11
Кіріспе
Сөз – қоғам мен табиғат құбылыстарын, адамның рухани өмірін
білдіретін маңызды тілдік бірлік. Сөз қандай күрделі құбылыс болса, оның
мағынасы да сондай күрделі категория.
Электронды сөздіктердің "қағаз сөздіктерден" айырмашылығы сөздің
толық лексикалық базасын ашып көрсете алады, және оңай ізделеді. Одан
басқа, компанияларда көптеген құжаттар компьютерде дайындалады,
сәйкесінше, керек сөзді кітаптан іздемей-ақ компьютерден іздеу ыңғайлырақ.
Электронды сөздіктің өмірі басқа программалық жүйелер сияқты қиын
болуы керек, ерекше зиянды қолданушылардың кесірінен кезекті қателер
шығады, бір жағынан барлық мүмкіншіліктер мен қажеттіліктерді пайдалана
отырып, катені уақытында түзетуге болады.
Осы орайда ақпараттық технологияның ХХІ ғасырда білім беру жүйесіне
енгізген жаңалығы электрондық сөздік болып табылады. Электрондық сөздік
кітаптың мазмұнын толық сақтап қалуымен қатар, қазіргі замандағы жаңа
компьютерлік технологияларды, мультимедияны ауқымды қолданып, бәсекеге
қабілетті мамандар дайындалуына үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда мекемелерде, оқу орындарында, кәсіпорындарда
құжаттардың қазақ тілінде болуы ана тілімізде сөйлеуді дамытудың алғашқы
қадамдарының бірі. Әйтсе де, отандастарымыздың сөз мағынасын түсінгенімен,
сөз мәдениетін, сөзді дұрыс қолдана алмайтынын байқалады. Міне, осы өзекті
мәселенің бірден бір шешімі қазақ тілінің электронды түсіндірме сөздігін жасау
болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кем дегенде үш түрлі түсіндірме сөздік
алып, олардың арасында бір-бірімен байланыс орнатып, программа құру.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі зерттеу міндеттері орындалуы тиіс:
Adobe Dreamweaver CS3 программасының функцияларын анықтау;
PHP тілінің мүмкіндіктерін зерттеу;
түсіндірмелі сөздіктердің деректер базасын жобалау;
қолданушы интерфейсі;
жобаланғандарды жүзеге асыру, яғни программалау;
программаны сынақтан өткізу.
Зерттеу нәтижелерін қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде іс жүргізу, қазақ
тіліндегі ақпараттардың қазақша түсіндірмесін табу мүмкіндігі бар қазақ
тілінде қарым–қатынас жасайтын ақпараттық технологиялар мен жүйелерді
дайындауда және телекоммуникациялық жүйелерде қазақ тіліндегі ақпаратты
дұрыс қабылдау, беру мен өңдеуде қолдануға болады. Бұл еліміздің әртүрлі
қызмет, білім, ғылым, техника, технология және басқа салаларына байланысты
қазақ тілінің дамуына әсерін тигізеді және қазақ тілінің мәні мен рөлін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде ғана емес, сонымен қатар
12
халықаралық қарым-қатынастар және адам мен компьютер арасындағы
байланыс (интерфейс) тілі ретінде де арттырады.
1 Түсіндірме сөздік
1.1 Түсіндірме сөздік туралы жалпы түсінік
Тіл - халықтың даналығын, танымы мен талғамын, тауып айтатын
шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып
келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық
аса бай ұжымдық тәжірибесі жинақталған. Қоғамды мәдениетке жеткізіп,
қоғамдық ой-сананы биікке көтеретін, қуатты да құдіретті мұндай тілдің
көмегімен өркендеген елде оның құрылымы мен жүйесі дами түсіп, небір нәзік
ой сезімді, аса күрделі құбылыстарды дәл бейнелейтін қабілеті арта береді.
Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан
байқалады. Сондықтан тілдегі сөздерді жинақтап, жүйеге салып, әрқайсысының
мән-мағынасын ашып, сөздік қалпына түсіріп, халықтың өзіне қайта ұсыну -
қиынның қиыны болса да, абыройлы міндет.
Тілдің сөз байлығын жүйелеп, саралайтын сөздіктердің әр алуан түрі
болады. Солардың бірі саналатын түсіндірме сөздік тілдің лексикалық
байлығын неғұрлым толық қамтуды көздейді. Әсіресе көп томды түсіндірме
сөздікте күнделікті қарым-қатынас кәдесіне жүрген сан алуан сөзбен бірге
олардың әртүрлі нұсқалары, жергілікті сөз байлығы, кәсіби лексика мен
терминдер, көнерген сөздер барынша мол қамтылып, лексикалық,
грамматикалық, стильдік мән-мағыналарына біршама толық сипаттама
жасалады және міндетті түрде иллюстрациялық материалдар беріледі. Қазақ
тілінің он томдық сөздігінің жарық көруі - осы саладағы ағашқы қадамдардың
бірі болды.
Түсіндірме сөздік дегеніміз – әдеби тілде жалпылама және жиі
қолданылатын сөздердің нақты мағыналарын, ауыс мағыналарын, оларға
қатысты тұрақты сөз тіркестерін талдап, иллюстрациялық материалдар арқылы
түсіндіретін біртілді сөздік.
Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты – бір тілдің белгілі дәуірдегі
жалпыхалықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік әрі грамматикалық
жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік
құрамының сан мөлшерін біршама анықтау, сөздердің мағыналық нормаларын,
стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің
жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай
отырып, соған нақтылы түсінік беруді карастырады. Сондықтан түсіндірме
сөздік кейде нормативті сөздік деп аталады. Нормативті түсіндірме сөздік бір
томдық және көптомдық болып жасалады. Көлемінің үлкендігіне қарай
көптомдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп атайды.
Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер
тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды. Қайсыбір