В данном дипломном проекте сделан анализ работы центра обработки



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет26/32
Дата14.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#13267
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

73 

Осылардың    нәтижесінде  оператордың  жұмыс  орнының  эргономикасы, 

гигиенасы,  еңбегін  ұйымдастыру,  еңбек  және  демалыс  уақытын  дұрыс  бөлу 

мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 

Қазіргі  кезде  бірде-бір  компания  компьютердің  көмегінсіз  жұмыс 

жасамайды,  компьютерлік  техника  адамның  барлық  дерлік  қызметінде 

қолданылады.  Әрине,  компьютерлік  техникамен  жұмыс  жасау  кезінде  адам, 

адам денсаулығына әсер ететін қатерлі және зиянды өндірістік моменттердің 

әсеріне  душар  болады.  Осылардың  бірі  болып  электромагниттік  өрістер 

факторлары  (келесі  жиіліктер  диапазоны:  ЖЖ,  УЖЖ,  СЖЖ),  инфрақызыл 

және иондайтын сәулелену, шулар мен дірілдер, статикалық электр тоғы және 

т.б. болуы мүмкін.   

Компьютерде  жұмыс  анағұрлым  ақыл-ой  қарбаластығымен  және 

операторға  эмоционалды  жүктемемен,  жоғары  көру  қарбаластығымен  және 

арқа  мен  қол  бұлшықеттеріне  біраз  үлкен  жүктемемен  сипатталады.  Дұрыс 

құрылған  оператордың  жұмыс  аймағы  және  онда  элементтердің  дұрыс 

орналасуы үлкен рөл атқарады.  

Еңбек және демалыс тәртіптемесі ережесін сақтау өте маңызды. Өйткені 

ұзақ,  үздіксіз  жұмыс  кезінде  операторда  көру  аппаратының  қарбаласуы,  бас 

ауруы,  қажу,  шаршау,  белдің,  мойынның  және  қолдардың  қатты  ауруы, 

тітіркенгіштік  байқалады,  нәтижесінде  жұмыспен  қанағаттанбаушылық 

шағымдары пайда болады.  



4.2 Өндірістік орындарға қойылатын талаптар 

4.2.1  Бояу  және  шағылу  коэффициенттері.  Бөлмелерді  бояу  және 

оператордың  жұмыс  аймағындағы  жиһаздың  орналасуы  жұмыс  үшін 

жағымды  жағдай  жасайды  және  оператордың  көтеріңкі  көңіл  күйде  болуын 

қамтамасыз  етеді.  Олардың  жұмысы  белсендірек,  ауырырақ  және  аз  емес 

ақыл-ойлық,  эмоционалды,  физикалық  энергияны  талап  етуші  болды. 

Осылардың    нәтижесінде  оператордың  жұмыс  орнының  эргономикасы, 

гигиенасы,  еңбегін  ұйымдастыру,  еңбек  және  демалыс  уақытын  дұрыс  бөлу 

мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 

Экран  бетінен  шағылатын  жарық  көздері  (терезелер,  шамдар)  дәлдікті 

айтарлықтай  төмендетеді  және  физикалық  сипаттағы  кедергілерді  тудырады. 

Олар  оператордың  жағдайына  әсер  етуі  мүмкін,  әсіресе  ұзақ  уақыт  жұмыс 

жасаған  кезде.  Қойылған  ережелерге  сәйкес  барлық  шағылулар  минимумға 

дейін  азайтылуы  керек.  Терезелердің  орналасуына  сәйкес  қабырғалардың 

және еденнің келесі бояуларға боялуы ұсынылады: 

- терезелер  оңтүстікке  бағытталған:  қабырғаларды  жасыл-көкшіл  түске 

немесе ақшыл-көк түске, ал еденді жасыл түске бояған дұрыс; 

- терезелер  солтүстікке  бағытталған:  қабырғаларды  ақшыл  түстерге, 

мысалы ақшыл-сарғылт түске, ал еденді қызғылт-сарғылт түске бояған дұрыс; 

- терезелер  шығысқа  бағытталған:  қабырғаларды  ақшыл-сарғылт  түске, 

ал еденді қызғылт-сарғылт түске бояған дұрыс; 




74 

- терезелер  батысқа  бағытталған:  қабырғаларды  сары-жасыл  түске,  ал 

еденді жасыл немесе қызғылт-сарғылт түске бояған дұрыс. 

Компьютерлік 

техника 

орналасқан 

бөлмелер 

үшін 


шағылу 

коэффициенттері келесідей болуы керек: қабырғалар үшін 60-70%, еден үшін 

30%, ал басқа беттерге, жиһазды қоса шамадай 30-40%.  

4.2.2 

Жарықтандыру.  Еңбекті  ұйымдастыру  кезінде  тіршілік 

қауіпсіздігіне  қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі  жарықтандыру  болып 

табылады.  Әдетте  еңбек  өнімділігі  үшін  дұрыс  жобаланған  жарықтандыру 

қажет.  Ол  оператордың  көру  жұмыс  жағдайын  жақсартады,  шаршауды 

азайтады,  жұмыс  аймағына  жағымды  әсер  етеді,  операторға  оңтайлы 

психологиялық  әсер  етеді,  еңбек  қауіпсіздігін  жақсартады  және  өндірістік 

жарақат алу деңгейін азайтады.  

Мезгілсіз шаршау, көздердің қажуы және назардың әлсіреуі жеткіліксіз 

жарықтандыру кезінде пайда болады. Тым жарықтандыру да жағымсыз болып 

табылады.  Ол  соқырлықтың,  көздердің  тітіркенуінің  және  ауруының  пайда 

болуына  әкеп  соқтырады.  Жұмыс  орнында  жарықты  дұрыс  орнату  және 

бағыттауды  білу  өте  маңызды  болып  табылады.  Дұрыс  емес  бағытталған 

жарық  өткір  көлеңкелердің  және  жарықтың  бұлдырлаудың  пайда  болуына 

әкеп  соқтырады.  Жоғарыда  айтылған  барлық  себептер  қайғылы  оқиғаның 

себебі  болуы  мүмкін  немесе  өндірістік  ауруларға  әкеп  соқтыруы  мүмкін. 

Сондықтан жарықтандыруды санай білу өте маңызды болып табылады.  

Жарықтандырудың үш түрі бар: 

- табиғи жарықтандыру; 

- жасанды жарықтандыру; 

- қиылыстырылған, яғни табиғи және жасанды бірге.  

 Табиғи  жарықтандыру  бұл  –  күндізгі  жарықпен  терезелер  арқылы 

бөлмелердің  бөгеттеуші  құрылымындарына  кіретін  жарықтандыру.  Табиғи 

жарықтандырудың сипаттамалары күннің уақытына және аймақтың сипатына 

өте тәуелді, өйткені кең шектерде ауысады.  

Экран  бетінен  шағылатын  жарық  көздері  (терезелер,  шамдар)  дәлдікті 

айтарлықтай  төмендетеді  және  физикалық  сипаттағы  кедергілерді  тудырады. 

Олар  оператордың  жағдайына  әсер  етуі  мүмкін,  әсіресе  ұзақ  уақыт  жұмыс 

жасаған  кезде.  Қойылған  ережелерге  сәйкес  барлық  шағылулар  минимумға 

дейін азайтылуы керек. 

Жасанды  жарықтандыруды  әдетте  күннің  қараңғы  уақыттарында  және 

табиғи  жарықтандырудың  нормаланған  мәндері  жеткіліксіз  болған  кезде 

қолданады.  Жарықтандырудың  4  түрі  болады:  жұмысшы,  эвакуациялық, 

апаттық  және  қорғаныстық.  Жұмыстық  жарықтандыру  жалпы  және  құрама 

болуы  мүмкін.  Жалпы  жарықтандыру  кезінде  шамдар  бөлменің  жоғарғы 

жағында  (төбесінде)  біркелкі  немесе  жабдықтармен  бірігіп  орналасады. 

Құрама  жарықтандыру  кезінде  жалпы  жарықтануға  қосымша  жергілікті 

жарықтану қосылады. СНиП II-4-79 бойынша есептеу орталығы бөлмелерінде 

құрама жарықтандыруды қолдану міндетті болып табылады.  




жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау