Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқау



жүктеу 499,06 Kb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата06.03.2018
өлшемі499,06 Kb.
#11785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

 



Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқау 

 

3.1  Қазақтың  әдет-ғұрып,  салт-санасында  кездесетін  кейбір 

элементтерді физика сабағында қолдану 

 

10-


11 сыныптарға арналған «Физика» оқу бағдарламасында қазақтың әдет-

ғұрып,  салт-санасында  кездесетін  кейбір  элементтерді  сабақта  қолдануға 

ерекше назар аударылады.  

Қатты  денелерде  деформацияның  түрлерін  қарастырғанда  киіз  үйдің 

сүйегін  (уық,  кереге,  шаңырақ,  күлдіреуіш)  иілу,  бұралу,  созылу,  ығысу 

деформацияларына  ұшырауын  айтуға  болады.Үй  ағаштарын  суға  салып 

(диффузия процессі жүреді) ылғалдандырғанда түрлі бейнеге иіп, морға төсеп, 

балқытқаннан  кейін  тезге  төсеп,  керекті  қалыпқа  кептіреді.  Киіз  үйдің 

төбесінде  жаңбыр  тамшылары  іркілмеуі  үшін  450  шамасында  иілген  ағаштан 

күлдіреуіш  орнатады.  Киіз  үйдің  орнықтылығы  (массалар  центрі  төмен 

орналасуы)  барынша  жетілдірген,  барлық  тепе-теңдік  шартына  жауап  береді. 

Киіз  үйдің  тіреу  беті  (ауданы)  өте  үлкен,  екіншіден,  ауырлық  центрінен 

жүргізілген тік сызықтың ұзындығы тіреу, бетінің радиусынан әлдеқайда кіші.  

Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір – біріне қосып, оның екі жағын 

есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай 

тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының 

себебі  оның  салмағы  осы  бас  арқанға  түсетінімен  түсіндіреледі.  Содан  соң 

бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан – жағынан уық шаншылады. Уық 

тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады.  

Киіз үйдің биіктігі 135 – 140 см; бас кереге – 1,5 м. 4 кереге (4 қанатты үй 

де)  –  12  ш/м;  уық  ұзындығы  3-5  метрге  дейін,  6-8  қанатты  үйде  

100-


120 шейін уық болған. 

Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны 

үлкейтіп,  кішірейтіп,  тіпті  бірі  –  біріне  қосып,  2  –  3  бөлмелі  етіп  тігуге  де 

болады.  Физика  тұрғыдан  қарастырсақ,  үйдің  көлемін  табанының  ауданын, 

қалауымызша өзгерте беруімізге болады. 

Үйдің  табаны  шеңбер  болып  келетіндіктен  ауданының  формуласы 

бойынша есептеп табуға болады S= r2, мұндағы r шеңбердің радиусы. 

Киіз  үй  екі  геометриялық  фигурадан  құралады  –  цилиндр  және  қиық 

конустан.  Бұлар  айналу  денелеріне  жатады.  Осы  екі  дененің  беттері  мен 

көлемдерін  табуға  болады.  Цилиндр  дененің  ауданын  Sбүйір  = 2·r·h 

формуласымен,  көлемін  V=  r2·h  формуласымен  табуға  болады,  мұндағы  –  

r цилиндр дененің радиусы, һ – цилиндрдің биіктігі. 

Қиық  конустың  ауданы  Sбүйір  = (r+ r1)·l,  көлемі  V= h·(r2+ r21+ r·r1), 

мұндағы  r,  r1-  қиық  конустың  табандарының  радиусы,  l  -  жасаушысы  ,  h  – 

биіктігі. 

Яғни екі дененің беттерінің аудандары және көлемдерінің радиусы S. Киіз 

үй беті = Sбүйір(конус) +Sбүйір(цилиндр)= 2 r·h+ (r+ r1)·l,  

V Киіз = Vцилиндр+ Vконус= r2·h+ h·(r2+ r21+ r·r1); 

12 

 



 

 

Кереге  үйдің  барлық  салмағын  көтеретін  іргесі,  қабырғасы.  Қабырғаға 



түсетін  күш  керегелер  арқылы  тең  үлестіріледі.  Қазіргі  уақытта  кез  –  келген 

құрылыс, үй – жайын салғанда оның орнықтылығын есептеу ең басты мәселе. 

Ал  киіз  үйдің  орнықтылығы  барынша  жетілдірілген,  барлық  тепе  –  теңдік 

шартына  жауап  береді.  Механикада  дене  орнықты  болу  үшін  ауырлық 

центрінен жүргізілген тік сызық тіреу бетін қиып өтуі тиіс және ауырлық центрі 

неғұрлым  төмен  болған  сайын  дененің  орнықтылығы  арта  түседі.  Киіз 

орнықтылығы  біріншіден  киіз  үйдің  тіреу  беті  өте  үлкен,  екіншіден  ауырлық 

центрінен  жүргізілетін  тік  сызықты  ұзындығы  тіреу  бетінің  радиусынан 

әлдеқайда  кіші  болғандықтан  киіз  үй  төбесі  уықтармен  сырғауылдар  жоғары 

сақина шаңыраққа бекітілгенде, күмбезденіп жасалады.  

Әшекейлерді зергерлер жылу жұмсау арқылы физикалық қасиеттеріне әсер 

етіп  агрегаттық  күйлерін  өзгертеді,  ығысу,  иілу,  бұрау  деформацияларына 

ұшыратады.  

Әшекейлер күмістен, асыл тастардан жасалады. аса зиянды ультракүлгін, 

инфрақызыл сәулелеріне қарсы шағылту қызметін атқарады.  

Домбыра – әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық 

күрделі  заңдарымен  түсіндірілетін  акустикалық  аспап.  Ішек  өз  тербелісінің 

энергиясының  болымсыз  ғана  бөлігін  дыбыс  толқындары  түрінде  шығарады. 

Алдымен  тыныштықта  тұрған  ішекті  тепе-теңдігін  бұзып  тербелтеміз. 

Екіншіден,  ішектің  тербелісі  ауаға  беріліп  ,  ол  арқылы  дыбыс  бізге  жетеді. 

Үшіншіден,  домбыраның  беттік  тақтайы  да  тербеліске  түседі.  Сөйтіп,  еріксіз 

тербеліс тудырады. Бұл кезде корпус пен корпустағы ауа резонансқа түседі де, 

ішектің шығарған дыбысына қарағанда күшті дыбыс шығарады.  

Домбырамен  бірге  қобыздың  да  қалай  дыбыс  шығаратынына  тоқтала 

кеткен жөн. 

Қамшыны  иленген  теріден  қиып  өреді.  Өрілу  қамшының  беріктігін 

арттырады.  

Аттың  ерінің  астын  жалпақ  қылатын  себебі  –  аттың  арқасына  аз  қысым 

түсіру.  Ердің  астына  киіз  салады,  сол  кезде  үйкеліс  күші  азаяды.  Ердің  екі 

жағындағы үзеңгі адамның салмағын екі жаққа теңгеруге ыңғайлы.  

Енді  10-сыныптағы  “Броундық  қозғалыс”  тақырыбында  күбіге  айран 

піскенде  майдың  түсуі,  қатты  дене  бөлшектерінің  сұйықтағы  қалықтаған 

қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн. 

Асық  ату  ойнында  дәлдік  талап  етіледі.  Сақа  қорғасын  құю  арқылы 

массасы артылып жасалады. Мұндай сақаның шік жағына құйылған қорғасын 

жер бетімен оңай сырғанауға және соққыны дәл қабылдауға мүмкіндік береді. 

Мұнда  денелердің  өзара  әсерлесуі,  күш,  масса,  импульстің  сақталу  заңы, 

энергияның  сақталу  заңы,  екі  дененің  соқтығысуы  сияқты  физикалық 

құбылыстар бар.  

Алтыбақан  математикалық  маятникке  ұқсас  модель  болады.  Мұнда 

амплитуда, жиілік, период, масса туралы ұғым қалыптасады. Тербелісі –еріксіз.  

13 


 


жүктеу 499,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау