир    майлы    өсімдіктері  жақсы    зерттелген  регион    ол    Оңтүстік  

Қазақстан облысы.  

Қазақстанның  территориясында  әсіресе  оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  және 

шығыс  аудандарында  табиғи  фитоценоздар  құрамында  өте  мол  эфир  майлы 

өсімдіктер кездеседі. 

Қазақстанда  өсетін 500 эфир  майлы  өсімдіктер  зерттелген.  Ғылыми 

әдебиеттерде құрамында эфир майының мөлшері 0,5 мг 100гр құрғақ массасында 

болатын  өсімдіктерге  сипаттама  берілген.  Эфир  майлы  өсімдіктер  негізінен 

Қарағайлар (Pinaceae- Сосновые),  Кипаристер (Cupressaceae - кипарисывые), 

Астралар (Asteraceae- Астровые),  Селдерейлер (Apiaceae- ceлдерейные), 

Тауқалақайлар (Lamiaceae- яснотковые)  тұқымдастары  өкілдері.  Сондықтан  осы 

негізгі тұқымдастарға жататын ең маңызды саналатын кейбір түрлеріне қысқаша 

сипаттама беріп өтейік. 

Ι. Pinaceae (Қарағайлар - Сосновые) тұқымдасы 

1.  Сібір  Самырсыны (Abies sibirica- Пихта  Сибирская)  көпжылдық  ағаш 

биіктігі 30 м  дейін.  Кронасының  формасы  енсіз,  қисық  пирамида  тәрізді. 

Қазақстанда  тек  таулы  жерлерде  жоғарғы  орманды  шекараға  дейін 2000м 

биіктікке дейін таралады. 

Самырсында  эфир  майларының  мөлшері  қылқандарында  тіршілік  ететін 

ортасына  байланысты 100гр  құрғақ  массасында 3,09-3,27мл  (Лихлаюк 1967) 

шамасында болады. 

Бұл  өсімдіктің  бүршіктері,  қылқандары  және  қабығы  халық  медицинасында 

кеңінен пайдаланылады.  

Бұл  тұқымдастан  Шренк  шыршасы (Picea Schrenkiana- Ель  Шренка), 

Самырсын  қарағай (Pinus sibirica- Сосна  кедровая)  өсімдіктеріде  эфир  майлы 

өсімдіктерге жатады. 

ΙΙ. Cupressaceae (Кипаристер - кипарисовые) тұқымдасы 

Бұл  тұқымдастан 5 түр  негізгі  эфир  майлы  өсімдіктерге  жатады.  Олар 

Juniperus Pseudosabina (Қара  арша-  М.  Ложноказачии),  J. Sibirica (Дәрі  арша- 

М.Сибирский),  J. Turcestanica (Балғын  арша,  Түркістан  аршасы-  М. 

Туркестанский), J. semiglobosa (Сауыр  арша-  М.полушаровидный).  Осы  бес 

түрдің  ішінде  Juniperus Sabina -Қызыл  арша  өсімдігіне  толығырақ  тоқталып 

өтейік. 


Көпжылдық  төселіп  өсетін    өсімдік,  биіктігі 1-2 м  бұта.  Қабығы  қызыл-сұр, 

көлеңке  жағындағы  жапырақтары  ине  тәрізді.  Бүршікжемістілер.  Өте  мол,  дара 

орналасқан, майда, сұр-қара түсті, тұқымдары екіден. Екі үйлі өсімдік. Негізінен 

құмда,  таулы  жерлерде  төменгі  белдеуінде  құрғақ  бөктерлерінде  өседі.  Жалпы 

таралуы  Оңтүстік,  Батыс  Европа  ССРО-да,  Қырымда,  Кавказда,  Батыс  және 

Шығыс Сибирде кездеседі. Көк бұташықтары дәрілік зат ретінде пайдаланылады, 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау