Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет128/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
303 
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу пәндерін оқыту 
ерекшеліктері 
 
Оқу пәндерінің мазмұндық ерекшеліктері: 
Оқу  процесі  заманауи  педагогикалық  технологиялардың  енгізілуі  мен 
технологизациялануын  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқытудың  дәстүрлі  түріне 
қарағанда,  оқушыны  дамытуда  басымдыққа  ие    мектептегі  білім  беру 
барысында  күрделеніп  отыратын  және  материалды  қайта  қарауды  көздейтін 
оқытудың  шиыршық  түрінің  дамуын  да  ескере  отырып,  кешкі  мектептің  оқу 
бағдарламаларының мазмұны барлық пәндер бойынша қайта қаралуы керек.   
Оқу  бағдарламаларына  «теориядан  тәжірибеге»  тәсілін,  оқу 
материалының  пәнішілік  және  пәнаралық  сабақтастығын    қарастыратын  әдіс 
негізге алынуы қажет. Мұндай әдістің енгізілуі жобалау, зерттеу, тәжірибе және 
зертханалық  жұмыстарды  жүргізу  нәтижесінде  жаңа  білімнің  меңгерілуі  мен 
функционалдық сауаттылық дағдыларының қалыптасуын қарастырады.   
Білім беру процесіне оқытудың белсенді әдістерін енгізу функционалдық 
сауаттылықты  өз  бетінше  дамытуды,  білімді  белсенді  «игеруді», 
коммуникативтік дағдыларды дамытуды, тілдерді үйренудегі коммуникативтік 
тәсілді,  тәжірибеде  білімді  шығармашылықпен  қолдануды  және  мәселені 
шешуде шығармашылық әдісті қарастырады.  
Кешкі  мектеп  жылдық  күнтізбелік  оқу  кестесін  белгілеуде,  бағалау 
жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес. 
Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:   
 
«Тіл және әдебиет» білім саласы 
«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша жазба  жұмыстары тоқсанына 
бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы. 
Қазақ және орыс тілдері бойынша эссе– жылына 2 рет. 
Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет. 
Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 2 рет. 
Эссені  қазақ  және  орыс  әдебиетінен  білім  алушылар  жылына  2  рет 
жазады.  
«Математика и информатика»  білім саласы  
«Алгебра»,  «Геометрия»,  «Физика»  пәндері  бойынша  бақылау 
жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау 
жұмысы. 
 
«Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар: 
8 сынып   – жылына 4;  
9 сынып   –  жылына 4;  
10 сынып – жылына 4;  
11 сынып – жылына 4 рет жасалынады. 
«Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары: 
8 сынып  – жылына 4; 
9 сынып  – жылына  4 рет өткізіледі. 
«Информатика»  пәні  бойынша  тәжірибе  жұмыстары  –  әр  сыныпта 
жылына 4 рет.  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
304 
«Жаратылыстану»  білім саласы  
«Химия»  пәні  бойынша  бақылау  жұмыстары  тоқсанына  бір  рет 
жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы. 
«География»  және  «Биология»  пәндері  бойынша  бақылау  жұмыстары  – 
жылына 2 рет (тест түрінде).   
«Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар: 
8 сынып – жылына 4;  
9 сынып  –  жылына 4;  
10 сынып – жылына 4 рет өткізіледі. 
«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар: 
8 сынып – жылына 4; 
9 сынып  –  жылына 4;  
10 сынып – жылына 4;  
11 сынып – жылына 4 рет өткізіледі. 
«Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары: 
8 сынып – жылына 2; 
9 сынып  –  жылына 2; 
10 сынып – жылына 2;  
11 сынып – жылына 2 рет өткізіледі. 
«География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары: 
8 сынып – жылына 4; 
9 сынып  –  жылына 4;  
10 сынып – жылына 4;  
11 сынып – жылына 4 рет өткізіледі. 
Сырттай  оқу  нысаны  бойынша  сыныптарда  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  қазақ 
әдебиеті, орыс әдебиеті, алгебра, тарих, (адам, қоғам, құқық),АҚҚ, география, 
биология,  физика,  химия    пәндері  бойынша  апта  сайын  өтілген  материал 
бойынша сынақ тапсырылады.  
Сынақтар  ауызша,  жоба,  зерттеу  жұмысы,  бақылау,  зертхана,  тәжірибе 
жұмыстары, тест түрінде тапсырылады.  
Кешкі  мектептің  тәрбие  жұмысы  әлеуемттік  жағдайы  төмен  кәмілеттік 
жасқа  толмаған  жасөспірімдерді  оңалту,  бейімдеу,  әлеуметтендіру  және  тұлға 
ретінде  дамытуға  бағытталған,  яғни  оқушыларға  тәрбие  жүйесінің  ықпалы, 
негізінен,  оқушылардың  бойындағы  адамгершілік  және  құқықтық  тәртібін 
түзетуге бағытталған.  
Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің 
негізгі  міндеті–  түрлі  себептермен  күндізгі  мектепте,  колледждерде  оқи 
алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген 
ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты 
келген  «қиын»  жасөспірімдерді  әлеуметтік-психологиялық  оңалту  және 
бейімдеу болып табылады.   
Кешкі  мектеп  ұстаздарының  міндеті  –  жаңартылған  бағдарламаны 
қолдану барысында оқушылардың бойында негізгі адами нормалар мен өнегені 
қалыптастыру,  толеранттылық  пен  басқа  мәдениет  пен  көзқарастарға  құрмет 
көрсету, жауапкершілігі жоғары, дені сау баланы тәрбиелеу.   


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
305 
Кешкі  мектептің  ерекшеліктерінің  бірі  –«проблемалық  (қиын)» 
балалармен  жұмыс.  Олар  жұмысқа  қабілеттерінің  төмен  болуы,  оқуға 
ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.   
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:  
– 
қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтылыққа  тәрбиелеу,  құқықтық 
тәрбие,  тарихи  таным,  ұлттық  дәстүр  мен  мәдениет,  әлеуметтік  әрекеттестік 
дағдыларын дамыту,  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде азаматтық 
және құқықтық жауапкершілікті дамыту;   
– 
рухани-адамгершілік тәрбиесі;  
– 
салауатты өмір салты; 
– 
ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім;  

құқық 
бұзушылық 
пен 
кәмілетке 
толмағандар 
арасында 
бақылаусыздықтың алдын алу;  
– 
кәмелетке  толмағандар  арасында  экстремизм  мен  терроризмнің  алдын 
алу;  
– 
кәмелетке  толмағандар  арасында  нашақорлық,  токсикомания, 
маскүнемдік пен темекі тартудың алдын алу;  
– 
жасөспірім қыздар тәрбиесі;  
– 
оқушыларды кәсіби бағдарлау;  
– 
ата-аналармен әлеуметтік әріптестік.  
Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің 
ерекшеліктеріне  сай  оқу  процесі  мен  мектепішілік  бақылауды  тиімді 
ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген:  
 
№ 
Бақылау нысанасы  
Нормасы  
1  
Сабақтарға және сыныптан тыс іс-
шараларға қатысу және оларды 
талдау  
Айына 8-10 сабақ (директордың 
орынбасарлары үшін); 
Айына  2-3 сабақ (мектеп 
директорлары үшін) 
2  
Сынып журналдарын тексеру  
Тоқсанына 1 рет 

Пәндер бойынша оқу 
бағдарламалары-ның орындалуын 
тексеру  
Тоқсанына 1 рет  
4  
Оқушылардың жеке іс 
құжаттарын тексеру  
Жылына 2 рет 
5  
Пәндер бойынша тақырыптық 
және күнтізбелік жоспарларды 
тексеру  
Жылына 2 рет 
6  
Алфавиттік кітапты тексеру 
Жылына 2 рет 
 
Кешкі  мектеп  және  күндізгі  мектептер  жанындағы  кешкі  бөлімдер 
кәсіпорындармен  уағдаластық  бойынша,  қосымша  білім  беру  қызметін,  оның 
ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын 
жүргізе алады. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау