13
Кіріспе
Басталған және ырғақ алған қоғамды ақпараттандыру әрбір адамның кәсіптік
іс-әрекетін парасаттандыруды ұйғарады. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі
салдарының бірі қатынастарды виртуальдандыру болып саналады. Виртуальдық
қатынас Интернет дәуіріндегі дәстүрлі өзара әрекеттестікті дамытудың кезекті
кезеңі болып саналады да ең алдымен адамзаттық қарым-қатынастың ортақ
формасын пайдаланумен, ақпарат көздерін және ақпаратты алу тәсілдері мен
өнімге айналдыруды кеңейтумен, қоғамдағы білім берудің рөлін өзгертумен
ерекшеленеді. Бұл ретте интернет тек іздеу және пайдалы ақпарат табу құралы
ретінде ғана емес, сонымен бірге қолданылып жүрген оқыту формаларын дамыту
және жаңаларын құру құралы ретінде өте маңызды. Осының нәтижесінде
интернет ресурстарында ақпараттық-білім беру кеңестігі құрылды. Ақпараттық-
білім беру кеңестігі ретінде ақпараттық, бағдарламалық және техникалық
ресурстар жиынтығын, оқу орнының оқыту процесінің тиімділігін арттыратын
ұйысдастырушылық және методикалық қамтамасыздандыруды түсінеміз. Бұл
кеңестіктің ажырамас бір бөлігі ретінде білім беру порталдары қарастырылады.
Білім беру порталдарының мақсаттары:
қазіргі мемлекеттік білім беру парадигмасының маңызды бір бағытын
іске асырады;
ашық білім берудің оқыту курстарының қорын құрады.;
Intranet және Internet мүмкіндіктерін оқыту процесінде енгізуге және
қолдануға мүмкіндік береді және білім алушылардың арасында ақпараттық-
коммуникативтік қатынас құруға мүмкіндік береді.
14
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Веб қосымшаны құру әдістері
Қазіргі кезде порталды құрудың әдістер өте көп. Олар порталдың түрі мен
мақсатына, бағдарламашының шеберлігіне немесе тапсырыс берушінің қаржылық
мүмкіндіктеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Алайда әдістер әртүрлі
қасиеттері бойынша топтауға болады: қолданылатын бағдарламалық қосымша
бойынша, сервердің құрылымына байланысты, технологиялық қасиеттеріне
сүйене отырып, тіптен маркетингтік сипаттамалары арқылы.
Болашақ порталдың иесі үшін іске асыру уақыты мен бағдарлама құны
маңызды. Сондықтан бір-біріне ұқсамайтын ондаған әдістер болғанымен,
бағдарлама құны мен оны құруға кеткен уақыт ең маңызды факторлар деп
ескеретін болсақ, технологиялық іске асыру жағынан негізгі үш әдіс
қолданылады.
1 Басынан бастап нөлден құру.
Бұл әдіс ең ұзақ және ең қиын болып табылады. Оны іске асыру үшін веб
бағдарламалау тілдерінің (РНР, HTML, CSS) кемінде біреуін, және де деректер
қорымен (PostgreSQL) жұмыс істеу тәжірибесін талап етеді. Сонымен бірге
Dreamweaver, FrontPage, WebSite X5 секілді бағдарламалар негізінде порталды
құруға болады.
Бұл әдісте бүкіл жұмысты бағдарламалаушының өзі атқарады. Алайда
нәтиже кейде өте қарапайым бір түрде көрініс беруі мүмкін. Және де бұл әдісті
іске асыру үшін өте көп уақыт пен күш жұмсалады.
2 Конструторды қолдану.
Кәсіби веб бағдарламалаушы білімін қажет етпегендіктен, ең қарапайым
әдіс болып табылады. Алайда сапалы нәтижеге үміттенбей-ақ қоюға болады.
Шаблондар мен макеттерге негізделген көптеген конструкторлар бар. Ең
танымалдары ретінде «narod.ru», «setup.ru», «umi.ru», «ucoz.ru» және т.б.
Бастапқы кезеңде конструкторды қолданып, кейіннен бағдарламалаушы
оны зерттеуге кеткен уақыт үшін өкінуі мүмкін. Себебі, бұл әдістің бірнеше үлкен
кемшілігі бар:
а) конструкторларлың мүмкіндіктерінің шектеулігі, тек өзінің көрсетілген
функцияларын іске асыра алуы;
ә) арнайы код фрагменттерінің болуы және мұндай ресурстың
танымалдығын арттырудың қиындығы.
3 Құрылымды басқару жүйелерін қолдану.
Ең тез және кеңінен қолданылатын әдіс. Бүгінде WordPress, Joomla, Django,
15
Drupal және т.б. жүйелер сайттар мен блоктарға кеңінен қолданылады. Ал
форумдар үшін JAVAbb, ExBB, PunBB, SMF жүйелері.
Басқару жүйелерін (CMS) қолдану шаблондар мен құрылым сұлбаларын
пайдалануға мүмкіндік береді, және бағдарламалаушы жұмысын жылдамдатып,
жеңілдетеді
1.2 Веб қосымшаларды құруға арналған құралдарға шолу
Веб парақша көрінісін өңдеу үшін әртүрлі құралдар қолданылады. Барлық
өңдеу құралдары мәтіндік және визуалды болып бөлінеді. Визуалды өңдеу
құралдарын қолдану үшін html мен css-ті білу қажет емес.
Енді қолданыстағы визуалды өңдеу құралдарын қарастырайық:
1 Macromedia Dreamweaver. Web-парақшаларды құруға арналған жоғарғы
технологиялы құрал. Статистикаға жүгінер болсақ, қазіргі таңдағы ең жақсы
визуалды өңдеу құралдарының бірі. Көп бағдарламалаушылар Macromedia
Dreamweaver-ді кәсіби web-сайттарды жобалау үшін қолданады. Dreamweaver –
тек визуальды өңдеу құралы ғана емес, ол өте қуатты құрал, сондықтан оны
зерттеуге біршама уақыт қажет;
2 Adobe GoLive. Adobe бағдарламаларымен жұмыс істейтіндерге арналған
нұсқа. Өңдеу ортасы игеруге оңай болып табылады. GoLive Html, CSS және XML-
ды қолдайтын визуалды редактор ғана. Алайда GoLive-те керемет орнатылған код
редакторы бар;
3 Microsoft FrontPage.FrontPage күрделі веб тораптарды жобалауға, және
құрылған сайтты басқаруға қолданылады. FrontPage Html, Css, және Dhtml мен
Javascript-ті қолдайды. DHTML және Javascript.Бағдарлама суреттерді және флеш
технологияларды басқару үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;
4 Homesite – ең танымал және қуатты мәтіндік редакторы. Бұл HTML-КОД,
сондай-ақ CSS-редакторы жұмыс істеу үшін өте оңай және ыңғайлы болып
табылады;
5 HTML Pad бағдарламасы Homesite бағдарламасының ең елеулі бәсекелесі
болып табылады, себебі, пайдаланушылардың суйіспеншілігіне екеуі де ие.
JavaScript, VBScript, Perl, SSI, және ASP функцияларын қолдайды. Ал барлық
басқа бағдарламалардан қосымша CSS және HTML бойынша пайдалы
материалдарға ие;
6 Notepad – бұл қарапайым бағдарлама, көпшілігі өздерінің алғашқы
қадамдарын осы бағдарламадан бастайды. Notepad стандарты бағдарлама, ол
барлық қолданушыларда болады.
Мен өзім HTML және CSS зерттеуді осы бағдарламадан бастадым, және
сіздергеде кеңес беремін. Сайт жасауды үйренуді бөлек жазбадан блогта оқи
аласыз, бірақ болашақта қандай визуалды редактормен қолдансаңызда текстік
редактормен жұмыс жасау тәжірибесі артық болмайды.
1.3 Порталды бағдарламалық және аппараттық платформада іске
асыру