Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
119
2.
Пән бойынша олимпиаданың мектеп ішіндегі кезеңін ұйымдастыру
және өткізу.
3.
Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс.
4.
Егер бар болса жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс.
5.
Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен
жүргізілетін тәлімгердің жұмыс жоспарын бекіту.
6.
Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен алмасуы (өзара
сабақтарға қатысуы), «Lessonstudy» өткізу.
7.
Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.
8.
Кіріс құжаттарымен жұмыс.
9.
Мектепшілік бақылау.
10.
Әкімшілік бақылау.
11.
Біліктілік санатын жоғарылататын, немесе растайтын мұғалімдермен
жұмыс.
12.
Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың
үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі.
13.
Бірлестік мұғалімдерінің рейтингісі.
14.
Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі
(жыл соңында).
15.
Білім алушылардың білімдерін қорытынды аттестаттау бойынша
есеп.
Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелік
бірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық
есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).
2017-
2018 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің
(математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген
тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Мұндай ісшараларды өткізу көп
еңбектенуді талап етеді, бірақ кіріктірілген сабақтар пәнге деген
қызығушылықты арттырады. Мұндай онкүндіктер үш кезеңде өткізіледі:
бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып оқушыларымен. Аталған ісшара
пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңалықтарға
ынтыландырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы
қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады.
Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу
мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол
өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық ісшараларда
тікелей көрініс табуы тиіс.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім
саласы бойынша 6, 8, 9-сыныптарда пәндерді оқыту ҚР МЖМБС-2012 және
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен жүргізіледі және келесі пәндер
оқытылады:
6-
сынып - «Математика», «Информатика»;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
120
8-9-
сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».
Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық
жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық
білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты,
алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық,
интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық
және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға
бағытталған.
Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами
іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін
білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық
сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.
«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты
қалыптастыру мақсатымен:
-
оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және
анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да
тұжырымдарды іздеу;
-
математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау
негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен
құрастыру;
-
игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
-
дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық
негізделген қорытындылар жасау;
-
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу),
математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын
ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету
ұсынылады.
«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін
көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген
ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық
есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да
АКТ құралдарын қолдануды) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық
ойлауды игеруге (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді
құрастыруға) айрықша көңіл аудару керек.
«
Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту
процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған
проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері
мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту педагогикалық
тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың
жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қана
қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің
Достарыңызбен бөлісу: |