жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қайта енгізу қажет болған
кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Экран суретін жасау үшін мынаны орындаңыз:
1.
Сақталатын экранды көрсетіңіз.
2.
Экран суретін көшіру:
Тек белсенді терезенің суретін көшіріп алу үшін,
alt+fn+prt sc
пернелер тіркесімін басыңыз.
Экранның толық суретін көшіру үшін,
fn+prt sc
пернелер
тіркесімін басыңыз.
3.
Мəтіндерді өңдеу құжатын ашып, Правка (Өңдеу) > Вставить
(Қою) пəрменін таңдаңыз. Экран суреті құжатқа сақталады.
4.
Құжатты сақтап, басып шығарыңыз.
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану
Нұсқаулар:
●
Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің
айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз.
●
Сақтық көшірме жасау үрдісін аяқтауға қажет уақыт беріңіз.
Файлдар өлшемдеріне байланысты оған бір сағаттай уақыт
алуы мүмкін.
Сақтық көшірме жасау үшін
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное
копирование и восстановление (Сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Windows® жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту
үшін пайдаланушы жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды.
Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау
үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша
мəлімет алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау)
тармағын қараңыз.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
85
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін
белгілі бір сəтте сақтауға жəне атын беруге мүмкіндік береді. Егер
енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз, осы нүктеге
дейін қалпына келтіре аласыз.
ЕСКЕРІМ:
Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы
қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері сақталған
деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта
хабарламаларына əсер етпейді.
Сонымен қатар, файлдар мен параметрлерді жоғары деңгейде
қорғау үшін бастапқы қалпына келтірудің қосымша нүктелерін жасай
аласыз.
Бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау уақыты
●
Бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе
өзгертпес бұрын
●
Мерзімді түрде, компьютер тиімді түрде жұмыс істеп отырған
кезде
ЕСКЕРІМ:
Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан
кейін шешіміңізді өзгертсеңіз, қалпына келтірудің күшін жоюға
болады.
Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система
(Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сол жақ аумақта Защита системы (Жүйені қорғау) параметрін
таңдаңыз.
3.
Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
86
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Алдыңғы күнге жəне уақытқа дейін қалпына келтіру
Бастапқы қалпына келтіру нүктесіне (алдыңғы күні мен уақытта
жасалған) компьютер тиімді түрде жұмыс істеген кезде қайтару үшін
төмендегі қадамдар орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система
(Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын
таңдаңыз.
3.
Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4.
Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру) түймешігін
басыңыз.
5.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
87
8
Тұтынушыларды қолдау
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
●
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу
●
Жапсырмалар
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен
байланысу
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының
анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау
бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP
тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы
хабарласуға болады:
http://www.hp.com/go/contactHP
ЕСКЕРІМ:
Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін беттің сол
жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем
бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html
торабына
кіріңіз.
Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
●
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРІМ:
Белгілі бір тілде техникалық қолдауға байланысты
сөйлесу мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады.
●
HP тұтынушыларды қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
●
HP Тұтынушыларды қолдау орталығының ғаламдық телефон
нөмірлерін табу.
●
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
88
Бап 8 Тұтынушыларды қолдау
Достарыңызбен бөлісу: |