Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/60
Дата06.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11795
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60

 
85 
Цилиндр.  Жаушы  оське  параллель  түзу  болса,  онда  цилиндрлік 
бет шығады. Цилиндрлік бетті қиятын өзара параллель екі жазықтықтың 
арасындағы бөлігі цилиндр болады. Айналу осінің табан жазықтығына 
қарағанда  қалай  орналасқанына  байланысты  тік  немесе  көлбеу 
цилиндр деп бөлінеді. 
Табаны  дөңгелек  болатын  көлбеу  цилиндрдің  роекцияларын 
салайық. Н жазықтығында жататын табанының горизонталь проекциясы 
және  айналу  осі  мен  жоғары  табанының  центрі  берілген.  Табандары 
өзара тең дөңгелектер болғандықтан, жоғары табанының проекцияясы 
оңай  салынады.  Дөңгелектерге  жанама  болатын  түзулер  жүргіземіз. 
Бұл  цилиндрдің  бүйірбетіндегі  кенер  сызығының  проекциясы,  яғни 
проекциялаушы қаусырма беттің цилиндр бетімен жанасу сызығының 
горизонталь проекциясы (горизонталь әлпет). Проекциялық байланыс 
сызықтарын  жүргізіп,  табандарды фронталь  проекцияларын  саламыз. 
Енді  EF  және  CD  жасаушыларының  Е  ”  F”,C  ”  D”проекцияларымен 
кескіндесек  онда  цилиндрдің  сызбадағы  көрнекілігі  төмен  болар  еді. 
Сондықтан  цилиндрдің  фронталь  проекциясын  фронталь  әлпетімен 
кескіндеу тиімді.  
 
 
3-сурет. Цилиндрлік проекция 
 
18.2 Конустық проекция 
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар 
үшін  өте  қолайлы,  бұрмалану  аз  байқалады.  Сондықтан  Ресей, 
Қазақстан  және  ТМД  елдерінің  карталары  көбінесе  осы  проекциялар 
негізінде жасалады. 
Табанының  және  төбесінің  проекциялары  берілген  көлбеу 
конустың  проекцияларын  салайық.  Фронталь  проекцияда  конустың 
кенеп сызығының проекциясы салынады. Горизоталь проекцияда SA, 
SB  жасаушыларының  проекциялары  арқылы  кескіндесек,  онда 
конустың  сызбадағы  көрнекілігі  нашарлайды.  Сондықтан  конусты 
қаусыра  орап  өтетін  горизонталь  проекциялаушы  беттің  проекция 
жазықтығымен  қиылысу  сызығы,яғни  горизонталь  әлпет  салынады. 


 
86 
Конустың  бүйір  бетінің  горизонталь  әлпеті  шеңбердің  бөлігі  мен  S 
нүктесі арқылы өтетін бөлігі үзік сызығымен кескінделеді 
 
4-сурет. Конустық проекциялар 
 

 
Птоломейдің  қалыпты  тең  аралық  конустық  проекциясы. 
Қалыпты  жанама  конуста  салынады.  Картографиялық  тор  құру, 
шарты  бойынша  барлық  меридиандар  мен  паралельдер  бойымен  бас 
масштаб  сақталуы  керек.  Бұл  тордың  барлық  паралельдері  шеңбер 
доғалары  болып  саналады.Осы  проекцияны  алғаш  рет  грек  ғалымы 
Птоломей  қолданды.  Ондағы  конуспен  жанасу  паралельдерімен 
оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  15  градусқа  дейнгі  паралельдермен 
шектелген  карта  жолағында  бұрмаланушылықтар  көп  емес. 
Сондықтан олар батыстан шығысқа карай созылып жатқан елдер үшін 
қолайлы. 

 
Красовскийдің  қалыпты  конустық  проекциясы.  Красовский 
проекциясындағы картографиялық тор қиып өтетін конуста салынады. 
Оны есептеу кезінде ондағы бейнеленген КСРО территориясының көп 
бөлігінде  нақтырақ  алсақ  40  градус  және  73  градус  солтүстік  ендік 
паралельдер  арасында  аудан  бұрмаланушылықтары  мүлдем  болмай, 
шеткі  паралельдерінде  ұзындық  масштабтары  тең  болу  керек.  Тор 
қалыпты  конустық  проекцияларға  тән  формаға  енген.  Нольдік 
бұрмалану  сызығы  50  градус  және  68  градус  ендік  паралельдер 
бойында  орналасқан.  Оларды  конус  және  глобустық  қиып  өтетін 
паралельдер  деп  есепеуге  болады.  Ондағы  меридиан  бойындағы 
аралықтартең және олардың масштабыбас масштабқа жақын.   
 Жалған  конустық  проекциялар  –  параллельдері  концентрлік 
шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен, қалған меридиандары 
қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.  
Жартылай  конустық  проекциялар  –  параллельдері  орта 
меридианды  кескіндейтін  түзу  сызық  бойындағы  шеңберлермен 
бейнеленетін проекциялар. 
 
 


 
87 
 
5-сурет. Конустық проекциядағы бұрмаланушылық 
 
18.3 Азимуттық проекциялар 
Азимуттық  проекцияда  параллельдер  тұйық  шеңбер  жасап,  ал 
меридиандар  бір  нүктеден  жан-жаққа  бойлық  бұрыштарының 
көрсеткішіне  сәйкес  бөлінген  түзу  сызықтар  түрінде  таралады. 
Азимуттық  проекциялар  жекелеген  материктер  мен  полюстік 
аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады. 
Параллельдері 
концентрлік 
шеңберлер, 
меридиандары 
параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция 
Оларда  меридиандардың  арасындағы  бұрыш  тиісті  бойлықтардың 
айырымына  тең  болады.  Азимуттық  проекциялардың  жеке  түріне 
перспективтік  проекциялар  жатады.  Жалған  цилиндрлік  проекциялар 
–  параллельдері  параллель  түзу  сызықтармен,  орта  меридианы  осы 
сызыққа  перпендикуль  түзумен,  қалған  меридиандары  қисық 
сызықтармен кескінделетін проекциялар. 
Перспективті  азимутальды  проекциялардағы  бұрмаланудық 
таралуымен  картографиялық  тордың  сыртқы  бейнесі  жобалау 
орталығымен  байланысты,  яғни  жобалаушы  сәулелер  шығаратын 
кеңістік  түріне  байланысты.  Шар  бетіне  жанама  жазықтыққа 
жобалаушы орталықтың орналасуына байланысты проекциялар: 

 
орталық; 

 
стериографиялық; 

 
ортографиялық болып келеді. 
Орталық картографиялық проекциялар бұл ежелгі проекциялардың 
бірі.  Оны  б.з.д.  ІҮғ.  Жұлдызды  аспан  картасы  үшін  грек  философы 
Фалес  қолданған.  Стериографиялық  проекцияны  б.з.д.  ІІ  ғ.  Ежелгі 
грек ғалымы Гиппарх жасаған.  
Ортографиялық  проекцияны  б.з.д.  ІІ  ғ.  Грек  ғалымы  Аппалони 
жасаған.  Бұл  проекция  қазіргі  кезде  де  күн  жүйесі  планеталарды 
бейнелеу үшін қолданылады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау