51
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Бұл Заңмен қатар Республика Президентінің, Өкіметінің, басқа да орталық
жəне жергілікті мемлекеттік органдардың кесімдері қолданылады. Бұл құ-
жаттар арқылы мемлекеттік ұлттық саясатты іс жүзіне асыруға бағытталған
тиісті мемлекеттік стратегиялар, тұжырымдамалар мен бағдарламалар, басқа
да нормативті құқықтық кесімдер бекітіліп, жүзеге асырылады.
Мəселен, ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 28 ақпан-
дағы №38 бұйрығымен тіл туралы ҚР заңнамасын қолдану аясында тəуекелге
барудың дəрежесін бағалаудың межелеуіштері, тілдер туралы ҚР заңнамасын
қолдану саласындағы тексеру парағының формалары бекітілді. ҚР Мəдениет
жəне ақпарат министрі (2013 ж. 29 наурыздағы №70 бұйрық) мен ҚР Пре-
мьер-Министрінің Бірінші орынбасары, ҚР өңірлік даму министрі (2013 ж.
29 наурыздағы №01-04-03/27 бұйрық) бірлесіп жеке кəсіпкерлік саласында
реквизиттер мен көрнекі ақпаратты орналастыруды, тіл туралы ҚР заңнама-
сының сақталуын тексеретін парақтың формасын жəне тəуекелге бару дəре-
жесін бағалайтын межелеуіштерін бекітті.
Тілдерді қолдану саласының күрделілігіне байланысты ҚР Конституция-
лық кеңесі 1997 жылы 8 мамырда №10/2 «Қазақстан Республикасының
Парламенті 1997 жылы 12 наурызда қабылдап, Қазақстан Республикасы-
ның Президентіне қол қоюға ұсынған Қазақстан Республикасы «Тіл тура-
лы» Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкестігін
анықтау жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүгінісі туралы»
қаулы қабылдады. Аталмыш Заңның Конституцияға қайшы келетіндігі та-
нылып, табылған қайшылықтар жойылды. Конституциялық бақылау органы
заңдардың мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінде алшақтыққа
жол беруге болмайтыны жөнінде бірнеше рет пікір білдірді, мұндай ал-
шақтықтардың болуы нормативті құқықтық кесімді конституциялық емес
деп бағалауға негіз болады.
Конституциялық кеңестің пікірінше, Республикада мемлекеттік тілдің
басым мəртебесіне, Қазақстан халқы тілдерінің қалыпты қолданылуына
нормативтік-құқықтық жағдайлар жасалған, мемлекеттік ұйымдарда қа-
зақ жəне орыс тілдерінің қолданылуын реттейтін заңнамалық тірек бар.
Қазақ жəне орыс тілдерін қолдану саласында конституциялық талаптарды
іс жүзінде бұзуға қатысты ұшырасып қалатын айғақтарды қажетті ұйым-
дық, материалдық жəне техникалық шаралар қабылдау жолымен түзеуге
болады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ (ор. языковая ситуация в Казах-
стане, ағыл. state of language in Kazakhstan) - Қ.т.а. экзоглосты, теңдестірілме-
ген, диглосты жəне демографиялық жағынан тең емес сипаты бар. Қазақстан
тегі жағынан жəне құрылымдық типі жағынан əр түрлі тілдерде сөйлейтін
жұрты бар көптілді мемлекет болып саналады. Алайда, «атқаратын қызмет-
терінің көлемі жағынан этностық топтардың тілдерінің шамалары тең емес»
52
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
(«Қазақстан Республикасы тілдік саясатының тұжырымдамасы»), сондықтан
коммуникативтік кеңістіктен тілдердің нақты орын алуы демографиялық
жəне жұмсалымдық жағынан қуатты екі тілдің, қазақ жəне орыс тілдерінің,
пайдасына шешіліп тұр, өйткені қостілді, үштілді қоғамдастықтардың көбі
(ұйғыр, дүнген жəне кейбір басқа топтарды қоспағанда) шашыраңқы қоныс-
танған жəне олардың ұлттық-аумақтық құрылымдары жоқ. Қазіргі уақытта
тілді мəртебесі тұрғысынан жоспарлау жүзеге асырылды, Қазақстанда қазақ
тілінің қолданылу аясын кеңейтетін жаңа тілдік ахуал заңдық жолмен жа-
салды, оны нормалау мен заманауиландыру жөніндегі іс-шаралар өткізілуде
(қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Мем-
лекеттік тіл, Қазақстан тілдері, Əлем тілдері, Тіл саясаты, Тілдік ахуал,
Тілдік заңнама).
ҚАУЫМДАСТЫҚ (ор. общность, ағыл. community) – қайталанбас дербес-
тік беретін тілдік, этностық, мəдени т.б. белгілерге ие жəне тарихи қалыптас-
қан тұрақты əлеуметтік байланыстармен, қатынастармен біріккен адамдар-
дың жиынтығы. Қ. мысалына ру, тайпа, отбасы, қауым, Ұлыс, Ұлтты жатқы-
зуға болады (қар. Этнос, Этностық топ, Тілдік ахуал).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ (ор. народ Казахстана, ағыл. People of Kazakhstan)
– Қазақстан Республикасы азаматтарының қауымы, халықтың егемендік пен
құрылтайшы биліктің иесі.
Қазақстанның көпұлтты халқы деген ұғым ел аумағын жай ғана мекен
ететін жұрт деген түсінікпен шектелмейді. Қ.Х. – ҚР Конституциясында жа-
рияланғандай, ортақ тарихи тағдыр біріктірген, байырғы қазақ жерінде мем-
лекеттiлiк құрған, өздерін бейбітшіл азаматтық қауымдастық деп ұғынатын,
еркіндік, теңдік пен татулық мұраттарына берілген, əлемдік қоғамдастықта
лайықты орын алуды қалайтын, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершілікті сезінетін қауымдастық. Барша қазақстандық та-
ныған бұл асқақ мұраттар, үміттер мен ниеттер Қазақстан азаматтарының
қауымын бірте-бірте көпұлтты жəне көпконфессионалды қауымға Біртұтас
Ұлтқа топтастырып келеді.
Қ.Х. конституциялық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып са-
налады.
Конституцияның 3-бабына сəйкес, Қ.Х., оның ерік-қалауы – мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы. Халықтың құрылтайшы билігі 1995 жылдың 30
тамызындағы республикалық референдумда ҚР Конституциясын қабылда-
уынан көрінді. Бұл Конституцияда қоғам мен мемлекеттің маңызды бастау-
лары көрініс тапты əрі заңды түрде бекітілді. Халықтың құрылтайшы билігі
басқа да тағдырлы мəселелерді қабылдаудан да көрінеді.
Қ.Х. өз билігін республикалық референдум жəне еркін сайлау арқылы ті-
келей жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды халық мемле-
Достарыңызбен бөлісу: |