Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52

20 
0–5 минут 
Педагог математика  санауға, есеп шығаруға, өлшеуге 
үйрететінін айтады. Математикалық таңбаларды, 
белгілерді, фигураларды түсіндіреді. 
Өзектендіру. 
 Педагог: 
–  Өздеріңнің сүйікті ойыншықтарыңды атаңдар?–
дейді. 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырмадағы 
суретке қарауды жəне ойыншықтардың қайда тұрғанын 
айтуды ұсынады.  
 
Жаңалық ашу. 
(Ұ) Проблемалық жағдайды шешу үшін балалар заттың 
кеңістікте орналасуын сипаттайтын ұғымдарды білуі керек.  
Педагог балалардан: 
–Қандай шылаулар мен көмекші сөздер заттың орналасқан 
жерін сипаттауға мүмкіндік береді?– деп сұрайды. 
(Үстінде, астында, алдында, жанында, астында, бұрышта, 
ортасында жəне т.б.). 
Беттің төменгі жағында ойыншықтар қойылған сөре 
бейнеленген. Педагог балаларға бейнеленген 
ойыншықтарды бөлмеден тауып, олардың қайда 
орналасқанын айтуды ұсынады. Тапсырманы 
күрделендіруге болады: педагог ойыншықтардың 
орналасуын сипаттайды, ал балалар педагог қандай 
ойыншық туралы айтқанын табады. 
 
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңғы бетінде сергіту сəтінің нұсқалары берілген.) 
Əліппе-дəптер, 
Жиынтық 
полотно. 
16–25 
Жаңаны қолдану. 
(Т) Педагог үлестірмелі материалдағы №15-16 кестелерді 
қолданады. Балалар заттарды бөлмеде орналастырып, 
суреттегі заттардың, оның ішінде бір-біріне қатысты 
орналасуын (арасында, сол жақта, оң жақта, жоғарыда, 
төменде) түсіндіреді. 
Торкөз  қағаздың  бетінде  бағдарлай  білуін  бекіту  үшін 
балалар əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындайды.  
Бұл  үшін  қай  торкөзде  қандай  зат  орналасқанын  қарайды 
жəне үлгіге ұқсатып тиісті суреттері бар жапсырманы тор- 
көздерге жапсырады. Балалар торкөздердің санын санайды 
жəне  суреттегі  заттардың    орналасуына    сəйкес  олардың 
санау бағытын сақтайды.  
(Ө)  Төменде – өзіндік  жұмыс  үшін  шаршыларды  бояу 
ұсынылады.  
Келесі 3-тапсырмада балалар саусақтың ұсақ моторикасын 
дамытуға арналған тапсырманы орындайды, үлгі бойынша 
торкөздерді бастырып сызады.  
Əліппе-дəптер. 
Үлестірмелі 
материалдар, 
№15-16 
кестелер. 


21 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия. 
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог  түсіндіреді:  егер  қателіктер  көп  болса,  төменгі 
сатыда  көңілсіз  смайликті  салуға  болады.  Қателіктер  аз 
болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. 
Қателіктер  болмаса  жəне  бала  барлығын  жақсы  түсінсе, 
жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.  
 
Əліппе-дəптер 
 
 
№4  ҰОҚ.  Тақырыбы:  Менің  аулам.  Не 
қайда орналасқан? 
Мектеп/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.1.1.2.Кеңістікте  бағдарлау:  сол  жақ,  оң  жақ,  үстінде,  астында, 
алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында. 
 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, 
(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана 
отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын 
сипаттайды. 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
- орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс 
бағдарларын түсіндіреді,  педагогтің тапсырмасы бойынша оларды 
өзгертеді жəне сипаттайды. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-өзі сұрақ қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің 
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен 
терминологияны пайдалана алады. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, 
(арты), жақын, арасында, қасында. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
Араның  жолын қалай көрсету керектігін түсіндір.  
Аулада қандай заттар болуы мүмкін деп ойлайсың?  
Қандай шылаулар мен көмекші сөздер заттың орналасқан жерін 
сипаттауға мүмкіндік береді?  
Жазу:  
Үзік сызықтар бойынша  бастырып жазу. 
Алдыңғы білім 
Заттардың кеңістікте орналасу туралы алғашқы білімі, 
геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. 


22 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог тəрбиеленушілерден өздерінің аулалары туралы 
əңгімелеп берулерін сұрайды. 
Өзектендіру. 
Педагог балаларға: 
–  Аула дегеніміз не? 
–  Өз аулаларыңды сипатта. 
–  Аулада уақытты қалай өткізесіңдер?– деген 
сұрақтар қояды. 
 
Ортасы 
6–15 минут 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ) Балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы орындау 
ұсынылады. 
Педагог балаларға: 
– Суретте не бейнеленген? 
– Алаңдағы заттардың орналасуын сипаттап беріңдер?–
деген сұрақтар қояды. 
Жаңалық ашу. 
(Ұ) Мəселені шешу үшін балаларға сол жақ, оң жақ, 
үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, 
арасында, қасында жəне т.б. шылаулар мен көмекші 
сөздерді пайдалану ұсынылады.  
Педагог «Затты тап» ойынын ұйымдастыра алады. 
Алдымен педагог жасырылған заттың атауын атамай, 
орналасуы туралы өзі айтып береді. Мысалы, «мен бір 
затты жасырдым, ол суреттің жоғарғы оң жақ бұрышында 
орналасқан, оның артында велосипед тұр». Ол – қолшатыр. 
Одан кейін балалар заттарды жасырып, өз тапсырмаларын 
қалғандарға жасырады. 
Сергіту сəті. 
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың 
соңын қараңыз.) 
Əліппе-дəптер. 
Жиынтық 
полотно. 
16–25 минут 
Жаңаны қолдану. 
(Ө)  Педагог  балаларға  əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы 
орындауды ұсынады. Балалар суреттегі қыздардың оң қолы 
қайсысы екенін анықтайды, əр қыздың оң қолына шардың 
суретін салады.  
(Ө) Қағаздың бетінде бағдарлай білуін бекіту үшін балалар 
əліппе-дəптердегі 3-тапсырманы  орындайды,  бағыттардың 
ұсынылған  ауысу  кезектілігін  сақтай  отырып,  араның 
жолын салады.  
(Ұ) Ұқсас жұмысты №4 электрондық жиынтық полотноны  
қолданып жүргізуге болады. Педагог (немесе балалар) ара 
мен гүлдерді алаңдарда орналастырып, ненің қайда 
орналасқаны, араның гүлге қалай жетуі керек екені туралы 
айтады.  
(Ө)  Келесі 4-тапсырма  саусақтың  ұсақ  моторикасын 
дамытуға  бағытталған,  балалар  суретті  нүктелер  бойынша 
Əліппе-дəптер. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау