54
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ды. Ал қоғамдық сипаты этномəдени бірлестіктерден жəне басқа қоғамдық
маңызы бар құрылымдардан, азаматтық қоғам институттарынан көрінеді
(қар
. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық
үлгісі, Қазақстандағы этносаясат қағидаттары, ҚХА Төрағасы, ҚХА Хат-
шылығы, ҚХА кеңесі, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ (2020 ЖЫЛҒА ДЕ-
ЙІНГІ) ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – (ор.
Концепция развития Ассамблеи
народа Казахстана (
до 2020 года), ағыл.
the concept of development the Assembly
of People of Kazakhstan (till 2020)) мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға,
ұлттық бірлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамта-
масыз етуге, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік жəне азамат-
тық институттардың өзара іс-қимылын жандандыруға жəне осы өзара іс-қи-
мылдың тетіктерін жетілдіруге, ең алдымен, Ассамблея институты арқылы
қол жеткізуге бағытталған негізгі бағдарлар жүйесінің жиынтығы.
Негізгі қағидаттары: адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары-
ның басымдығы; халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы; Қазақстан-
ның ұлттық бірлігі, егемендігі мен тұтастығы; нəсіліне, ұлтына, тіліне, дініне,
наным-сеніміне немесе басқа да жағдайларға қарамастан адамның жəне аза-
маттың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; Ассамблея мүшелерінің
оның құрамындағы тең құқылығы жəне өз қызметі үшін жеке жауапкершілі-
гі; транспаренттік.
Мақсаты – Ассамблея институтын бұдан əрі дамыту жəне
оның елдің тəуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайтудағы рөлін арттыру, па-
триотизм, қазақ халқы мен мемлекеттік тілдің топтастырушы рөлін арқау ете
отырып, жалпы құндылықтар негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті
қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері: 1) «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асырудың,
күшті мемлекет, дамыған экономика жəне Жалпыға Ортақ Еңбек мүмкін-
діктері негізінде берекелі Қоғам қалыптастырудың тиімді ресурсы ретін-
де этносаралық қатынастарды үйлестіру жəне қоғамдық келісімді нығай-
ту; 2) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен аза-
маттық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету
арқылы ұлттық бірлікті қалыптастыру, этносаралық келісім мен қоғамдағы
толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау; 3) этностық мə-
дениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін одан əрі дамыту
негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке қол жеткізу үшін этномə-
дени жəне басқа да қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру; 4) та-
рихи тəжірибеге жəне демократиялық нормаларға сүйенетін қазақстандық
қоғамның негізгі құндылықтар жүйесін қалыптастыру, азаматтардың сая-
си-құқықтық, əлеуметтік-адамгершілік мəдениетін дамыту; 5) этностық мə-
дениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін дамыту; 6) шет
елдерде тұратын қазақ ұлтының өкілдеріне ана тілі, мəдениеті мен ұлттық