Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет16/17
Дата14.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#13053
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 

 

 



 

44 


 

1 Басқару шешімдерінің мәні. Менеджмент процесіндегі шешімнің рӛлі. 

2 Шешімдер қабылдайтын орта. 

3 Шешім сапасына әсер етуші 

4 Басқару шешімінің классификациясы. 

5 Басқару шешіміне қойылатын талаптар. 



 

 

Ұйымдастуры  шешімдерін  қабылдайтын  және  оларды  басқа  адамдар  арқылы 



жүзеге асыратын адамдарды ғана менеджер дей аламыз.  

 

Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас 



бӛлігі.  Шешім  қабылдау  қажеттігі  басқарушының  алға  қойған  мақсатының  қалыптасуы 

мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.  

 

Кез  келген  басқару  ӛнерін  игерем  деген  адам  үшін,  шешім  қабылдау  табиғатын 



түсіну,  аса  маңызды  мәселе.  Осы  мәселелерге  кӛмек  ретінде  басқарушылардың  шешім 

қабылдау    түрлерін,  қолданылатын  тәсілдерін,  осы  үрдістің  тиімділігін  арттырудағы 

негізгі факторларға кӛңіл аудару қажеттілігін қарастырамыз.  

 

Шешім  қабылдау  үрдісінің  табиғаты.  Шешім  қабылдау  басшы  жұмысындағы 

түбегейлі процеура, ол басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтаймыз. 

 

Адамдардың  есейе  келе  тәжірибе  жүзінде  шешім  қабылдау  үрдісін  ұғына  алмауы 



мүмкін емес. Қатынас  қабілеті  сияқты, шешім қабылдау қабілеті  де бірте-бірте тәжірибе 

жүзінде  дамитын  ептілік.  Біздің  әр  біреуіміз  күніне  жүздеген,  ал  ӛмір  бойына  мыңдаған 

шешімдерді қабылдайымыз.  

 

Шешім – дегеніміз бұл баламаны таңдау.  

 

Балама – мүмкін болған екі ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.  



 

Жеке  ӛмірде  шешім  қабылдауға  қарағанда,  басқарудағы  шешім  қабылдау  -  ӛте 

қатаң  жүйеленген  үрдіс.  Жеке  адамның  жеке-дара  таңдауы  алдымен  ӛз  ӛміріне  және 

онымен  қарым-қатынаста  жүрген  адамдарға  байланысты  болады.  Менеджер  іс-қимыл 

бағытын тек ӛзі үшін ғана емес, сонымен бірге,  ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшін де 

таңдайды.  Ірі  ұйымдардың  жоғарғы  деңгейдегі  басшылары  миллиондаған  шешімдер 

қабылдайды.  

 

Кӛңіл  аударарлық  мәселе  –  басқару  шешімдері  жетекші  қабылдаған  шешімдер 



арқылы жұмыс жасайтын адамдардың жеке ӛмірінеде ықпал етуі мүмкін. 

 

Ұйымдық шешім:  



 

Коммуникациялық  үрдіс  сияқты,  шешім  қабылдау  да  басқарудың  барлық 

аспектілерінен орын алады.  

 

Профессор  Фрэен  Хариссон  былай  деген:  «Шешімдер  қабылдау  –  бұл  кез  келген 



бағыттағы басқарудың интегралдық бӛлігі». 

 

Шешім  қабылдау  бейнесінде  Минцберг  басшының  тӛрт  кейіпте  болатынын  атап 



кӛрсеткен: кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің бұзылуын жӛндеуші, ресурстарды бӛлу 

маманы және келісімдерді жүргізуші маман.  

 

Әрбір басшы маман осы бейнелер арқылы ӛз жұмысын толықтырып отырады.  



 

Әрбір  басқару  қызметі  ӛмірде  жүзеге  асыруды  талап  ететін  жалпылама  және 

тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен байланысты.  

Жоспарлау.  

1.  Сіздің бизнесіңіздің табиғаты қандай және оның жоғарғы мақсаты неде?  

2.  Сіздің мақсатыңыз қандай болуы керек?  

3.  Сыртқы  ортада  қандай  ӛзгерістер  болуы  және  олар  ұйымдарға  қалай  әсер  етуі 

мүмкін? 


4.  Қолайлы  мақсатқа  жету  үшін  қандай  стратегияны  немесе  тактиканы  таңдап  алу 

керек? 



 

 

 



 

45 


 

Қызметті ұйымдастыру. 

1.  Ұйым жұмысын қандай үлгіде құру керек? 

2.  Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек? 

Ынталандыру. 

1.  Менің бағыныштыларымның мұқтыжы неде? 

2.  Ұйым мақсатына жету үшін бұл мұқтаждықтар қалай қанағаттандырылады? 

3.  Ӛнімнің кӛбеюіне және жұмысшылардың жұмыспен қанағаттануына не әсер етеді? 

Бақылау. 

1.  Жұмыс нәтижесін ӛлшеуді қалай қадағалау керек? 

2.  Қорытынды қалай бағаланады? 

3.  Мақсатқа жету үшін қаншалықты еңбек сіңірдік? 



Ұйымдық шешім дегеніміз – лауазымды адамдардың ӛздеріне берілген міндеттерді 

орындау  үшін  таңдай  білу  қабілеттілігінің  болуы.  Оның  мақсаты  ұйымның  алдында 

тұрған  мәселелерқозғалысын  қамтамасыз  ету.  Сондықтан да  тиімді  ұйымдық  шешім  деп 

қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.  

Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп бӛлуге болады.  

Бағдарланған шешім – математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қадам мен 

қимылдың белгілі бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс 

қимылдың айқын, белгілі бір қисынға сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы.  

Бағдарлау  –  тиімді  ұйымдық  шешімдер  қабылдаудың  кӛмекші  құралы. 

Шешімдердің қабылдануына қарай басшылар кемшіліктерді жояды. 

Бағдарланбаған  шешімдер.  Мұндай  шешімдер  белгісіз  фактормен  ілесе  жүретін 

анықталған  ӛлшемде,  жаңа  болатын  жағдайларда  талап  етіледі.  Сол  себепті  қажетті 

қадамдардың нақтылы реттілігін алдын ала құру мүмкін емес.  

Бағдарланған  шешімдер  қатарына  мына  типтегі  шешімдер  жатады:  ұйым 

мақсаттары  қандай,  ӛнімді  қалай  жақсартуға  болады,  бӛлімшенің  құрылымын  қалай 

жетілдіру қажет, бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.  

Келісімдер.  

Басқару мәселелерін зерттеу жӛнінде маман ретінде Роберт Кац былай деді:  

«Әрбір  шешім  аса  қайшылықтарды,  мақсаттарды  және  белгілерді  теңгеруі  керек. 

Ол  кӛзқарас  жағынан  үйлесімдіден  тӛмен  болады.  Ұйымдарға  әсерін  тигізетін  әр  бір 

шешім  немесе  таңдаулар  оның  қайсы  бір  бӛлігінде  негативтік  салдар  ретінде 

қарастырылады».  



Пікірлерге  негіделген  шешімдер.  Мұндай  шешімдер  кейде  интуициялық  болады, 

сондықтан олардың қисыны да айқын емес.  

Пікірлерге  негізделген  шешімдер  –  білім  немесе  жинақталған  тәжірибе  арқылы 

келісілген  таңдау.  Пікір  ұйымдық  шешімнің  негізі  ретінде  ғана  пайдалы.  Сол  үшін 

ұйымдарда кӛптеген жағдайлардың жиі қайталану тенденциясы бар.  

Басқарушылық  шешімдерді  жіктеудің  елеулі  белгілеріне  мыналарды  жатқызу 

керек:  

1.  шешілетін мәселелерді қамту дәрежесі (ауқымдылығы); 

2.  қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуының ұзақтығы; 

3.  қабылданған шешімдердің ықпал ететін объектісі

4.  шешімдердің функциялық сипаты.  

Шешілетін  мәселелердің  ауқымдылығы  жағынан  басқарушылық  шешімдердің 

жалпы және жеке түрлері  бӛлініп кӛрсетіледі.  Жалпы  шешімдерге жататындар – тұтас 

алғанда  бүкіл  шаруашылыққа  қатысты  шешімдер.  Жеке  шешімдерге  жататындар  - 

ӛндірістің  жекелеген  жақтарын,  қызметкерлердің  жекелеген  топтарын  қамтитын 

шешімдер.  




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау