56
бойынша алып отырады. Бірінші верньер бойынша градус, минут
және олардың бөліктеріне дейін, яғни, толық санақтап алады, ал
екінші бойынша – тек минуты мен оның бөліктері ғана алынады.
Кейін ол санақтардың орта мәнін шығарады.
Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әдістің екінші жартысын
пайдаланамыз, ол үшін вертикаль дөңгелектегі жағдайға қою керек.
Түтікшені зенит арқылы айналдырып, сол бұрышты екінші рет
өлшейді. Егер шыққан шама верньердің екі есе дәлдігінен артық
болса, онда оның орта шамасы алынады. Өлшеу нәтижелерін дала
жазба журналына жазу керек. Суретке түсіру теодолит жүрісінің
нүктелері мен сызықтарынан басталады. Суретке түсірудегі мақсат –
теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстырыла
отырып, контурдағ характерлік нүктелердің алған орнын анықтау.
Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп
отыру керек.
Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер:
перпендикуляр тәсіл;
бұрышты белгілеу тәсілі;
сызықты белгілеу тәсілі;
полярлық әдіс.
Теодолиттік түсіріс дайындық:
далалық
ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын
кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды
да, қолдағы бар картографиялық материалдарды мұқият қайта қарап
зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің
пунктері болса, онда олардың орналасқан жерінің координаталарын
жазып алады.
Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және
пунктерді бекіту;
2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және
сызықтардың ұзындығын өлшеу;
3. жергілікті жердің контурын түсіру;
4. түсіріс негіздеуінің пунктерін мемлекеттік немесе жергілікті
жүйе пунктеріне байланыстыру.
Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пунктері
ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым
қолайлы орындары белгіленеді.
Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы
байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс,
57
әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш
түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық
негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті
геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті
еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады.
Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар
істеледі:
– теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен,
шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналармен
бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлері, жұмысты
жүргізіп отырған мекеме аты мен орындалған жылы көрсетіледі.
‒ бұрыштарды Т15, T30, 2T30 және т.б техникалық теодолиттердің
көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30´´ дәлдікпен өлшейді.
Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5-10) мм қателікпен
центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың көрініп тұрған ең
төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаның көлбеулік бұрыштары ν ≥ ± 2º
болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады.
Горизонталь бұрыштарды бір толық тәсілдер жолымен өлшегенде
жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90º-қа
ауыстырылады;
– сызықтың ұзындықтарын 20 м‒лік өлшеуіш лентамен немесе
рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін
және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады.
Әрбір қабырғаның екі реи өлшеген ұзындығының арасындағы
айырмашылығы 1- разрядты жүрістерде ұзындық 1:2000-нан, ал 2 –
разрядты жүрістерде – 1:1000 – нан аспауы керек.
Теодолиттік түсірістің мәліметтері бойынша планды жасау
планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан
басталады. Планшетке көлемі 60x60 см-дей жоғары сапалы фанера
немесе аллюминий табағы алынып, оған сызба қағазы жапсырылады.
Координаталар торы координатографтың немесе Ф.В. Дробышев
сызғышының көмегімен құрылады.
Дробышев сызғышымен координаталар торын салу қағаз бетіне
50x50 см (50²+50²=70,71²) квадратын, немесе қабырғалары 30,40 және
50 см (30²+40²=50²), не тиісінше 60,80 және 100 см (60²+80²=100²)
үшбұрышты көшіріп түсіруден тұрады; мұнын өзі Дробышев
сызғышының өлшеміне байланысты болады.
12.3 Көз мөлшерлік түсірілім
Аз тексерілген жергілікті жерді зерттегенде, алғашқы инженерлік
бақылауларда, пайдалы қазындылар кенін іздеулерде және де басқа
жұмыстарда жергілікті жердің жуықталған планын аз уақыт ішінде