Лекцияның
мақсаты: Қаржы жүйесін ұйымдастыру, қаржылық
жоспарлау мен болжамдаудың мәні, әдістері мен қағидалары; қаржылық
жоспарлар жүйесі. Кәсіпорынның негізгі қаржылық кӛрсеткіштері.
1 Қаржы жүйесі
2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру.
3 Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні
1. Қаржы жүйесі - қаржы ӛзінің экономикалық табиғаты мен жалпы
принципиалды бірлігі жағынан біртұтас.Қаржы қатынастардың сферасы
мен буын-дары ӛзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай
қаржы жүйесін құрады.
Біртұтас қаржы жүйесі - ӛзінің мәні жағынан мынандай түрлі
ұғымдардың білдіру үшін қолданылатын аталым: а) бір -бірімен ӛзара
байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының
жиынтығы; ә) елдің қаржы мекмелерінің жиынтығы, оларға қаржы
мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бӛлімдері жатады.
Жалпы қаржы жүйесі- бұл мемлкет пен кәсіпорындардың
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру
және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқтауланған , бірақ
ӛзара байланысқан әртүрлі сфералары мен буындарының , сондай - ақ
олардың ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Принципалды үлгісі. Қаржы жүйесі анықтамасының бұл принципалды
үлгісіне сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бӛлікті қамтиды:
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша қорларының жиынтығы:
басқарудың қаржы аппараты.
2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру- Қазақстан Республикасында макро- және
микро эканомиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары
мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, халық
шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге байланысты бӛлуді жүзуге
асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда цетрализм мен демократизмнің
үйлесуі.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функйионалдық
арналымының қағидаты.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама
дербес мына сфераларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі;
Мемлекеттік несие;
Жергілікті қаржылар;
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (корпаративтік) қаржылары;
Халықтың (үй шаруашылығының ) қаржысы.
Қаржыны басқару-бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді
жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді
қамтамасыз ету жӛніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.
12-тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары
Лекцияның
мақсаты:
коммерциялық
және
коммерциялық
емес
шаруашылық субъектлердің қаржылық қызметін оқып үйрену
1 Шаруашылық субъектлердің қаржыларының қалыптасуының негіздері.
2 Коммерциялық нысандағы шаруашылық субъектінің қаржысы
Шаруашылық субъектлердің қаржылары - қаржы жүйесінің құрамдас
бӛлігі болып табылады. Шаруашылық субъектлердің қаржысы ақшалай
нысанда қалыптасып, ӛндіріс процесін ұлғайтуға бағыттала отырып, оның
экономикалық заңдар негізінде жүзеге асырылуына ықпал етеді. Сонымен
қатар олар халық шаруашылығы одан әрі дамытуға қажетті ақшалай
қаражаттың жиынтықтарын пайдалану мен бӛлістіруде қолданылады
Шаруашылық
субъектлердің
қаржысының
бӛлістірушілік
функциясының ерекшелігіне жеке қаржылар айналымындағы бекітілген
номативтер негізінде (салық мӛлшерлемелері, амортизациялық аударымдар,
банк несиесінің мӛлшерлемесі)ӛндірілген ӛнімнің құнының айналымына
қатынасуы ұдайы ӛндіріс процесіне қатынасуы жатады.
Шаруашылық субъектлердің қаржысының бақылаушылық функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды орынды алады: себебі қаржылық
бақылаусыз шаруашылықты жүргізу мүмкін емес. Қаржы басқада
экономикалық тетіктермен біріге отырып, экономиканы басқару үрдісінде,
ӛндірісті арттыруда және еңбек, материалдық, табиғи және қаржылық
ресурстарды мақсатты түрде пайдалануды жүзеге асыруда маңызды рӛлді
атқарады
Осыған орай, шаруашылық субъектлердің қаржысы дегеніміз ақшалай
қаражаттарды пайдалану мен бӛлістіруге қатысты және ӛнім мен қызметі
ӛндіру мен ӛткізуге байланысты экономикалық қатынастар болып табылады.
13-тақырып. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Лекцияның мақсаты: салықтардың экономикалық мәнімен қызметтерімен
және олардың қаржылық ресурстарды қалыптастырудағы атқаратын ролімен
танысу. ҚР салық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу
1.Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні
2.ҚР салық жүйесі
Салықтар– бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды
және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті тӛлемдері
мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық
ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді.