42
Жасөспірімдер мен жастарға консультативтік, емдеу-профилактикалық
көмек көрсету келесі бағыттар бойынша іске асырылады.
• отбасын жоспарлау мәселесі бойынша консультация беру, қазіргі кездегі кон-
трацепция құралдарымен және тәсілдерімен, оларды қолдану негіздерімен және
қайшы негіздемелермен жастар мен жасөспірімдерді таныстыру;әсіресе контра-
цептивтер қолдану барысында қосалқы әсерлер мен асқынушылықтар туындаған
кезде, пациенттерге консультация беру және тұрақты бақылауға алу;
• Контрацепция құралдарын тарату мен есепке алу
• жыныстық жетілу кезеңінің барлық мәселелер, қауіпсіз жыныстық қатынас,
қаламаған жүктіліктің, ЖЖБИ, АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері бойын-
ша консультация беру;
• босанғаннан кейін, жүктілікті үзгеннен кейін және қайталағанын қаламаған
жүктіліктің алдын алудан соң жас пациенттерге сауықтыруды қорытынды кезеңін
жүргізу, сондай-ақ асқынушылық орын алған жағдайда (пациенттің қалауы бой-
ынша) консультация беру;
• жатыр мойыны ауыруымен ауыратын пациенттерді диагностикалау мен емдеу;
жіті (цитологиялық, вирусологиялық) тексеруге жіберу, диспансерлік бақылауды
іске асыру.
• жасөспірім қыздардың сүт безі патологияларын бастапқы анықтау және тексеру,
емдеу үшін маммолог маманға дер кезінде жіберу;
• ЖЖЖИ-мен ауыратын жасөспірімдерді анықтау мен емдеу, мерез және соз ауы-
руымен ауыратын паценттерді ҚТВД-ге жіберу.
• жыныс органдарының туа пайда болған немесе жүре пайда болған аурулары бар
жасөспірім ұлдар мен бозбалаларды диагностикалау және бейінді ұйымдарға ем-
делуге жіберу;
• жасөспірімдердің жалпы психикалық денсаулығы, жыныстық қатынас мәселелері
бойынша жасөспірімдерге медициналық-психологиялық консультациялар беру,
жасөспірімдер мінез-құлықтарының барлық түрдегі бұзылуларын медициналық-
психологиялық тұрғыдан түзету, жастармен және жасөспірімдермен жеке және
топпен психологиялық тренингтер өткізу.
Емдеу-диагностикалық қызмет ЖДО-ға өз еркімен жүгінген немесе басқа
ЕПҰ-ның маманымен жіберілген жасөспірімдерді жеке қабылдауды ұйымдастыру
арқылы іске асырылады. Жасөспірімдермен барлық емдеу-диагностикалық шара-
лар ҚР заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.
Әлеуметтік және психологиялық қызмет көрсету:
Репродуктивтік денсаулыққа (жыныстық зорлық, күтпеген жүктілік, ЖЖЖИ,
АИТВ жұқпасы және т.б.) қатысты күйзеліске тап болған жасөспірімдерді
әлеуметтік қорғау.
Психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік орталықтар және
әлеуметтік қорғау органдарымен өзара әрекеттестік.
Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтармен және психологтармен
өзара әрекеттестікке бағытталған.
43
Оқу-әдістемелік жұмыс:
Қалалар мен өңірлердің білім беру және емдеу-диагностикалық ұйымдарының
педагогтары, әлеуметтік қызметкерлері, медицина қызметкерлер құрамы мен пси-
хологтары, жасөспірімдердің ата-аналары үшін оқыту семинарларын, тренингтер,
мәжілістер, дөңгелек үстелдер, жеке консультациялар өткізу.
Жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін жастар арасынан көшбасшыларды
(еріктілерді) іріктеу мен даярлау.
Жастар мен қоғамдық ұйымдардың, әлеуметтік қызметтердің, бұқаралық
ақпарат құралдарының бірлескен жұмысына тарту және өзара әрекеттестік, халық
арасында білім беру, санитарлық-ағарту жұмысына, оның ішінде теледидарда, ра-
диода сөз сөйлеуге қатысу, мерзімдік басылымдарға мақала беру және т.б.
Халыққа, ЕПҰ мамандарына, білім беру мекеесінің қызметкеріне арналған
ақпараттық және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу.
Кадрларды даярлау
Мамандарды оқыту Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемала-
ры ұлттық орталығында мемлекеттік үлгідегі сертификатты беру арқылы
дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру тақырыптық (156 сағат) цикілінде және
акушерлік және гинекология кафедрасында «Жасөспірімдік гинекология»
циклінде жүргізіледі.
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың техникалық қолдауымен
психологиялық-әлеуметтік консультация бойынша интерактивтік тренингтер се-
риялары қарастырылған.
Жастар денсаулық орталығының мамандарын (медициналық қызметкерлер,
психологтар, әлеуметтік қызметкерлерді) мемлекеттік үлгідегі сертификат
беру арқылы «Жазғы мектеп» және «Қысқы мектепте» «Жасөспірімдер мен
жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау», «Жасөспірімдер мен жастарға
психологиялық-әлеуметтік кеңес беру» және т.б. тақырыптары бойынша оқыту.
7.Темекіге қарсы орталықтар (кабинеттер)
Темекіге қарсы орталықтар (кабинеттер) – МСАК жүйесіндегі арнайы
қызмет, әлемде қабылданған шылымқорлықтың алдын алу, темекі өнімдерін
тұтыну мен темекіден бас тартуда көмек көрсетудің тиімді практикалық
механизмдерінің бірі.
Өзектілігі.
ҚР ДСМ тапсырысы бойынша СӨСҚПҰО жүргізген 2012 жылғы Ұлттық
зерттеу мәліметінше сұралған ересек жастағы тұрғындар арасында темекі
тартудың таралуы - 26,5%, сауалнамаға жауап беруші пассивті темекі тартушылар
- 62,2%, темекі тартуды ешқашан тастамаған темекі тартатын сұхбаткерлер саны
- 25,9%, күнделікті темекі тартатын сұралғандар - 20,3%, күнделікті тартпайтын-
дар - 8,3%-ды құрады. Темекі тартудың 11-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер
арасында кең таралуы 6,7%, сұралған балалар арасында үйде пассивтік темекі
тартатындар – 12,5% және басқа орындарда 14,8%-ды құрайды. Темекі індетінің