222
Энергоблок қуатын қазандықтық реттеуді енгізу
Энергоблокты автоматты реттеу жүйесін реттеу сəтіне БКҚ айналымдарын дəл
реттеу мүмкіндігі болмады, онсыз қуатты қазандықты реттеу (ҚҚР) мүмкін емес.
Энергоблоктың орташа жөндеуін жүргізген кезде БКҚ қолданыстағы эл.қозғалтқыштары
айналымдары бойынша дəл кері байланысты жиілік жетектерімен ауыстырылды. Оттыққа
берілетін көмірдің мөлшерін реттеу мүмкіндігі пайда болды жəне ҚҚР алгоритмін жүзеге
асыру сұрағы туындады.
Енгізу нəтижелері жəне тиімділігі
џ
берілген жəне өндірілген қуат мониторингі, ауытқу белгісін беру;
џ
қосымша өндіруге тапсырманы жүзеге асыру мүмкіндігі;
џ
энергоблоктардың өзгерістерге ептілігінің артуы;
џ
оттек құрамының бергіштері бойынша жағу үрдісін басқару есебінен отынды
үнемдеу;
џ
қазандықтың қызу беттері металының қызмет ету мерзімін реттеу сапасын
жақсарту есебінен ұзарту;
џ
қазандықтың қызу беттері металының қызмет ету мерзімін өз ресурсын
пайдаланып біткен, техникалық жəне моральдық жағынан ескірген
техникалық құралдарды ақпаратты көрсете жəне жинай алатын заманауи
цифрық кешендерге ауыстыру есебіне ұзарту;
Шариктік тазалауды қолдану арқылы конденсаторларды пайдалануды
оңтайландыру
Турбина конденсаторындағы вакуумның нормативтік мəндермен салыстырғанда
(90% дейін) нашарлауының негізгі себебі сулы жағындағы түтіктердің ластануы болып
табылады. Конденсаторлық түтіктерде жиналған қалдықтар жылу беруді нашарлатады
жəне олардың каррозиялық бүліну себептерінің бірі болып табылады. Шариктік тазалау
жүйесі (18.3 сурет) – тез жəне пəрменді экономикалық тиімділік беретін бірегей энергия
үнемдеу технологиясы.
Шешімнің техникалық ерекшеліктері. Конденстор түтіктерін тазалау үшін кеуекті
резеңкеден жасалған қаттылығы түрлі диаметрі түтіктердің ішкі диаметрінен 1-3 мм үлкен
шариктер пайдаланылады. Шариктер партиясы (100÷2000 дана) тегеурінді су таратқышқа
беріледі, су ағынымен конденсатордың құбыр тақтасы бойынша таратылады жəне су
тегеурінімен түтіктер арқылы бір мезгілде оның ішкі беттерін тазалай отырып өтеді. Одан
кейін шариктер ұстайтын қондырғымен (ШҰҚ) қағып ұсталады, қондырғы суды шығарып
тастайтын су таратқышқа орнатылады, одан шариктер арнайы сорғымен (НШО-80/13)
тартып алынады жəне тегеурінді су таратқышқа бағыттап жіберіледі. Шариктерді
сорғыдан кейін жинау жəне айналым желісіне жүктеу үшін жүктеу камерасы деп аталатын
арнайы қондырғыға орнатылады. Жүктеу камерасынан кейін, калибрлеу қондырғысы
орнатылуы мүмкін, ол тозған шариктерді бөліп алып, контурдан шығарады.
Экономикалық тиімділік:
џ
Энергия өндірудің отындық құрамы төмендейді,
џ
Пайдалануға жəне меншікті қажеттіліктерге шығындар азаяды.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі