қосылады. Көзілдіріктер қосылғаннан кейін линзалар қарайып
кетуі мүмкін немесе кескіннің жыпылықтауы мүмкін.
Егер 3D режимінде нақты сурет көрсетілсе, бұл параметрлерді
орнату үрдісінің аяқталғанын жəне 3D фильм мазмұнын көруге
дайын екеніңізді білдіреді!
ЕСКЕРІМ:
3D Фильм технологиясы жəне бөлмені жарықтандыру
жұмыс жасайтын жиіліктердің əртүрлі болуы суреттің
жыпылықтауына əкелуі немесе көзілдіріктер жұмысына кедергі
жасауы мүмкін. Оны болдырмау үшін, бөлмедегі шамдардың
жарықтығын азайту немесе өшіру қажет.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Егер сіз 3D мазмұнын көре алмасаңыз, 3D
көзілдіріктерін шешіп, 3D Фильм технологиясын пайдалануды
тоқтатыңыз. Егер стереоскопиялық 3D режимінде көру кезінде
физикалық проблеманы сезінсеңіз, 3D қауіпсіздігі туралы
ақпарат бөлімін қараңыз жəне дəрігерге барып көріңіз.
3D Фильм технологиясын пайдалану
19
3D пішімдерін түсіну
Мына 3D пішімдері компьютерде жұмыс істейді:
●
Blu-ray 3D фильмдері
●
Стереоскопиялық 3D ойындары
●
3D пішімінде ойнатуға арналған 3D MPEG 4 MVC файлдары
●
3D пішімінде ойнатуға арналған 3D H.264 MVC жəне Fujifilm AVI
қос ағынды бейне файлдар пішімдері
●
3D пішімінде фотосуреттерді көруге арналған 3D Fujifilm MPO
файлдары
ЕСКЕРІМ:
3D ойнату функциясы тек толық экранды режимде жұмыс
істейді.
20
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
CyberLink PowerDVD бағдарламалық құралын
пайдалану
CyberLink PowerDVD құралында 3D Blu-ray DVD дисктерін, 3D бейне
файлдарын жəне түпнұсқалық 3D фотосуреттерін ойнатуға қолдау
көрсетіледі. Түпнұсқалық 3D Blu-ray DVD дискісін салған немесе
түпнұсқалық 3D бейне не фото файлын ойнатқан кезде, егер 3D
режимі қосылған болса, файл 3D пішімінде автоматты түрде
ойнатылады.
Ойнату кезінде жақсартылған стереоскопиялық 3D пішімінде көруге
арналған 3D конфигурациясының параметрлерін қолмен реттей
аласыз. CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы
ақпаратты бағдарламалық құралдың анықтамасынан қараңыз.
▲
CyberLink PowerDVD бағдарламасын бастау үшін, Пуск (Бастау)
> Все программы (Барлық бағдарламалар) > CyberLink
PowerDVD тармақтарын таңдап, CyberLink PowerDVD
басыңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламалық құралын пайдалану
21
3D ойындарын ойнату
3D ойындарын компьютеріңізді TriDef 3D Experience Ignition ойындар
ойнатқышын пайдалану арқылы ойыната аласыз.
▲
Ойындар ойнатқышын пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > TriDef
3D > TriDef 3D Ignition тармақтарын таңдаңыз.
3D мазмұнын 3D теледидарынан көру
HDMI 1.4 қосқышы Blu-ray 3D фильмдерін сыртқы 3D HDTV немесе
3D проекторыннан (бөлек сатып алынады) ойнатуға мүмкіндік
береді. Мазмұнды 3D теледидарынан көру үшін, компьютер тек қана
Проектор режиміне орнатылып, жылдамдығы жоғары HDMI кабелі
арқылы теледидарға жалғанған болуы тиіс. Компьютермен емес,
теледидармен жеткізілетін 3D көзілдіріктерін пайдалануыңыз тиіс.
ЕСКЕРІМ:_Тек_қана_шахмат_тақтасы,_қатарлар_алмасатын_жəне_HDMI_1.4_уақыт_тізбектілігі_сияқты_3D_теледидар_түрлеріне_қолдау_көрсетіледі._ЕСКЕРІМ'>ЕСКЕРІМ:
Тек қана шахмат тақтасы, қатарлар алмасатын жəне
HDMI 1.4 уақыт тізбектілігі сияқты 3D теледидар түрлеріне қолдау
көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ:
3D пішімінде фотосуреттер мен бейнелерді тек қана
компьютер дисплейінен ойнатуға болады.
22
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
3D көзілдіріктеріне күтім көрсету
Саптамаларды пайдалану
3D көзілдіріктерінің өлшемі түрлі 3 саптамасы бар. Саптамалардың
біреуі зауытта орнатылады жəне басқа екі қосымша саптама
көзілдіріктермен бірге жеткізіледі. Көзілдіріктерді киіп көріңіз жəне,
егер қажет болса, дұрыс өлшемді саптаманы таңдау үшін оларды
ауыстырыңыз. Егер қажет болса, саптамасыз көзілдіріктерді киюге
болады.
ЕСКЕРІМ:
3D көзілдіріктері стандартты рецепт бойынша берілетін
көзілдіріктерге ұқсас жасалады.
▲
Саптаманы қосу үшін оны көзілдіріктерге енгізіңіз. Саптаманы
алу үшін оны көзілдіріктерден тартып алыңыз.
3D көзілдіріктеріне күтім көрсету
23
Батареяны ауыстыру
3D көзілдіріктеріндегі батарея батарея бөліміне алдын ала
орнатылып келеді жəне ол шамамен 180 сағаттық 3D көруін
тамашалауға мүмкіндік береді. НР компаниясы батареяны жылына
бір рет ауыстыруға кеңес береді. Көзілдіріктерді бір жыл ішінде күту
күйінде сақтауға болады. 3D көзілдіріктерінде жалпы CR2032 типті
батарея қолданылады. Бұл батареяларды ауыстыру оңай жəне
оларды батареялар сатылатын орындардан сатып алуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Батареяны тек CR2032 типті батареяға ғана
ауыстырыңыз. Басқа батареяны пайдалану өртке немесе жарылысқа
əкелуі мүмкін.
Пайдаланыстан шыққан батареяны жергілікті талаптарға сəйкес
жəне дер кезінде қоқысқа тастаңыз. Батареяны балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Батареяны ауыстыру:
1.
Батарея бөлімінің қақпағын (1) төмен жылжытып, қолданылған
батареяны (2) алып тастаңыз.
24
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
2.
Жаңа батареяны (1) оң (+) жағын батарея бөлімінің қақпағына
қаратып мұқият енгізіңіз, одан кейін батарея бөлімінің қақпағын
(2) орнына орналастырыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Көзілдіріктерге зақым келтірмеу үшін, батареяны
енгізу кезінде сақ болыңыз.
3D көзілдіріктерін тазалау
Дақтар мен талшықтарды жою үшін 3D көзілдіріктерін жұмсақ, сулы,
түксіз матамен қажетінше тазалаңыз. Матаны 10 пайыздан аспайтын
спирті бар жеңіл тазалағыш заттарға сулауға болады.
ЕСКЕРТУ:
3D көзілдіріктеріне қатты зақым келтірмеу үшін
Қағаздан жасалған орамалдар линзаларға сызат келтіргендіктен
оларды пайдаланбаңыз.
Тазалағыш сұйықтықтар мен химиялық заттарды линзаларға тікелей
шашыратпаңыз.
Құрамында аммиак бар тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз.
3D көзілдіріктеріне күтім көрсету
25
Достарыңызбен бөлісу: |