Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/60
Дата06.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

 


 
жер шары қисықтығының әсерлерін бағалауды; 

 
географиялық-картографиялық  есептер  топтамасынан  нақты 
тапсырмалар орындауды. 
Картография  –  географиялық  карталар,  оларды  жасау  және 
пайдалану  туралы  ғылым.  Картография  табиғат  пен  қоғам 
құбылыстарының  үйлесуі  мен  өзара  байланысуын,  олардың 
кеңістіктегі  орналасуын  және  уақыт  бойынша  өзгеруін,  т.б. 
картографиялық  кескіндеудің  (бейнелеудің)  көмегімен  зерттейтін 
ғылым.  комителық  ұғымдарға  –  аспан  денелері  мен  жұлдызды 
аспанның  карталары,  глобустар  мен  жер  бедері  карталары, 
картографиялық  белгілермен  берілген  кеңістік  модельдері  (үлгілері) 
жатады. 
Негізгі салалары: 

 
картография  пәні  мен  әдістемесі,  карта  туралы  ілім, 
картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу 
әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары; 

 
картография ғылымы мен өндірісінің тарихы; 

 
картографиялық  деректер  тану  (картографиялық  деректерді 
саралау  және  оларға  қатысы  бар  ғылыми-ақпарат  теориясының 
мәселелері); 

 
карталарды  жобалау  және  оларды  дайындау  теориясы  мен 
технологиясы; 

 
карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі. 
Картография  гуманитарлық  және  жаратылыстану  ғылымдарымен 
байланысты 
Гуманитарлық 
ғылымдарға: 
экономика, 
тарих, 
жаратылыстану  ғылымдарға:  физикалық  география,  ландшафттану, 
осының  ішінде  салалық  ғылымдарға:  геология,  климатология  мен 
метеорология, топырақтану, ботаника, зоология және нақты ғылымдарға: 
математика, геодезия, кибернетика, статистика жатады. 
Картография тақырыбына байланысты: 

 
жалпы географиялық және топографиялық 

 
тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т.б.) 

 
рнайы.  
Әдісіне қарай: 

 
жердегі 

 
аэроғарыштағы  

 
су астын картографиялау. 
масштабына қарай: 

 
ірі масштабты 

 
орта масштабты  


 


 
ұсақ масштабты деп ажыратады. 
Картография  ғылыми  және  техникалық  пәндер  жүйесіне 
тарамданады.  Оның  біреуінің  көп  ғасырлық  тарихы  болса, 
кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. 
Комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану 
мәселелерімен шұғылданады.  
Картография теориясының негізгі әдістемесі – картатану
Математикалық  картография  –  картаның  математикалық 
негіздерін  зерттейді.  Ол  картографиялық  проекция  теориясын 
әзірлейді,  картографиялық  тор  құрудың  әдістерін  жасайды,  олардағы 
бұрмалануды  талдайды.  Картаны  құру  және  жобалау  пәні  картаны 
әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді.  
Картаны  безендіру  және  картографиялық  семиотика  - 
картаның  тілін,  картографиялық  белгілер  жүйесін  құру  әдісі  мен 
теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. 
Картографиялық  семиотика  шеңберінде  белгілер  жүйесін  құру  және 
оларды пайдалану тәртібін зерттейді.  
Картаны  басып  шығару  –  картаны,  атласты,  т.б.  картографиялық 
өнімдерді  технологиялық  әзірлеу,  көбейту,  картаны  полиграфиялық 
безендіруден тұратын техникалық пән.  
Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – 
салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және 
ұйымдастыру  мәселелерімен  айналысады.  Картаны  пайдалану  карто-
графиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді.  
Картография тарихы – картографиялық өндірістің дамуын, көне 
картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді.  
Картографиялық  топонимика  –  географиялық  атаулардың 
мағыналық мәнін зерттейтін пән. Картография салаларын нысанға қарап 
та  жіктейді.  Мысалы,  Жер  бетін  (құрлықтар  мен  мұхиттарды), 
планеталық және астрономиялық картографиялау. 
Картометрия  –  карталар  бойынша  әр  түрлі  географиялық 
нысандардың  ауданын,  ұзындығын,  бедердің  орташа  биіктіктерін 
және баска да сандық сипаттамаларын зерттейтін картография тарауы. 
Картометрия  мен  морфометрия  айла-тәсілдердің  қолдануы 
мынадай іс-әрекеттерді қамтиды. 
Картометриялық өлшеулер: 
-  сызықтық өлшемдер арқылы географиялық координаталарды табу; 
-  құбылыстың  апплиаталарын  (тіке  құрамаларын)  анықтау. 
Мысалы, абсолюттік, салыстырмалық және өзара биіктіктерді, тереңдікте 
және қалыңдықтарды өлшеу; 
-  бұрыштарды,  бағдарлау  бағыттарын,  аудан  мен  көлемнің 
мөлшерлерін өлшеп табу. 


 

Морфометриялық өлшеулермен табылатын шамалар: 
-  жер  бедерінің  көлбеулігі,  өзен  желілерінің  жиілігі,  жол 
қатынастарының қосынды созыңқылығы; 
-  су ағыстарының және жағалауларының ирелеңдігі; 
-  ландшафтың дараланулары (құрылымы); 
-  топырақтық ареалдар мен өсімдіктердің топталуының тығыздығы; 
-  жердің  жыртылуының,  орман-тоғайлығының,  батпақтылығының 
деңгейлері. 
Топография  –  жер  бетін  әуе  және  ғарыштық  түсірім  негізінде 
жоспарға  және  ірі  масштабты  картаға  (1:100000  масштабқа  дейін) 
түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, 
бұрыш  өлшеу,  мензульдық,  тахеометриялық  немесе  алыстан  өлшеу 
сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады. 
Топография  жер  бетін  зерттеуде  физика  және  экономика, 
географияға,  ал  жер  бетін  топографиялық  түсіруде  (топографиялық 
карта  жасауда)  геодезия  мен  картография  ғылымдарына  сүйенеді. 
Топографиялық  картаның  мазмұнының  толықтығы  ең  алдымен 
планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Масштабы 
кішірейген  сайын  картаның  жер  беті  элементтерін  сұрыптау  және 
жалпылау  дәрежесі  артады.  Мұндай  жағдайда  картаға  географиялық 
тұрғысынан  маңызды  деп  есептелінетін  жер  беті  элементтерін 
мүмкіндігінше  көбірек  қамту  көзделеді.  Картаны  толық  етіп 
құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл 
атқарады. Әскери істегі топография – тактикалық және оперативтік 
мақсаттар  үшін  жергілікті  жердің  ерекшеліктерін  зерттейтін  әскери 
ғылым  саласы.  Кейінгі  кезде  жерді  план  не  картаға  түсірерде 
аэросьемка  немесе  аэрограмметрия  деп  аталатын  фотографиялық 
сьемкалар қолданылады.
  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау