81
В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан
әрі жетілдірді.
Меридиандар мен параллельдердің кескінделуі жағынан
жіктелімдеу – Картографиялық проекциялардың тарихи дамуының
нәтижесі. Цилиндрлік проекциялар – меридиандары тең қашықтықпен
өтетін параллель түзу сызықтармен, параллельдері меридиандарға
перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар
экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды
бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға Меркатордың
тең бұрышты цилиндрлік проекциясы қолданылады.
Картографиялық проекция теориясы
Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық
картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін
бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен
ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады.
Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға
қолданылатындықтан,
Жер
эллипсоидысы
бетінің
сферадан
айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір
радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді. Картографиялық проекциядағы
меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден
(В=const жағдайда) картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану
Сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты.
Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең
бұрышты проекцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар
аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең
шамалы проекцияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды
таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға
көшеді. Картографиялық проекция теңіз қатынасында, аспан
денелерін картаға түсіруде, тағы басқа ғылыми салаларда да
пайдаланылады.
Проекциялардың жіктелуі:
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық
проекциялардың мынадай түрлері белгілі:
тең ауданды,
тең бұрышты,
тең аралықты және
еркін проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық
объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен
аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға
ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың
бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын