Дәріс Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқаша талдау Мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет18/28
Дата15.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#13603
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

 

40 


 

Мексика  шығанақтары.Какаоның  тұқымдарына    мұқтаждық  өте  жоғары 

болғандықтан  какаоны  плантацияларда  алғаш  Оңтүстік  Америкада,  әсіресе 

Бразилияда  өсіре  бастады.  Қазіргі  кезде  какаоның  плантациялары  Батыс 

Африкада  (Нигерия  және  Гвинея      және  т.б  елдер  территориясынан  көруге 

болады.  Какаоны  қазіргі  кезде  Шри-Ланкада  және  Индонезияда  өсіреді.  Какао 

ағашы  үшінші  жылы  жеміс  бере  бастайды,  бірақта  тек 8-10 жылдары  ғана  мол 

өнім береді. 

Дәрілік  шикізаты  және  оның  химиялық  құрамы  піскен  жемістері.  Бір  ағаш 

жылына 1-4 кг  тұқым  береді.  Тұқымдарының  қабығында  алколоид  теолбромин 

(2

% дейін ) және кофеин (іздері) ал тұқымның негізінде шыны май (50 % дейін) 



болады. 

 Пайдалануы 

Медицинада  какао  майы 1710 жылдан  бері  қолданылады.  Какао  майы 

суппозитор, шариктер, таяқшалар дайындау үшін қолданылады



Иллюстрациялық материалдар: Демонстрациялық гербариилер 

- Amigdаlis 

- Ricinus comminis 

- Gossypium 

-Zea mays 

-Linum usitassimum 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1. Климат факторларының өсімдік мүшелерінде майдық түзілуіне әсері. 

2.  Өсімдіктер майларының типтері 

3.  Қазақстанда өсірілетін негізгі майлы өсімдіктер 



Ұсынылған әдебиеттер: 

1. Д.А. Муравьева Д.А. 

Фармакогнозия, Москва, "Медицина", 1991, 560с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

41 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Дәріс 10. Эфир  майлы    Өсімдіктер  және  олардың    шаруашылықтағы 

маңызы. 

Мақсаты: Қазақстандағы эфир майлы өсімдіктермен және олардың зерттелу 

бағытымен және шаруашылықта пайдалануымен таныстыру. 



Кілттік сөздер: Флавоноидтар, кумариндер 

Негізгі сұрақтар: 

1. 

Эфир майлары олардың өсімдіктер құрамында болуы 

2. 

Эфир майларын шаруашылықта пайдалану. 

3. 

Қазақстанда өсетін эфир майлы өсімдіктер  

Пайдалы  өсімдіктердің  ішінде  эфир  майлы  өсімдіктер  маңызды  орын  алады. 

Өйткені  олар  косметикада,  парфюмерияда  тағамдық  және  фармацефтикалық 

өндірісте, яғни  медицинада  кеңінен пайдаланылады. 

Эфир  майлы  өсімдіктер  шикізатына  сұраныс  тұрақты  өсуде.  Әдебиеттердегі 

мәліметтер  бойынша  егер  мысалы 1984 жылы 226,5 мың  тонна  эфир  майлы 

өсімдіктер шикізаты дайындалса 1990 жылы 350 мың тонна 2002 жылы 700 мың 

тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан жылға өсуде.  Эфир 

майларын  өндіру  мәдени  өсірілген  өсімдіктер  плантацияларынан  жиналатын 

болғандықтан  ең  жақсы  деген  дүниежүзілік  генефондты  пайдаланып  әртүрлі 

сорттар  және  гибридтер  алудың  маңызы  өте  зор.  Қазіргі  кезде  әрине  үлкен 

перспективасы  бар  деп  биотехнологиялық  жұмыстарды  айтуға  болады.  Яғни 

биотехнологиялық тәсілдерді пайдаланып клетка, ұлпа және мүше культурасымен 

пайдаланып жаңа шикізаттар алу.  

Орта  Азия  флорасындағы  эфир  майлы  өсімдіктер  әлі  жеткіліксіз  зерттелген. 

Алғашқы  ірі  зерттеу    жұмыстарын  Орта  Азия  мемлекеттік  Университетінің 

ботаникалық  бағының  қызметкерлері 1930-1931 жылдары  жүргізді.  Олар  өз 

жұмыстарын  Гиссар  жотасында  (Таджикстан)  және  Талас  өзенінің  ортаңғы 

ағысында (Қырғызстанда) жүргізеді. 

Л.С.  Алюкина (1977) Қазақстандағы  жусандардың  кейбір  түрлерін  зерттеп 

оларда  оксикумариндер  бар  екендігін  анықтады.  Оксикумариндер  мөлшері  

өсімдіктің түріне байланысты 0,25 тен 1,52 % ге дейін өзгеретіндігін  анықтады. 

Мысалы: Көкшағыр жусанда (Artemisia marschalliana – Полын маршалловская) –

0,25; Құм жусанда (A. Arenaria – Полынь песчаная) – 0,66; Бөлшекті жусанда (А. 

Quinqueloвa-  Полынь  пятидольчатая) – 0,97; Шашақты  жусанда (A.Scoparia – 

Полынь метельчатая)-1,52 




 

42 


 

М.И.  Горяев (1952) өзінің  монографиясында    ССРО  флорасындағы 

құрамындағы эфир майлары бар жусандарды көрсеткен оның ішінде Қазақстанда 

өсетін жусанның түрлеріде келтірілген. 

М.И.  Горяевтің  бірнеше  авторлармен  бірге  жазып  шығарған  “Химический 

состав  полыней” (1962) деген  кітабында  жусанның  туыстарының,  туыс 

тармақтарының,  секцияларының  әртүрлі  өкілдерінің  химиялық  құрамдары 

келтірілген. Мұндай мәліметтер ғылым үшін өте құнды саналады. Өйткені ондай 

мәліметтер    жеке  таксондардың  биология-химиялық  тұрғыдан  филогениясын 

түсінуге  мүмкіншілік  береді.  Сонымен  қатар  пайдалы  органикалық  заттардың 

түзілу заңдылықтарын ботаникалық тұрғыдан табуға мүмкіншілік береді. 

Қазақстанда  жусандарды  мәденилендіру  туралы  алғашқы  мәліметтерді  В.Н. 

Ворошилов (1941) жариялады. Екпе жағдайда ақшыл жусан медицина өндірісіне 

өте қажет, өйткені оның эфир майларында 73-96% солға айналатын камфора  бар . 

Қазақстан  ғылым  академиясының  бас  ботаника  бағында  Іле  жусанын (A. 

Transiliensis -П.Заилийская)  жерсіндіру  туралы  тәжірибелерді  Е.А.Белова 

(1950,1961)  жүргізді.  Тәжірибелік  жағдайда  ол  жусанның  биологиялық 

ерекшеліктері, өнімділігі зерттеліп оны өсірудің тиімді агротехникасы жасалды. 

Кейбір дәрілік және эфир майлы өсімдіктер жан-жақты зерттеліп нәтижесінде 

оларды тиімді пайдалану ережелері ұсынылды. 

Қазақстанның ботаник-ресурстанушылары эфир-майлы өсімдіктерді зерттеуде 

үлкен жетістіктерге жетті. Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды. Олардың саны 

456 оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық сипаттамасы берілді. Олар 

23 тұқымдасқа жатады. 

Құрамында эфир майының мөлшері 1

% дан жоғары 38 өсімдік түрі анықталды 

олар: 

    1.  Сібір қарағайы -  Сосна Сибирская 



2.  Сібір самырсыны - Пихта Сибирская 

3. Қызыл арша -   Можжевельник казачьии 

4. 

Түкістан аршасы -   Можжевельник туркестанскии 



5. 

Сібір аршасы -   Можжевельник Сибирскии 

6. 

Бұқтырма  либонотисі - Порезник бухтарминскии 



7. 

Ақшыл либонотис -  Порезник седоватный  

8. 

 Ақышкен сасыры - Ферула акичкенская 



9. 

 Жоңғар  сасыры -  Ферула джунгарская 

10.   Салалы сасыры -  Ферула рассеченная 

11.  Сыпырғы сасыры -  Ферула метельчатая 

12.     Сібір жебірі -  Тимьян сибирскии 

13.   Маршалл жебірі - Тимьян  маршаловскии 

14.   Ірігүлді сайсағыз - Иссоп крупноцветковыи 

15.   Азия жалбызы -  Мята азиятская 

16.   Бұташық аяния - Аяние кустарничковая 

17.   Сантолин жапырақ жусан  - Полынь сантолинолистая 

18.   Мұз  жусан - Полынь холодная 

Осы  жоғарыда  келтірілген 18 және  қалған 20 түрлерінің  ресурстық 

сипаттамасы берілген                                            



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау