Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет125/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
295 
1) 
Магнитті  мектептердің  1-4-сыныптары  сырттай  оқиды,  яғни 
шығармашылық, 
зерттеушілік 
жобаларды 
орындайды, 
сайыстарға 
дайындалады.  Жылына  бір  рет  тірек  мектебіндегі  конкурстар  мен 
конференцияларға қатысу үшін бара алады.  
2) 5-7-
сыныптар магнитті және тірек мектептеріндегі пән мұғалімдерінің 
жетекшілігімен  қашықтан  оқытылады  (магнитті  және  тірек  мектептерінде 
материалдық-техникалық  базасы  жеткілікті,  интернет  болған  жағдайда).  
Кафедралар  немесе  мектептің  әдіс  бірлестігінің  отырыстарында  жұмыс 
жоспарлары,  сынама  тапсырмалар  әзірленеді.  Сонымен  қатар,  магниттік 
мектептің  мұғалімдеріне,  білім  алушыларына  арналған  онлайн  семинарлар 
ұйымдастырылады.  
3) 8-11-
сыныптар  тікелей  оқытылады  және  сессияларға  шығады 
(бейіналды  және  бейінді  дайындықтың  ұйымдастырылуымен).  Сессияаралық 
кезеңді  сессиялық  кезеңмен  сабақтастықты  сақтай  отырып  жүргізу  қажет. 
Берілген  жұмыс  тірек  және  магнитті  мектептердің  даму  бағдарламасы  мен 
шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек. 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды 
қолдану, 
білім 
ресурстарын  пайдалану  арқылы  сессияаралық  кезеңде  тірек  мектептерінің 
(ресурстық орталықтардың) шағын жинақты мектептермен байланыс жасауына 
мұмкіндік береді. Білім алушының жан-жақты дамуына жағдай туғызатын және 
белсенді  тұлғаны  тәрбиелейтін  дамыта  оқыту  әдіс-тәсілдері  кеңінен 
қолданылады.  Шағын  жинақты  мектептер  тірек  мектептерге  (ресурстық 
орталықтарға)  бекітілген  магниттік  мектеп  ретінде  қызмет  еткен  жағдайда, 
бейнесабақтар  немесе  қашықтықтан  оқытуды  қолдану  арқылы  бейіндік  оқыту 
бағдарламасын тиімді ұйымдастырудың төмендегідей  шешімдері ұсынылады: 
1. 
Бейне  ресурстар  пайдаланылатын  сабақтарда  білім  алушыларды 
бағыттарға  бөлмей,  пәндердің  базалық  (міндетті)  мазмұнын  қамтамасыз  ете 
отырып,  магниттік  мектептерде  және  тірек  мектептерінде  бір  уақытта 
көрсетілуі  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  мұғалімдері  оқыту  жоспарларын  мұқият 
біріктіруге тиіс болатын магниттік және тірек мектептердің оқыту процестерін 
үйлестіру маңызды мәнге ие болады.  
2.  
Сессия  кезеңінде  магниттік  мектеп  білім  алушылары  бейіндік 
(жаратылыстану-математикалық  және  қоғамдық-гуманитарлық)  бағыттар 
бойынша тірек мектептерінде оқиды.  
Модуль  мазмұнына  1-модульге  кірмей  қалған  әр  бағыт  үшін  ерекше 
инварианттық  бөлім  сұрақтары  енгізіледі.  Мұнда  СБР  банкі,  сонымен  қатар 
жеке тақырыптарды тереңдетіп оқығанда да, сондай-ақ тәжірибелік сабақтарды, 
зертханалық жұмыстарды, өзіндік жұмыстарды, жобалар, презентациялар және 
т.б. дайындауда қолданылуы мүмкін.  
3.  
СБР  банкін  үлгілік  оқу  жоспарының  мектептік  компоненті  есебінен 
жүзеге асатын  қолданбалы  курстарды өткізуде қолдану. 
4.  
СБР  банкін  таңдау  курстарын  өткізуде  қолдану  (үлгілік  оқу 
жоспарының білім алушы компонентінің сағаттары).  
Жаңартылған  білім  мазмұны  жүйесіне  көшкен  шағын  жинақты 
мектептердің және тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) мұғалімдері 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
296 
келесі жұмыстарды жүргізе білуі керек:  

нәтижеге жету үшін оқу мақсаттарын тұжырымдай білу;  

оқыту процесінде оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру;  

оқу материалдарын оқу мақсаттарына сәйкестендіріп  дайындау;  

оқыту процесіне ақпараттық орта әлеуетін пайдалану;  

білім  алушылардың  тұлғалық-белсенділік  бағытта  ілгері  дамуына 
жағдай жасау;  

психологиялық жайлылық және қолдау атмосферасын қалыптастыру; 

білім  алушыларды  өз  білімін  жетілдіруге,  өз  қабілетін  ашуға  және  өз 
мүмкіндіктерін пайдалануға дайындау;  

қойылған мақсатқа жетуге бағытталған аралық нәтижені бағалау. 
 
 
 
 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
297 
 

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  БІЛІМ  БЕРУ  ҰЙЫМДАРЫНДА 
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориясы мен практикасы аясында 
білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайындағы  әдістемелік  ұсыныстарында 
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс істеу 
ерекшеліктері  мен  бағыттары,  принциптері  мен  мәнінің  жалпы  көрінісі 
баяндалған. 
Әдістемелік  ұсыныстар  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық 
орталығының  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  қаралды  және 
мақұлданды. 
Қоғам  өмірінің  барлық  салаларындағы  жаһандық  өзгерістер,  ақыл-ой 
қабілеттері  жоғары  балаларды  тиімді  оқытуды  ұйымдастыру  мәселесін  білім 
беру жүйесінің алдына қоя отырып, жаңа заман талабына жауап бере алатын, 
шығармашыл,  дарынды  адамдардың  қажеттілігін  күшейтіп  отыр.  Қазіргі 
мамандандырылған мектептер балалардың әлеуетін барынша ашу үшін оларға 
жағдай туғызу, білім берудің барлық сатыларында балалардың табиғи дарынын 
анықтау  және  дамытуды  көздейді.  Оқушылардың  әлеуетін  ашу  үшін  жағдай 
жасау,  шығармашыл  тұлға  тәрбиелеу  және  дарындылығын  ересек  өмірде  іске 
асыру,  білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  мамандандырылған  білім  беру 
ұйымдарының кезек күттірмес міндетіне айналады. 
Дарынды  балалармен  атқарылатын  жұмыс  мазмұны  әрбір  оқу  пәндері 
аясында анықталады, алайда бұл мазмұнды айқындайтын оқу бағдарламаларын 
іріктеудің жалпы талаптары, мектептің ерекшелігіне  бағдарламаның сәйкестігі 
болып  табылады.  Жарияланғандар  арасында  мұндай  бағдарлама  болмаған 
жағдайда  қолданыстағы  бағдарламаларға  түзетулер  енгізілуі  немесе  авторлық 
бағдарламалар  жасалуы  мүмкін.  Оқу  материалының  мазмұны  оқушыларды 
үздіксіз оқуға бейімдеуі тиіс, мұндай балалар үшін таным процесі өзіндік құнды 
болуы керек. Ең бастысы, одан әрі өзін-өзі жетілдіру және өздігінен білім алуға 
бағыттаушы,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  талаптандырушы,  ойды  дамытушы 
идеялар мен тәсілдер, әдістер сияқты фактілерге емес біртіндеп оқытуға көшу 
керек, оған жету үшін қаншама рухани, интеллектуалдық және физикалық күш-
жігер жұмсалатын мақсатты бірте-бірте көрсету қажет.  
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарындағы  жұмыс  формалары  мен 
әдістері: интеллектуалды дарынды оқушыларды оқытуға қолданылатын, әрине, 
шығармашылық  сипаттағы  әдістер  жетекші  және  негізгі  болып  табылады  – 
жеке  және  топтық  жұмыс  формасы  негізіндегі  проблемалық,  ізденушілік, 
эвристикалық, зерттеушілік, жобалау жұмыстары. 
Оқушылардың  өз  ойын  іске  асыру  мен  шығармашылығын  таныту  үшін 
кеңістік  беретін  және  даралап  оқыту  идеясын  іске  асыратын  технология, 
технологялардың  ең  тиімдісі  болып  табылады.  Бұл  проблемалық  оқыту 
технологиясымен  үйлесетін  жобалап  оқыту  технологиясы  және  «шағын 
топтармен жұмыс» оқыту әдістемесі. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау