Әок 378. 853: 004 Қолжазба құқығында



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет13/18
Дата05.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

28 

 

тәжірибеде  оқу  танымдық  әрекетті  қалыптастыру  және  ұйымдастырудың 



белсенді әдістерін іздеу және пайдалану болып табылады. 

Модельдерді  қолданудың  оқу  үдерісінде  педагогикалық  технологияларды 

құру  және  практикалық  қолдануға  қатысты  бірқатар  артықшылықтары  бар. 

Модельдерді қолдану педагогикалық технологияларды жобалауды жеңілдетеді.  

Біз  жасап  ұсынып  отырған  әдістемелік  жүйе  білім  беруді  ақпараттандыру 

жағдайында  болашақ  физика  пәні  мұғалімін  даярлаудың  заманауи  ақпараттық 

технологияларды  пайдалана  отырып,  оқыту  үдерісін  модельдеу  мен  жобалау 

болып  табылады.  Мұнда  болашақ  физика  пәні  мұғалімі  компьютерлік 

техникамен,  даяр  программалармен  сауатты  жұмыс  істеумен  қатар,  сабақ 

беретін  пәннен  ӛзбетімен  компьютерлік  программалар  жасай  білуді  меңгеруі 

қажет.  Бұл  міндетті  шешудің  бір  тәсілі  курстық  және  дипломдық  жұмыстар 

орындағанда, компьютерлік технологияларды пайдалану болуы мүмкін.  

Біздің  жинақтаған  тәжірибелерімізден  модельдеу  жалпы  физика  курсында 

физикалық үдерістер мен құбылыстарды модельдеуші және қолданбалы физика 

пәндерінен  ақпараттық-анықтамалық  құралдар  әзірлеу,  арнайы  және  таңдау 

курстары  бойынша  жобалар  даярлау,  физика  пәні  салаларынан  үйретуші, 

бақылаушы,  тестілеуші  программаларын  жасау;  қашықтықтан  оқыту  жүйесі 

үшін  HTML  тілінде  электрондық  әдістемелік  құрал  құрастыру  бағыттарында 

жүзеге асырылады. 

Физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыруды  дамыту  бағытында 

негізделіп  ұсынылып  отырған  «Компьютерлік  физика  әдістері»  курсының 

типтік,  жұмыс  бағдарламаларында,  студенттер  мен  физика  пәні  мұғалімдері 

үшін әдістемелік құралда кӛрсетілген. 

Білім  беру  үдерісін  ақпараттық  сүйемелдеу  түлекке  қазіргі  заманғы 

ақпараттық  қоғамда  белсенді  қызмет  етуге  мүмкіндік  беретін  ғылыми  және 

тәжірибелік білім мен біліктілік жүйесін қалыптастыруға, тәртіп пен қызметтің 

құнды  бағытына  бағытталған  жеке  тұлғаны  дамыту  жағдайын  жасаудың 

үздіксіз үдерісін құрайды. Мұндай талаптардан құрамына тӛмендегілер кіретін 



білім  беру  үдерісін  мақсатқа  сай  ақпараттық  сүйемелдеудің  бірнеше  негізгі 

бағыттарын атап кӛрсетуге болады: 

-   ақпараттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру және ақпараттық салада 

жеке тұлғаны дамыту; 

-   болашақ  мамандардың  жалпы  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру, 

олардың  ақпараттық  әлем,  ақпараттық  құбылыстар  мен  үдерістер  туралы 

түсініктерін туындату; 

-   болашақ түлектердің түрлі ақпараттық жағдайларда және ол үшін қажетті 

білім  қорларымен  қамтамасыз  етуде  ақпараттық  қызмет  дағдыларын 

қалыптастыру; 

-   студенттердің функционалдық ақпараттық сауаттылығын ашу; 

-   даму,  оның  ішінде  ақпараттық  салада  ӛзін-ӛзі  дамыту  және  ӛз  бетімен 

білім алу мүмкіндіктерін қалыптастыру. 

Оқытудың  мұндай  ақпараттық  сүйемелдеуін  табысты  түрде  жүзеге  асыру 

қазіргі заманғы апараттық ортада білім беру ісінің субъектісін бейімдеуге және 




29 

 

ақпараттық қоғамның ӛмір сүрудің түрлі салаларында жеке тұлғаның ӛзбетінше 



дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  жеткілікті  болашақ  маманның  ақпараттық 

кәмелеттілік деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні анық. 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ  порталында  (

www.KazNPU.kz/fizinfo

)  ЖОО-ның 

ақпараттық-білім  беру  ортасына  қатынас  құруды  қамтамасыз  ететін 

ақпараттық-білім беру ресурстары (АБР) бар партал құрылды. Мұнда порталды 

сүйемелдеу  ортасын  қолдайтын  және  үйлестіретін  қызметі  бар  ақпараттық-

анықтамалық  білім  беру  ресурстарын  жасауға  талпыныс  жасалды.  Білім  беру 

порталының ішкі жүйесі болып табылатын жасалған ақпараттық ресурс физика 

саласында білім беруді ақпараттандырудың негізін құрайды. 

Ақпараттық  ресурста  материалдық  динамикалық  модель    түрінде 

педагогикалық  және  компьютерлік  құрал-саймандармен  жүзеге  асырылған 

электронды  оқу  материалының  мазмұны,  компьютерлік  бағдарламалардың 

алгоритмі  ұсынылған.  Ақпараттық  ресурстың  функционалдық  ӛзара 

байланысқан  құрылымы  бар:  компьютерлік,  дидактикалық-әдістемелік 

құралдар  (оқу  жоспарлары  және  бағдарламалары,  әдістемелік  құралдар, 

электронды  оқулықтар,  тапсырмалар,  практикумдар),  ақпараттың  сыртқы 

кӛздеріне  сілтемелер  және  техникалық  компоненттер:  аппараттық  құралдар, 

жүйелік  бағдарламалық  жабдықтамалар,  ӛзін-ӛзі  бақылауға  арналған 

материалдар; әдебиеттік және ақпараттық кӛздер. 

АБР  аудиториядан  тыс  компьютерлік  сабақтарды,  оның  ішінде, 

студенттердің  ӛзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  желілік  технологияларды 

тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 

Материал  қажетті  ақпараттық  ӛріске  кіруге  ыңғайлы  физиканың  негізгі 

тарауларына  сәйкес  келетін  модульдер  бойынша  орналастырылған.  Бұл 

ақпараттық-білім  беру  ресурсы  оқытушылар  мен  студенттердің  ішкі 

коммуникациясын  ұйымдстыруға,  тестілеу  жүйесін  жүзеге  асыруға,  білім 

алушылардың  оқу-танымдық  ісін  және  оқытушы  тарапынан  оқыту  үдерісін 

бақылауды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  берді.  Бұл  АБР-дың  студенттердің 

ақпараттық  даярлық  сапасын  арттыруды  қамтамасыз  етеді,  физика  саласында 

білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытуға  жағдай  жасайды  және  ақпараттық 

қоғам ағымына сәйкес келеді. 

Қазіргі  таңда  АКТ-ның  мамандандырылған  құралдарын  жасау  үдерісінде 

оқытудың  жаңа  әдістерін  қолдана  отырып,  оқу  үдерісін  ұйымдастыруға 

мүмкіндік  беретін  мультимедиалық  энциклопедиялар,  ойын  жағдайындағы 

тренажерлар  және  мультимедиалық  оқыту  жүйелері  жасалған.  Мультимедиа 

жетістіктерін 

қолданатын 

графикалық 

жеке 

түрлі 


технологиялары 

автоматтандырылған  жобалау  жүйелері  болып  табылады.  Мультимедианың 

маңызды қоры ашық және қашықтықтан білім беруге жол ашу. 

Мультимедиа–түрлі 

типтегі 

мультимедиалық 

оқу 

ақпараттарының 



интерактивтілік, бейімділік және интеграция сапасын арттыруға, оқушылардың 

жеке  ерекшеліктерін  және  олардың  уәждемесін  ескеруге  мүмкіндік  беретін 

технология.  Оның  үстіне,  мультимедианы  қолдану  студенттерге  оқу 

материалдарымен түрліше жұмыс істеуге мүмкіндік береді–студент материалды 




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау