Стратегия каз indd



жүктеу 474,72 Kb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата08.03.2018
өлшемі474,72 Kb.
#11986
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

28

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

3.6 Тәжірибені тарату

Мемлекет  басшысының  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы 

18  сәуірдегі  кеңейтілген  отырысында  берген  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің 

тәжірибесін  көрсету  туралы  тапсырмасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

ДББҰ тәжірибесін тарату жөніндегі тұжырымды көзқарастарды мақұлдады.

Мемлекет  басшысының  Зияткерлік  мектептердің  тәжірибесін  көрсету  туралы 

тапсырмасын  орындаудың  маңызды  бөлігі  педагогтардың  біліктілігін  арттырудың 

түбегейлі  қайта  құрылған  жүйесі  болып  табылады.  Оны  жаңғыртуды  ПШО  әлемдік 

тәжірибені  және  халықаралық  көзқарастар  деңгейінде  даярлықтан  өткен  үздік  педагог 

ұжымдар жиналған Зияткерлік мектептер тәжірибесін интеграциялау негізінде жүргізеді.   

Кәсіби қоғамдастықтарды дербес оқытуды және дамытуды қолдайтын кәсіби даму 

бағдарламалары әзірленді, онлайн ресурстар құрылды, онда кәсіби даму үшін мүмкіндік 

беріледі,  онлайн  сабақтар  мен  семинарлар,  әр  түрлі  конференциялар  мен  шеберлік 

сабақтары ұйымдастырылады.  

Республиканың  педагог  қызметкерлерінің  үздіксіз  кәсіби  дамуына  жағдай 

жасау  үшін  ПШО  сайтының  базасында  www.cpm.kz.  біліктілікті  арттырудың  деңгейлі 

бағдарламалары шеңберінде оқудан өткен педагогтардың желілік қоғамдастығы құрылды. 

ПШО сайтының форумы мұғалімге білікті консультативтік көмек алуға мүмкіндік береді. 

Кәсіби  желілік  қоғамдастық  Қазақстанның  әр  түрлі  өңірлерінде  тұратын 

мұғалімдерге  кәсіби  мәселелерді  шешуге  және  өзінің  шеберлік  деңгейін  арттыруға 

мүмкіндік береді. 

Республика 

ауқымында 

бірыңғай 

ақпараттық-әдістемелік 

кеңістік 

құру 

қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыруға  және  жүзеге  асыруға,  оқушыларды  ПШО 



жаттықтырушыларының  және  қызметкерлерінің  тьюторлық  сүйемелдеуін  қамтамасыз 

етуге мүмкіндік береді.   

Желілік қоғамдастықтың негізгі міндеттері:

•  мұғалімнің кәсіби қызметіне қолдау көрсету;

•  бірлескен желілік практикалық қызмет арқылы өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін 

беру;


•  жаңа білім беру бастамаларын жасау және қолдау;

•  бірыңғай ақпараттық педагогикалық ресурс құру;

•  мұғалімдердің желідегі практикалық қызметін ұйымдастыру;

•  құрылатын  жобаларға  қатысушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту 

және іске асыру.

Біліктілікті  арттыру  және  педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру  саласында  жол 

сілтеуші  –  ПШО  ақпараттық-әдістемелік  журналын  шығару  көзделген.  Журналдың 

негізгі  мақсаты  –  Зияткерлік  мектептердің  тәжірибесін  көрсету  және  әлемдік  және 

отандық  практиканың  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  технологияларын  көрсету 

мүмкіндігін беру. 

Оқу  процесіне  білім  берудің  барлық  деңгейінде  Зияткерлік  мектептердің 

тәжірибесін  ескере  отырып,  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды    енгізуді 

қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

ДББҰ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін 

35 базалық мектепті айқындады. 

Әрбір Зияткерлік мектеп мыналар арқылы өз тәжірибесін бере отырып, 

3 – 7 мектеппен әріптестікте жұмыс істейді: 

•  коучинг және консалтинг – топтық және жеке консультациялар;

•  шеберлік сабақтары;

•  жаңа  оқу  технологиялары  мен  әдістемелері,  үш  тілді  ортада,  сыни  бағалау 

жүйесі, тәрбие жұымысындағы бағыттар мен көзқарастар бойынша семинарлар;

•  кітапханалар қызметін ұйымдастыру жөніндегі консультациялар;




29

AUTONOMOUS EDUCATIONAL ORGANIZATION NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS” 2020 DEVELOPMENT STRATEGY

•  Зияткерлік  мектептер  базасында  мектеп  директорлары  үшін  практикалар 

(JobShadowing) ұйымдастыру;

•  үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы ұсыну.

Осылайша, Зияткерлік мектептердің директорлары мен педагогикалық құрамы әр 

түрлі  шеберлік  сабақтарын,  семинарлар,  ғылыми-практикалық  конференциялар  өткізу 

арқылы  сабақ  беру  мен  оқыту,  мектепті  басқару  және  көшбасшылық  мәселелерінде  өз 

тәжірибесімен бөліседі. Зияткерлік мектептерге базалық мектеп қызметкерлерінің баруы, 

базалық  мектеп  оқушыларының  Зияткерлік  мектептердің  пәндік  олимпиадаларына 

қатысуы ұйымдастырылады. Базалық мектептерге  Кембридж Университетімен бірлесіп, 

үш  деңгей  (базалық,  негізгі,  ілгерілеген)  бойынша  әзірленген  Интеграцияланған  білім 

беру  бағдарламасы  негізінде  бейімделген  оқу  бағдарламаларын,    элективті  курстардын 

байқаудан өткен бағдарламаларын беру жоспарланды.   

Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына онлайн сабақтар мен мұғалімдері 

үшін  онлайн  семинарлар  өткізіледі.  Жобалар  жалпы  білім  беретін  мектептерде  сабақ 

беру  сапасын  арттыруға  бағытталған.  Онлайн  сабақтар  мен  семинарларды  Зияткерлік 

мектептердің мұғалімдері өткізеді.

ДББҰ-ның  ресми  веб-сайтында,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  веб-сайтында  www.elp.kz  және  қоғамдық  порталда  moodle.nis.edu.

kzЗияткерлік мектептердің мұғалімдері математика, физика, химия, биология, ағылшын 

тілі  және  информатика  пәндері  бойынша  2011  және  2012  жылдары  өткізген  800-ден 

астам  онлайн  сабақ  орналастырылған.  Онлайн  сабақтар  өзіне  күрделілігі  жоғары 

тапсырмаларды  шешуді,  практикалық  және  зертханалық  тапсырмаларды  қолдануды 

көрсетуді  қамтиды.  Бұл  сабақтарды  Қазақстанның  барлық  мұғалімдері  көре  алады. 

Сол  сияқты  ДББҰ  онлайн  сабақтарды  тарату  мақсатында  облыстық  білім  беру 

басқармаларына сабақтардың жазбалары бар CD-дискілерді береді. 

Интерактивті  сабақтар  мен  семинарларды  ұйымдастыру  мақсатында    ДББҰ-да 

әдіснамалық,  ұйымдастырушылық,  техникалық  және  ақпараттық  қамтамасыз  етуді 

ұсынатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестірушілер тобы жұмыс істейді. 

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін онлайн семинарлар аптасына 

бір  рет  өткізіледі.  Қазіргі  уақытта  олар  Зияткерлік  мектептердің  оқушылардың  оқу 

жетістіктерін  өлшемдік  бағалау  жүйесін  әзірлеу  және  енгізу  жөніндегі  тәжірибесін 

көрсетуге бағытталған. Бір жылдың ішінде барлығы 48 онлайн семинар өткізіледі. 

Онлайн  семинарларды  дайындауға  және  өткізуге  Зияткерлік  мектептердің 

мұғалімдері  қатысады.  Семинарлар  өлшемдік  бағалаудың  теоретикалық  негізі  мен 

әдіснамасын, әр түрлі сыныптарда әр түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламасының нақты 

бөлімдерін  зерделеу  кезінде формативті  және суммативті  бағалау  тәжірибесін  қамтиды. 

Мұғалімдер  онлайн  семинарлар  өткізу  процесінде  оқу  процесін  ұйымдастыруды  түзету 

және  бағалаудағы  өлшемдік  көзқарастың  негізінде  әрбір  оқушыны  оқытудың  жеке 

траекториясы жөнінде ұсынымдар береді. Нақты уақыт режимінде жалпы білім беретін 

мектептердің  мұғалімдері  сұрақтар  қою,  консультациялар  алу  және  семинардың 

мазмұнын талқылау мүмкіндігіне ие болады. 

Онлайн  сабақтар  мен  семинарлар  өткізу  қағидасы,  көрсету  кестесі,  оқу 

бағдарламасы,  тұсаукесерлер,  сабақтар  мен  семинарлар  барысында  айтылған  сұрақтар 

мен жауаптар ДББҰ-ның сайтында орналастырылған. 

Болашақта  онлайн  семинарлардың  тақырыбы  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

қажеттілігіне қарай айқындалатын болады. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдеріне  әдістемелік  көмек  көрсету  үшін 

ДББҰ-ның сайтында математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі бойынша 

бөлімдер жұмыс істейді.  

Тұтастай алғанда, Зияткерлік мектептер тәжірибесін көрсетуді отандық орта білім 

беру жүйесін одан әрі реформалау призмасы арқылы қарастырған жөн. 




жүктеу 474,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау