Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
37
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті
қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді сауатты құру, мезгіл
шақтарын дұрыс қолдану, әртүрлі сөйлемдерді құру түрлерін білу),
коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық
құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық
ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.
Коммуникативтік құзыреттілік тілді әртүрлі мақсат пен функцияда
қолдануды, түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну,
шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы болғанның өзінде әңгімеге
араласуды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік тәсілде, ең біріншіден, тілдік құрылымдардың
дұрыстығына емес, диалогті әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы
коммуникативтік мақсатқа жету, өзгертіп айту дағдысын дамыту
параметрлеріне назар аударылады.
Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді
меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді:
қоғамдағы тәртіп үлгісі, сол елдің мәдениеті мен мәдениет нормалары
туралы
білімі,
осылардың
бәрі
шынайы
қарым-қатынастың
жағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Мақсатты үш тілді оқытуда қолданылатын келесі әдістемелік тәсіл –
мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілде тілдерді оқытуда тұлғаның
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді.
Мұндай тәсіл бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
−
туған жері, оның ерекшелігі, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінік
қалыптастыру. Бұл білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтуге және
құндылық жүйесінің бағдарын, оның ішінде өз еліне, өлкесіне деген
сүйіспеншілік, ұлттық мәдениетке, тілге құрметпен қарауын қалыптастыру
үшін қажет;
−
өз жерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы алынған ақпаратты
тарату үшін жағдай жасау;
−
мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз
ету.
Осы тәсілдердің негізінде үш тілде оқыту келесі қағидаттардан құрылады:
1)
тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет аралық
қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-
ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;
2)
білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің
теңгерілімділік қағидаты, біріншіден, нақты аймақтың әлеуметтік
лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді.
Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі
бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі
төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;
3)
«білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл білім беру
үрдерісінде әрі оқыту құралы, әрі оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді:
3.1.
тіл оқу бағдарламалары аясында оқу пәні ретінде қазақ тілді емес
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
38
мектептерде «Қазақ тілі» (1-4-сыныптарда), «Қазақ тілі мен әдебиеті»
(5-11-
сыныптарда); оқыту орыс тілді емес мектептерде «Орыс тілі»
(1-4-
сыныптарда), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту тіліне
қарамастан барлық мектептерде «Ағылшын тілі» (1-11-сыныптарда)
оқытылады;
3.2.
тіл оқыту құралы ретінде тілдік пәндердің басқа пәндермен кірігу
механизмі болып қолданысқа енеді, сондықтан негізгі мектепте оқыту тіліне
қарамастан «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері қазақ
тілінде, «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері орыс
тілінде, жоғары сыныптарда «Жаратылыстану», «Информатика», «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.
Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін
2018 жылы мониторинг өткізу жоспарлануда. Осыған дайын мектептер
2019 жылдан бастап белгіленген пәндерді ағылшын тілінде беруге құқығы
бар.
Сонымен бірге, білім алушылар мен ата-аналар өздерінің қалауларын
білдірген жағдайд, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады. Мұны
қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды.
Аталған пәндерді мектепте ағылшын тілінде оқытуға дайындық
барысында және оқуға тілек білдірушілер болған жағдайда 2017 және 2018
оқу жылында іске асырылуы мүмкін.
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы
Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін
Қазақстанның 4000-нан аса мектептері қолданады. Жоба 14 облыс, сонымен
қатар Астана және Алматы қалалары аумағында жұмыс істейді.
«Kүнделік» жүйесіне елдегі кез келген қалалық, ауылдық мектептердің
тегін қосылуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осы мектептердің барлық білім
алушылары, ата-аналары бағаларын, үй тапсырмасын, сабақ кестесін, мектеп
жаңалықтарын және басқа да пайдалы ақпараттарды тегін алу мүмкіндігіне ие
болады.
Портал «Күнделік» Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының
білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің
бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №
536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарымен жұмыс істейді.
«Күнделік» журналын қолдану бойынша бірқатар сұрақтар туындауда,
сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылған.
«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын
қолдануға абоненттік төлем алынбайды. Ата-аналарға әрқашан Kundelik.kz
сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік»
бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй
Достарыңызбен бөлісу: |