«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет25/34
Дата14.05.2018
өлшемі1,08 Mb.
#12315
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

98

99

күн  сәулесін  көрмей  отырып,  ақын  рухы  асқақтап 



сөйлейді. Өлеңнің әр шумағына талдау жасау керек.

Бірінші  шумақта  ақын  кімді  сағынды?  -Анасын, 

«қарлығашым, құлыным» деп зарлаған анасын сағынды.

Екінші,  үшінші  шумақта  ақынның  түрмедегі  жайы 

суреттелген. Оқушылар «Түрме қандай?» деген сұраққа 

өлеңнен мысалдар келтіреді. -Қабырғасы қара тас, ауыр 

иіс, қараңғы, тапал, салқын, есігінде қара құлып, кіп-

кішкене терезе, онда темір тор, т.с.с. Төртінші шумақта 

ақынның  нәзік  жүрегін  алтын  күнге,  қара  жерге,  жан 

жолдасы  жүйрік  желге,  асау  тайдай  еркелетіп  өсірген 

ағайынға,  туған  елге  деген  сағыныш  сезімі  билейді.

Сағыныш пен қамығу сезімі көңілдің толқыны сияқты 

кезектесіп отырады. Сағыныш ақындар үшін мәңгілік 

тақырып...  «Сағындым»  өлеңінің  құрылысын  талдау.

Төрт тармақты шумақ, ұйқасы а,а,ә,а, қара өлең ұйқасы, 

11 буыннан тұрады. Көмек -нусқау.

Мағжан кім?

Мен кім?


Әңгіме-сыр

 

«Аңыз  адам»  журналына  шыққан  Бауыр-



жан  Момышұлының  «Мен  Мағжанды  көрдім»  атты 

деректерді оқыттым.(№1(37) 2012ж). 

Әрбір  қазақ  Отанды,  елді,  жерді  сүюді  Мағжаннан 

үйренуі  керек.  (М.Айтқожина).  Мағжан  бойындағы 

бүкіл  қасиет  -  оның  поэзиясында.  Ендеше,  Еркеш 

Ибрагимнің  мына    өлең  шумағы  арқылы  ойымызды 

түйіндейміз: 

Ақын болу дегенің - теңіздейін тебірену,

Ақын болу дегенің - анадайын емірену.

Ақын болу дегенің - арыңа бір шық тұрмау,

Ақын  болу  дегенің  -  жүректерді  тұтқындау.  Ақын 

Халқымыздың  осындай  аптал  азаматтарының 

пікірлеріне  қарап,  М.Жұмабаевтың  жұлдызы  қазақ 

өлеңінің  аспанында  ерекше  нұрланып,  жанып, 

жарқырағанын байқауымызға болады.

М.Жұмабаев  өз  өлеңдерінде  туған  жерге  деген                 

махаббат  тақырыбын  айрықша  жыр  аркауы  еткен. 

Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай 

өлеңдерін білесіңдер?

-  «Сағындым»,  «Сүйемін»,  «Туған  жер»,  «Туған 

жерім - Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел», 

«Түркістан», т.б.



Сен білесің бе? Өлең құрылысы туралы.

Өлең      тармақтардан  тұрады. Оны   өлең   жолда-

ры  дейміз. Әр  тармақ      бунақтардан тұрады.Бунақ    

дегеніміз    тармақтардың    ырғаққа    қарай    бөлінуі.    

Бунақты        буын  жасайды.  Өлең  тармақтарының  са-

нына қарай шумақ шығады. Қазақ өлеңі    көбінесе 4 

тармақтан  тұрады.  Әр  тармақтың  аяғындағы  буындар 

үндестігінен ұйқас шығады.

М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.

Ақын  өз  өлеңдерінде  туған  жерге  деген  жүрек 

жарды  жырын  Сарыарқасына,  дүниеге  келген  жері 

Сасықкөліне  арнаған.  Өлеңнің  әрбір  жолы  перзенттік 

сүйіспеншілікке толы. «Сағындым» өлеңін талдау.

Ақын нені, кімдерді сағыныпты?

Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?

Ақынның  қайтпас  қайсар  мінезін  өлеңнің  қай 

тұстарынан  тануға  болады?  Ол  ақынға  мінездеме          

беруге көмектесе ме? Өлеңнен теңеу сөздерді тап.

Өлең-трагедиялық  өлең,  лирикалық  кейіпкердің 

(Мағжан) басынан өткізген азапты күндері, тар қамауда 




100

101


айтқан  осы  қасиеттің  бәрі  Мағжан  бойында  бар 

екеніне  көзіміз  жетті.  Мағжан-сыршылдығымен, 

суретшілігімен,  сөзге  еркіндігімен,  тапқыштығымен 

күшті,  маржандай  тізілген,  торғындай  үлбіреген 

нәзік  үнді,  күйімен,  шерлі,  мұңды  зарымен  күшті.

(Ж.Аймауытов)

Үйге. «Сағындым» өлеңіндегі толқытып-тебіренткен 

сөздерді,  жыр  жолдарын  жаттап  келу.  «Сағыныш» 

тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау.


АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өзінің жұмысын 

күнделігіне  жазып  отыру  керек,  оған  бақылаудағы 

кейбір байқағандарын, оқушылардың қырын таныта-

тын  жағдайларды,  олармен  әңгімесін,  оқушысының 

алға  басуын  жазып,  әр  түрлі  жастағы  балалардың 

бәрінің  басында  кездесетін  дағдарысын  немесе 

бетбұрыс  жағдайларына  талдау  жасап,  жазып 

отыруға тиіс.

А.С.Макаренко.

Педагог - бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы 

жинақталған  барлық  асылдарды  сіңіруші,  ал  оларды 

соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы 

мерездерден аулақтаушы адам.

А.В.Луначарский. 

Мұғалім-  мәңгі  нұрдың  қызметшісі,  ол  барлық  ой 

мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын 

тынымсыз лаулаған жалын иесі.

Я.А.Коменский.

Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл!

Ұ.БИСЕНБАЕВА, 

Абай атындағы орта мектеп.

Ақтөбе облысы,

Әйтеке би ауданы,

Ақкөл ауылы



АБАЙ ӘЛЕМІ

(8- сынып)

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  Абайдың  өмірі  мен 

шығармашылық  мұрасын  қорытып,  алған  білімдерін 

тексере  отырып,  оқушылардың  танымын  кеңейту,  сөздік 

қорын молайту; дамытушылық - Абайды жан-жақты оқып, 

білімін  толықтыруға,  ізденушілікке  қалыптастыру,  сөздік 

қорын молайту және ой-өрісін дамыту; тәрбиелік - ақынның 

сөз  өнерінің    қыр-сырымен  таныстыру,  Абай  өсиеттерінен 

нәр алғызу арқылы ақын армандаған толық адам тұлғасын 

қалыптастыру.  Көрнекілігі:  Абай  портреті,  слайд,  кітап 

көрмесі,  сөзжұмбақ.  Түрі:  қайталау,  қорыту  сабағы.  Әдісі: 

сұрақ-жауап, іздену.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру  бөлімі.  2.Үй  тапсырмасы.  З.Өзіндік 

жұмыс. 4.Үйге тапсырма. 5.Бекіту. 6. Бағалау.

I.  «Мағынаны  ашу».  Бастаушы  Абайдың  өмірі  туралы 

қысқаша  мағлұмат  береді.  Жалғастырушы  Абайдың 

шығармаларына тоқталды. Қорытындалаушы Абай кім және 

ол қандай жан екенін айтып өтеді.

II. «Бой сергіту».

1. Абайдың әкесі кім? (Құнанбай)

2. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845-1904)

З. Абайдың рухани ізбасары, әлем әдебиетінің классигі, 

«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы?   (М.Әуезов)




жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау