Қарапайым математикалық ҰҒымдарды қалыптастыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет42/52
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13421
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52

125 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдарды оқиды жəне заттар 
тобын санау арқылы есептерді шешуді түсіндіреді. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-есеп, мысал, қосу, алу. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Есептердің шешуін жазу үшін қандай таңбаны таңдайтыныңды 
айт, неге? 
– Мысалдарды жазуға қандай таңбалар көмектескенін түсіндіре 
аласыңдар ма?  
– Сен мысалдарды түрліше оқи аласың ба? 
Жазу: 
сандарды толықтырып жапсыр, сандарды қорша, жаз жəне т.б. 
Алдыңғы білімі 
Қосу жəне азайту, заттар топтарын санау жəне салыстыру. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог  қандай  өнімдер  сүт  өнімдеріне  жататынын 
айтады.– Балалар нені жақсы көреді?  
Сондай-ақ  «Сүт  өнімдері  қайдан  алынады?»  деген 
тұсаукесерді  немесе  сүт  өнімдері  жайлы  кішкентай 
кітапшаны ұсынуға болады.  
Өзектендіру. 
ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог «Сүт өнім-
дері дүкені» ойынын ұсынады.  
Жұмыс алдыңғы ҰОҚ-не ұқсас құрылады.  
Дүкен  ойынын  ойнау  үшін  Сөреге    қойылатын  азық-
түліктен босаған ыдыстарды əкелуді ұсыныңыз.  
Есептерді ауызша шешу үшін жағдаяттар жасауға болады. 
 
Сүт өнімдерінің 
фотосуреттері 
Ортасы 
6–15 
Мақсат қою (проблемалық жағдай). 
(Ұ)Бүгін біз сүт өнімдері туралы есептер мен мысалдарды 
шешеміз.  
Үйренгенді қолдану. 
(Ұ) Педагог балаларға 1- тапсырманы орындауды ұсынады.  
Балалар жауабы 6 болатын мысалдар бойынша өнімдерді 
таңдайды.  
Содан кейін дүкен ойынының жалғасы ретінде сүт өнімдері 
туралы өздерінің бір мысалын құрастыруға болады.  
Педагог сұрақтар қояды: 
– Есептердің шешуін жазу үшін қандай таңбаны 
таңдайтыныңды айт, неге? 
– Мысалдарды жазуға қандай таңбалар көмектескенін 
түсіндіре аласыңдар ма?  
– Сен мысалдарды түрліше оқи аласың ба? 
– Өнімдерді жіктеу мысал құрастыруға көмектеседі.  
– Қанша өнім салынған?  
– Қайсысы артық? 
Əліппе-дəптер, 
санайтын 
материал 


126 
– Оны алып тастаймыз. Саусағымызбен жабамыз. Қаншасы 
қалды. Цифрлар мен таңбалар тілінде қалай жазуға 
болады?  
16–25 
Үйренгенді қолдану жəне іскерлікті түзету. 
 (Ж) 2-тапсырмадағы цифрды  өз бетінше бастырып 
жазады. 
– Басқалармен салыстырғанда, бұл сан сол жаққа қарай 
ығысқан. Педагог қадамдарды айтады. 
1-қадам. Шамамен торшаның жоғарғы оң қабырғасының 
ортасынан бастап төмен түсе отырып, сопақша сызық сыза 
бастаймыз. Біртіндеп сопақша сызығын төменгі сол жақ 
бұрышқа қарай жалғаймыз. 
2-қадам. Төменгі сызықтан жоғары қарай, орталық бөлікке 
көтеріліп, жартылай сопақшаны дөңгелентіп, сызуды 
аяқтаймыз. Сопақшаны тұйықтаймыз. Бұл санды сызған 
кезде қалам қағаздан ажыратылмайды. 
(Ж) 3-тапсырманы орындау ұсынылады.  
Педагог  балалар əкелген ыдыстарды пайдаланады. 
Топтардың əрқайсысына  6 бос қораптан үлестіріп, оларды 
2 себетке (сөмкеге) түрліше орналастыруды сұрайды. 
Нұсқалардың əрқайсысы қосуға арналған есеп ретінде 
тіркеледі.  
(Ө) 4- тапсырманы орындау ұсынылады. 
Əліппе-дəптер, 
жиынтық 
полотно. 
Үлестірмелі 
материалдар 
Рефлексия 
26–30 
 
Рефлексия.  
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. 
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы 
бағалауды ұсынады. 
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі 
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. 
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті 
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын 
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті 
салуға болады. 
 
Əліппе-дəптер
 
 
 
 
№54 ҰОҚ. Тақырыбы: Пайдалы азық-
түліктер. Есептер мен мысалдарды 
шығарамын. 
МЕКТЕП/МҰ: 
Күні: 
Педагогтің аты-жөні: 
Мектепалды сынып/топ 
Қатысушылардың саны:  Қатыспағандардың 
саны: 
Оқыту мақсаттары 
0.4.1.3.Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен 
тапсырмаларды шешу. 
Күтілетін 
нəтижелер 
Барлық тəрбиеленушілер: 
-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдарды оқиды жəне заттар 
тобын санау арқылы есептерді шешеді. 


127 
Көптеген тəрбиеленушілер: 
-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды 
шешу. 
Кейбір тəрбиеленушілер: 
-қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады жəне 
содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді. 
Тілдік мақсаттар 
Дағдыларын дамыту: 
-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдарды оқиды жəне заттар 
тобын санау арқылы есептерді шығаруды түсіндіреді. 
Пəндік лексика жəне терминология: 
-есеп, мысал қосу, алу. 
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: 
– Есептердің шешуін жазу үшін қандай таңбаны таңдайтыныңды 
айт, неге? 
– Мысалдарды жазуға қандай таңбалар көмектескенін түсіндіре 
аласыңдар ма?  
– Сен мысалдарды əртүрлі оқи аласың ба? 
Жазу:  
-сандарды толықтырып жапсыр, сандарды қорша, жаз жəне т.б. 
Алдыңғы білім 
Қосу жəне азайту,заттар тобын санау жəне салыстыру. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған іс-əрекет 
  Ресурстар 
Басталуы 
0–5 минут 
Ынталандыру. 
Педагог балаларға дастарқан басындағы əдептілік 
ережелері мен пайдалы азық-түлік өнімдерінің тізімін 
жасауды ұсынады. 
Мысалы: 
  Өзіңді мəдениетті, бірқалыпты ұста, шулама, 
айқайлама, жүгірме, ойын ойнама, қоқыс тастама. 
  Асханаға сырт киіммен жəне бас киіммен келуге, 
сондай-ақ сағыз əкелуге тыйым салынады. 
  Үстелдің басына отырғанда портфель, сөмке, арқа 
сөмкесін шешіп, бос орындыққа қой. 
  Басқа оқушыларға тиесілі қандай да бір затты 
пайдалануға тыйым салынады. 
  Тамақ ішкен кезде асығуға, сөйлеуге, алаңдауға 
болмайды. 
  Тамақтанудан бұрын қолды жуу керек, бұл ретте 
суды дұрыс пайдалану қажет. 
  Электр қуаты мен суды үнемде, жарық пен су 
крандарын уақтылы жап. 
Өзектендіру. 
Педагог 
«Асханада» 
немесе 
«Кафеде» 
ойынын 
ұйымдастырады.  
Пластмасса  муляждардың  көмегімен  есептерге  арналған 
жағдайлар  құрылады,  олар  бойынша  карточкалардың 
көмегімен мысалдар жазылады. 
–Есеп шешімін жазу үшін қандай белгіні таңдайтындарың 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау