Бағдарламалық құрал терминдері


Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру



жүктеу 3,49 Kb.
Pdf просмотр
бет16/18
Дата14.05.2018
өлшемі3,49 Kb.
#12808
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның
бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік береді. Recovery
Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру дискілерінен,
қалпына келтіру флэш-жадынан немесе қатты дискідегі арнайы
қалпына келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді. 
ЕСКЕРІМ:
Жүйені қалпына келтіруді компьютердің қатты дискінде
ақаулық орын алған жағдайда немесе компьютердің қызмет ету
мəселелерін шешу əрекеттері нəтиже бермегенде орындау қажет.
Жүйені қалпына келтіру компьютер ақаулықтарын жөндеудің соңғы
əдісі ретінде қолдынылғаны жөн.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты
есіңізде сақтаңыз:

Бұрын сақтық көшірме жасалған жүйені ғана қалпына келтіре
аласыз. НР компаниясы компьютеріңізді орнатқаннан кейін
қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық
құралын пайдалануды ұсынады.

Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу
мүмкіндіктері бар. Егер бұл мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз,
Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын оларды сынап
көріңіз.

Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді. Осы
компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші
қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
81


Қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру (тек
таңдаулы үлгідерде)
Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің,
музыканың жəне басқа да аудио файлдардың, бейнелердің,
фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының, құжаттардың,
электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта
хабарларының, Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне
параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға болады.
Компьютерді қалпына келтіру бөлімінен қалпына келтіру үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске
қосыңыз:

Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Recovery Manager > Recovery Manager тармақтарын
таңдаңыз.
– немесе –

Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз
жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for
Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, 
esc
 пернесін
басыңыз. «F11 (System Recovery)» (F11 (Жүйені қалпына
келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде 
f11
 пернесін
басыңыз.
2.
Recovery Manager терезесінде Восстановление системы
(Жүйені қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
82
Бап 7   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру


Қалпына келтіру медиасы арқылы қалпына келтіру
1.
Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін
жасаңыз.
2.
Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск
жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне
енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз.
– немесе –
Қалпына келтіру флэш дискісін компьютердегі USB портына
енгізіңіз, одан кейін компьютерді қайта бастаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер Recovery Manager бағдарламалық
құралын автоматты түрде қайта қоспаса, компьютердің жүктелу
тəртібін өзгерту қажет.
3.
Жүйе жүктеліп жатқанда 
f9
 пернесін басыңыз.
4.
Оптикалық жинақтағыш дискіні немесе флэш-жадын
пайдаланыңыз.
5.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі
əрекеттерді орындаңыз:
1.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2.
Компьютер қайта іске қосылып жатқанда 
esc
 пернесін басып,
жүктелу параметрлерін ашу үшін 
f9
 пернесін басыңыз.
3.
Бастау мүмкіндіктерінің тізімінен Внутренний диск CD/DVD
ROM (Ішкі ықшам/DVD дискілері жетегі) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін
төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1.
Флэш-жадын USB портқа жалғаңыз.
2.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3.
Компьютер қайта іске қосылып жатқанда 
esc
 пернесін басып,
жүктелу параметрлерін ашу үшін 
f9
 пернесін басыңыз.
4.
Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадын таңдаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
83


Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру
Файлдардың сақтық көшірмесін жасау жəне жаңа бағдарламалық
құралдарды қауіпсіз жерде сақтау өте маңызды. Жаңа
бағдарламалық құралдарды жəне деректер файлдары
қосылатындықтан сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасауды
жалғастырыңыз.
Жүйенің қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі
сақтық көшірме соңғы рет қашан жасалғанына байланысты болады.
ЕСКЕРІМ:
Ең соңғы сақтық көшірмеден қалпына келтіруді
компьютерге вирустік шабуыл жасалған немесе жүйе құрамдас
бөліктерінің елеулі ақаулығы орын алған жағдайда жасау қажет.
Компьютер мəселелерін шешу үшін, жүйені қалпына келтіруді
жасамас бұрын, қалпына келтіру əрекетін жасаған жөн.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік
диск немесе дискілерде жасауға болады. Мына жағдайларда
жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:

Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
КЕҢЕС:
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау
үшін еске салғышты орнатыңыз.

Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын

Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе
өзгертпес бұрын
Нұсқаулар:

Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін
қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне
оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі
түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану туралы қосымша ақпаратты 
Windows жүйесін
бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 86-бетте
бөлімінен қараңыз.

Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл
қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.

Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында
немесе мəзір жолында параметрлеріңіздің экран суретін жасау
84
Бап 7   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру


жүктеу 3,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау