38
МББЖ
МБ
SQL
өтініштері
Мәліметтер
SQL мәліметтер базасының бірден бір жалғыз әрі негізгі тілі болып
қалыптасты. Бүгінгі күнде SQL персоналды компьютерде үлкен ЭЕМ-
дерде жұмыс істейтін жүзден астам МББЖ-нің қолдануына мүмкіндік
жасап отыр. SQL компьютердің МБ-дағы мәліметтерді өңдеу және оқу
үшін арналған құрал- сайман. SQL – МБ-ның реляциялық түрімен жұмыс
істейді. 2.3-суретте SQL жұмысының схeмасы келтірілген.
2.3 сурет - SQL жұмысының схeмасы
Осы схемаға сәйкес есептеу жүйесінде маңызды ақпаратты сақтайтын
МБ бар. Егер есептеу жүйесі бизнес төңірегіне таяу болса, онда МБ-да
еңбек ақы, сату көлемі, шығарылатын бөлім және басқадай бағалы заттар
туралы ақпарат сақталуы мүмкін. Егер тұтынушы МБ-нан мәліметтерді
оқығысы келсе, онда ол SQL көмегімен МББЖ-ге өтініш жібереді.
Мәліметтерге өтініш жіберу және нәтиже алу процесстері МБ-на өтініш
беру деп аталады. Сондықтан, SQL – құрылымдық өтініш тілі деп аталады.
SQL қызметтері:
1) Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL – тұтынушыға мәліметтерді
көрсету құрылымын өзгертуге және МБ элементтері арасындағы
қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді;
2) Мәліметтерді оқу. SQL – тұтынушыға МБ-дағы мәліметтерді оқуға
және оларды пайдалануға мүмкіндік береді;
3) Мәліметтерді өңдеу. SQL – тұтынушыға МБ-ны өзгертуге мүмкіндік
береді. SQL өтініштері арқылы оған (МБ-на) жаңа мәліметтерді қосуға, бар
мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға болады;
4) Қол жеткізуді басқару. SQL көмегі арқылы тұтынушының
мәліметтерді оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды
рұқсат етілмеген жағдайда қол жеткізу мүмкіндіктеріне қорғауға болады;
5) Мәліметтерді бірлесе пайдалану. SQL – бір-біріне кедергі жасамау
үшін, бір мезгілде (параллель түрде) жұмыс істеген тұтынушылардың
мәліметтерді бірлесе пайдалануын ұйымдастыру;
6) Мәліметтердің бүтіндігі. SQL – МБ-ын бүтіндігін сақтай отырып,
келісілмеген өзгертулерден немесе жүйенің істен шығуынан туындайтын
мәліметтердің бұзылуынан сақтайды.
Осылайша, SQL МББЖ-ге әсер ете алатын жеткілікті әрі қуатты тіл.
SQL МББЖ-ның ажырамас бөлігі, әрі ол тұтынушымен МББЖ арасын
39
байланыстыратын құрал-сайман. 2.4-суретте SQL-дің құрылымдық схемасы
көрсетілген.
Мұндағы 1 – пішін генераторы, 2 – есептеу генераторы, 3 –
интерактивті өтініштер құрайтын модуль, 4 – қолданбалы программа, 5 –
клиенттік қолданбалы программа.
МБ-ның ядросы МББЖ-ның жүрегі тәріздес болып табылады. Ядро
дискіден мәліметтерді физикалық түрде оқылуына және мәліметтерді
дискіге жазылуына, және мәліметтерді физикалық құрылымдауға жауап
береді. Одан басқа ядро басқа есептеу жүйесінің және тұтынушылар
қосымшасынан МББЖ-нің басқа бөліктерін (генератор, т.б.) туындайтын SQL
өтініштерін қабылдайды.
2.4 сурет - Құрылымдық схема
2.4 - суретте көрсетілгендей SQL көп қызметтер атқарады:
1) SQL интерактивті өтініштер тілі. Тұтынушылар экранда мәліметтерді
көрсетуге арналған және оқуға арналған интерактивті бағдарламаларға SQL
бұйрықтарын енгізеді. Бұл арнайы өтініштерді орындайтын ыңғайлы тәсіл.
2) SQL – МБ-ны бағдарламалайтын тіл. МБ-ға қол жеткізу үшін
бағдарламашы өз бағдарламаларында SQL бұйрықтарын орындайды. Бұл
тұтынушылар жазған бағдарламаларында да, мәліметтердің қызмет
бағдарламаларында да қолданылады.
3) SQL – МБ-н басқаратын тіл. Мини компьютерде де, үлкен ЭЕМ-де
де МБ-н басқарушы мәліметтерге қол жеткізуді басқару үшін және МБ-ның
құрылымын анықтау үшін SQL тілін қолданады.
4) SQL – клиент-сервер қосымшасын жасайтын тіл. Персоналды
компьютер бағдарламаларында SQL бірлесе пайдаланылатын мәліметтер
сақтайтын МБ-ның серверімен бірге локальді, жергілікті торап арқылы
байланыс ұйымдастыру үшін қолданылады.
Басқа
МББЖ-ге
1
2
3
4
5
МБ ядросы
МБ
шлюзі
МБ
Басқа
комп
жүйелерге
40
5) SQL – мәліметтер базасын орналастыратын тіл. Орналастырылған
МБ-н басқару жүйелерінде SQL арқылы өзара әсерлесетін бірнеше есептеу
жүйелеріне мәліметтерді орналастыру көмектеседі. Әрбір жүйенің
бағдарламамен қамтылуы мәліметтерге қол жеткізуге өтініштер жібере
отырып, SQL-ді қолдану арқылы басқа жүйелермен байланыс жасау.
6) SQL МБ-ның шлюз тәріздес тілі. Әртүрлі МББЖ бар есептеу
тораптарында біртүрлі МББЖ-мен екінші түрлі МББЖ-мен байланыстыруға
мүмкіндік беретін шлюзді бағдарламаларда SQL тілі қолданылады.
Сондықтан, SQL адамдарға, бағдарлама және ЕЖ-де реляциялық МБ-ға
ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін пайдалы әрі қуатты құрал-сайман.
SQL ерекшеліктері:
- нақты МББЖ-ден тәуелсіздігі;
- бір есептеу жүйесінен екіншіге ауыстыру мүмкіндігі;
- стандарттың бар болуы;
- реляциялық негіз;
- арнайы интерактивті өтініштер орындау мүмкіндігі;
- бағдарламалы түрде МБ-на қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- мәліметтерді әр түрде көрсету мүмкіндігі;
- МБ-ның жұмыс істеуге арналған толық мәнді тіл;
- мәліметтерді динамикалық түрде анықтау мүмкіндігі;
- клиент-сервер архитектурасын қолдану мүмкіндігі.
SQL тілінің таралуының жылдам өсуі қазіргі компьютер өндірісінің ең
маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда SQL
мәліметтер базасының бірден бір негізгі, әрі жалғыз тіл болып қалыптасты.
Бүгінгі күнде SQL персоналды компьютерде де, үлкен ЭЕМ-де де жұмыс
істейтін жүзден астам МББЖ-дің қолдауға мүмкіндік жасап отыр. SQL
компоненттерінің мәліметтер базасындағы мәліметтерді өңдеу және оқу үшін
арналған құрал-сайман.
2.2.4 AJAX тілінің негіздері
Қазіргі уақытта web- жобаларды жасау күннен күнге күрделене түсуде,
осыған орай олардың іске асуы баяулауда. Және құрастырудың өзі көп
уақытты алады. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар:
1) Шаблондар. Қазіргі кезде web-қосымшларын құруда клиенттік және
серверлік бөлімдерін бөліктеуге ұмтылады, сол себепті шаблондарды бірге
қолданады. Түрлі технологияларды бір-бірімен байланыстыра пайдалану
құрастырушының уақытын қымбатқа түсіреді. Мысалы, барлық форматау
стильдері CSS-қа немесе XSL-ға жазылады, HTML немесе XML мәліметтері
басқа бөлімдерде сақталады, серверлік өңдеулер үшіншісінде, мәліметтер
қоры тағы біреуінде. Егер 5-6 жыл бұрын аталғанның барлығы бір файлда
ұйымдастырылған болса, қазір бұл сирек кездеседі.
2) Бұдан
да
күрделі
жобаларды
құрастыруда
кодтың
құрылымданғандығы мен оқуға ыңғайлылығы талап етіледі. Программалық
кодты беттеушінің, яғни дизайнердің кодымен араластыру қажет емес. Екі
Достарыңызбен бөлісу: |