7
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
●
Қалпына келтіру
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау
●
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
●
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
Компьютердің ақпаратты қорғауда жəне қажет болғанда қалпына
келтіруде көмектесуге арналған амалдық жүйе жəне HP компаниясы
ұсынған құралдары бар.
Бұл тарауда келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау (HP Recovery
Manager бағдарламалық
құралының мүмкіндігі)
●
Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен,
дискілерінен немесе флэш-жадынан)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
77
ЕСКЕРІМ:
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, қалпына келтіру дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз немесе
компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан
сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі
пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғыдағы
USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
●
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R
DL немесе DVD-R DL
дискілерін сатып алыңыз.
ЕСКЕРІМ:
CD-RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілері
жəне BD-RE (жазылатын Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу
дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді.
●
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне
жалғанған болуы қажет.
●
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын
немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға болады.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір
дискіні оптикалық жинақтағыш дискісіне салмай тұрып
нөмірлеңіз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына
келтіру флэш-жадының жасалуы аяқталғанша бағдарламадан
шығуға болады. HP Recovery
Manager бағдарламалық құралын
келесіде ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау)
> Все программы (Барлық бағдарламалар)
>
HP > HP Recovery Manager > HP Recovery Media Creation (HP
қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
79