21
11
ВЬИЗИЕ
27
СЛШЧШФ
12
ГЭЙИЙЁ
28
ТМЩШЩХ
13
ДЮКЙКЖ
29
УНЪЩЪЦ
14
ЕЯЛКЛЗ
30
ФОЫЪЫЧ
15
ЁАМЛМИ
31
ХПЬЫЬШ
16
ЖБНМНЙ
32
ЦРЭЬЭЩ
Кестеден көрініп тұр мағыналы бір сөз ғана бар – ЗВОНОК. Бұл сөз 17 орында.
Сондықтан, шифрланған мәтінді 17 позицияға алға жылжытса ашық мәтін алынады.
Демек, шифрланған мәтінді алу үшін ашық мәтінді (33-17)=16 позицияға жылжыту керек.
Сонымен, табылған кілт n=16.
Басқа жолдарда мағыналы хабар болмағандықтан, біз бұл хабарды дұрыс аштық.
Бірақ, ол үшін бастапқы хабар табиғи тілде (біздің мысалда – орыс тілі) құрастырылу
керек және белгілер саны бес-алтыдан артық болу керек. Егер де хабар өте қысқа болса,
мүмкін шешімдері бірнеше болу мүмкін. Бір ғана шешімді табуға өте қиын, егер бастапқы
хабар цифрден тұратын болса.
Мысалы, бастапқы әліпби араб цифрлерден тұрсын, яғни
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9.
Абоненттің біреуі басқаға бес цифрден тұратын және 12345 -ке тең құлыптын құпиялы
кодын бергісі келді. Жіберуші мен алушы алдын ала келісті – шифрлау кілті n=3 болсын.
Жіберуші осы кілтпен бастапқы хабарды 12345 шифрлап алады 45678 және алынған мәнді
абонентке жібереді. Қаскүнем криптограмманы ұрлап алып кезек-кезек таңдау әдісті
пайдалансын. Бастапқы әліпби 10 символдан тұрғандықтан, кілт мәні 1-ден 9 аралығында
жатады. Бұрынғыдай, әрбір белгіні 1, 2, 3,..., 9 позицияға жылжытып, барлық
варианттарды жазайық (кесте 1.2).
Кесте 1.2. Құлыптын шифрланған кодын ашу үшін варианттарды таңдау
Ұстап алынған криптограмма 45678
1
56789
2
67890
3
78901
4
89012
5
90123
6
01234
7
12345
8
23456
9
34567
Көрініп тұр, барлық алынған варианттардың маңызы бірдей және қаскүнем түсіне
алмайды – қай комбинация дұрыс. Шифрламаны талдап, ол құпиялы кілт мәнің
табалмайды.
Бірінші мысалда хабар – орыс тілінде, сондықтан ол көпшілік ережелерге
бағынады, әртүрлі әріптердің және олардың тіркестерінің түрлі ықтималдығы бар, және
кейбір әріптерге жалпы тыйым салынған (бұл қасиет мәтіннің артықшылығы деп
аталады). Сондықтан кілтті табуға және хабарды ашуға оңай болды, яғни артықшылық
шифрды «бұзуға» мүмкіндік берді. Ал екінші мысалда цифрлердің барлық комбинациясы
орын алу мүмкін. Кодты құлыптың «тілінде» артықшылық жоқ. Сондықтан, шифр
қарапайым болса да, шифрлама бойынша шабуыл кезінде ол ашылмайтын болады. Егер
22
біз шабуылды ашық мәтін бойынша да жүргізе алсақ, яғни қолымызда «ашық хабар» -
«шифрланған хабар» жұбы болса, онда ашуы әбден оңай болады.
Келтірілген қарапайым мысалдар көрсетіп отыр - табысты криптоталдаудың
ықтималдығы көп факторларға тәуелді: шифрлау жүйесіне, ұстап алынған хабардың
ұзындығына, бастапқы хабардың тілі мен алфавитіне.
1.8 Криптографиялық протокол
Қазіргі криптографияда шифрлерді жасаудан және зерттеуден басқа көп назар
аударылады криптографиялық протоколдарды әзірлеуге.
Криптографиялық протокол – криптографиялық құралдарды пайдаланып екі
немесе одан көп абоненттердің өзара әрекеттесу процедурасы, оның нәтижесінде
абоненттер өзінің мақсатына жетеді, ал олардың қарсыластары – жетпейді. Протоколдың
негізінде ақпараттық процестердегі криптографиялық өзгерістер мен алгоритмдердің
пайдалануын регламенттейтің ережелер жиынтығы жатыр. Әрбір криптографиялық
протокол белгілі бір есепті шешуге арналған.
Кез келген протоколдың келесі қасиеттері бар:
протоколды орындаған кезде іс-әрекеттің реті маңызды; әрбір іс-әрекет алдағы
аяқталғаннан кейін өзінің ретімен орындалу керек;
протокол қайшы болмау керек;
протокол толық болу керек, яғни әрбір мүмкін болатын жағдайы үшін сәйкес іс-
әрекет ескерілу керек.
Протокол қасиеттері информатикадан белгілі алгоритм қасиеттеріне ұқсайды.
Шынында да, протокол – бұл белгілі жағдайда бірнеше тараптардың іс-әрекеттесу
алгоритмы. Протокол қатысушылары протоколды білу керек және оның барлық
кезеңдерін толық орындау керек. Криптографиялық протоколдың қатысушылары әдетте
кейбір байланыс жүйенің абоненттері. Протокол қатысушылары бір біріне сенбеу мүмкін,
сондықтан криптографиялық протоколдар оның қатысушыларын сыртқы жаудан ғана
емес, серіктестердің арамдық іс-әрекетінен де қорғау керек
Криптографиялық протоколдардың типтерін шартты екі топқа бөлуге болады:
қолданбалы және қарадүрсін протоколдары. Қолданбалы протокол тәжірибеде кездесетін
нақты есепті шешуге арналған. Қарадүрсін протоколдар қолданбалы протоколдарды
әзірлеген кезде «құрылыс блоктар» сияқты пайдаланады. Біз оқу құралында тек
қарадүрсін протоколдарды қарастырамыз.
Кейбір протокол түрлерінің міндетін қарап шығайық.
1. Хабарларды конфиденциал беру протоколы. Хабарларды конфиденциал берудің
міндеті келесі. Байланыс желінің абоненты болатын протоколдың екі қатысушысы
бар. Қатысушылар кейбір байланыс жолымен қосылған, ол бойынша хабарды екі
жаққа жіберуге болады. Байланыс жолды қарсылас бақылау мүмкін. Абоненттің
біреуінде конфиденциал хабар m бар, осы хабарды конфиденциал түрде екінші
абонентке беру керек. Осындай протокол типі бірінші пайда болған.
2. Аутентификация және идентификация протоколдары. Олар кейбір ақпаратқа
рұқсатсыз қатынауды және пайдаланушылардың өкілеттігі жоқ қорларға
қатынауды болдырмауға арналған. Кәдімгі қолдану саласы – кейбір үлкен
ақпараттық
жүйенің
қорларына
пайдаланушылардың
қол
жетімділігін
ұйымдастыру.
3. Кілттерді үлестіру протоколы – шифрланған хабарлармен алмасудағы
қатысушыларды құпиялы кілттермен қамтамасыз ету үшін қажетті.
4. Электронды цифрлық қол протоколы – қағаз құжаттардағы кәдімгі қол сияқты
электронды құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді. Протокол орындалу
нәтижесінде, берілетің ақпараттың авторлық тексеруін қамтамасыз ететің, оған
бірегей сандық қосымша қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |