Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет83/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   135

Қазақ тілі 

 

253 



Институты атанды 

Іске қосылды 

Атымен аталады 

Ретінде құрылған 

Құрылыс материалдарын алу 

Қызмет етті 

Жұмыс істейді 

 

646-тапсырма. Мәтіннен құрылысқа қажетті шикізаттарды 

теріп жазыңыздар. 

 

647-тапсырма.  Абай  өлеңдерінен  берілген  үзінділерді 

оқып, жаттап алыңыздар. 

 

Ақыл бітсе дәулетке, 



Дәулет бітпес келбетке. 

 

Жүректе қайрат болмаса, 



Ұйықтаған ойды кім түртпек? 

Ақылға сәуле қонбаса, 

Хайуанша жүріп күнелтпек. 

Өзің үшін үйренсең, 

Жамандықтан жиренсең, 

Ашыларсың жылма-жыл. 

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 



Сонда толық боласың елден бөлек. 

 

648-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер 

құрастырыңыздар. 

 

Құрылыс  материалдары  ғылыми-зерттеу  институты,  қазақ 



бөлімшесі, шикізат өндіру, өнеркәсіп қалдықтары, гипс шығару, 

зауыттарды іске қосу, үлес қосу. 

 

649-тапсырма.  Мына  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағынасын түсіндіріңіздер. 

 

Ұлттық мүдде 



Салт-дәстүр 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

254 


Мәдени мұра 

Жастардың санасы 

Жаман қылық 

Нарықтық заман  

Мықты азаматтар 

Үмітін ақтау 

 

650-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар. 

 

1931  жылы  құрылыс  материалдары  мен  ғимараттар 



ғылыми-зерттеу  ...  ретінде  құрылған.  Алматы  ...  орналасқан. 

1956  жылдан  Қазақстан  ҒА-ның  құрылыс  және  ...  ...  институты 

атанды.1957  жылдан  КСРО  құрылыс  және  архитектура 

академиясының  ...  бөлімшесі  болды.  Құрылысқа  қажетті 

шикізаттар  негізінде  қабырғалық  керамика  және  силикат 

материалдарын  алудың  тиімді  ...  тәсілдері  болып  табылады. 

Гипс – зауыттар Ақтөбе, Атырау, Түркістан қалаларында бар. 

 

651-тапсырма.  Мәтіндегі  ойды  түсініп  оқыңыздар.  Адам 

өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңіздер. 

 

Тіл  қаруы  –  сөз,  сөз  қаруы  ой.  Ақылды  ой,  алғыр  сөз  – 



адамның ең жоғары қасиеті. Мұралардың  ең қымбаты – сөз. Сөз 

күн  шалмас  қараңғы  көңілді  шалады,  күн  жылытпас  суық 

көңілді  жылытады.  Асыл  адам  да,  нәрсе  де  тозады,  жоғалады. 

Асыл сөз мәңгі жасайды. 



   (Ғ. Мұстафин) 

 

652-тапсырма. Термин сөздерді жаттаңыздар. 

 

құрылыстық бөлшек – строительная деталь  



мөлшерлегіштер – дозаторы 

ағаш талшықты тақта – древесноволокнистая плита 

темірлену – железнение 

май ұстағыштар – журоловки  

ауа-жылулық перде – воздушно-тепловая завеса  

құламалар салу – заложение откосов 

қалайтын бұйым – закладное изделие 

күрделі құрылыс – капитальное строительство 

 



Қазақ тілі 

 

255 



653-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысыңыздар. 

 

Құрылыс өндірісінің технологиясы, құрылыс сметасы 

 

Құрылыс  өндіріс  технологиясы  – 

құрылыс 

құрастыру 

жұмыстарын 

орындау  әдістерінің  жиынтығы,  осы 

әдістердің  тиімді  жолдарын  зерттейтін 

ғылыми 


пән. 

Құрылыс 


өндіріс 

технологиясы құрылысқа пайдаланылатын 

материалдар 

мен 


шала 

өнімдердің 

түріне  немесе  тұрғызылатын  құрас-

тырымдылық 

элементтердің 

түріне 


қарай 

алуан 


түрлі 

технологиялық 

үрдістерге  бөлінеді.  Құрылыс  өндіріс  технологиясындағы 

үдерістер  әртүрлі  жұмыстардан,  ал  бұл  жұмыстар  өз  кезегінде 

түрлі  әдістерден  құралады.  Үйлер  мен  ғимараттар,  т.б. 

құрылыстар  салу  үшін  оның  жерасты,  жерүсті  бөліктерін 

тұрғызуға арналған құрылыс-құрастыру және өңдеу жұмыстары 

орындалады.  

Құрылыс  сметасы,  құрылыс  сметалық  құны  –  кәсіпорынды, 

жекелеген  үйлер  мен  ғимараттарды,  не  олардың  кешендерін 

салумен,  қайта  жаңғыртумен  байланысты  жұмсалатын  барлық 

шығындардың  мөлшері;  құрылыстағы  өнімнің  бағасы.  Сметалық 

нормалар,  сметалық  баға,  мөлшерлемелер  мен  тарифтер  негізінде 

есептеледі.  Құрылыс-құрастыру  жұмыстарының  құнын,  жабдыққа 

жұмсалатын шығындарды, өзге  де күрделі шығындарды қамтиды. 

Оның  негізгі  бөлігі  –  құрылыс  құрастыру  жұмыстарының 

сметалық  құны  −  шығындарда,  үстеме  шығыстардан,  жоспарлы 

қордан құралады.   

Жобаланатын  нысананың  сметалық  құнын  анықтау  үшін 

технологиялық  жоба  бойынша  орындалатын  жұмыстардың 

жалпы  құнын  айқындайтын  жиынтық  смета;  жекелеген 

нысандар  мен  жұмыс  түрлеріне,  жабдық  сатып  алуға  және  оны 

құрастыруға  арналған  смета;  жекелеген  шығын  түрлеріне 

арналған есептер; материалдардың, көлік шығыстары мен басқа 

да  шығыстардың  калькуляциясы;  жобалау  және  іздестіру 

жұмыстарының сметасы жасалады. Құрылыс сметаларын жасау 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

256 


үшін  қажетті  бастапқы  материалдар:  жобаланатын  үйлер  мен 

ғимараттардың  тізбесі,  олардың  құнының  есебі;  жабдықтың, 

такелаж 

бен 


құрал-сайманның, 

сызбада 


келтірілген 

материалдардың 

сипаттамасы; 

тасымалдың 

қолданыстағы 

бағасы  мен  тарифтері;  каталогтар  мен  басқа  да  сметалық-

нормативтік  материалдар;  үстеме  шығындардың  мөлшері  және 

құрылыс 


құрастыру 

жұмыстарының 

құнына 

енгізілетін 



түзетулер;  құрылыс  бойынша  өзге  де  шығындардың  шамасын 

айқындайтын нормативтер, т.б.  



 

                       Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс 

                       материалдары мен бұйымдары.  

                       − Тараз: Сенім, I т.  2007−576 б. 

 

654-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  мазмұны  бойынша  сұрақ 

дайындаңыздар. 

 

655-тапсырма.  Мәтіннің  негізгі  идеясын  ашатын сөйлемді 

табыңыздар. 

 

656-тапсырма.  Мәтіннен  құрылыс  өндірісі  технологиясына 

және құрылыс сметасына қажетті сөз тіркестерін теріп жазыңыздар. 



 

657-тапсырма.  Мәтін  бойынша  берілген  сөйлемдердің  бос 

орындарын толтырыңыздар. 

 

Құрылыс  өндірісі  технологиясы  құрылысқа  пайдаланылатын 



...  мен  ...  ...  түрлеріне  бөлінеді.    Үйлер  мен  ғимараттар  салу  үшін 

жерасты,  жерүсті  ...  тұрғызуға  арналған  құрастыру-өңдеу 

жұмыстары орындалады. Құрылыстың ... құны – кәсіпорындарды, 

үйлер мен ғимараттарды салумен қайта жаңғыртумен жұмсалатын 

шығындардың мөлшері. Сметалық нормалар, сметалық баға, ... мен 

тарифтер негізінде есептеледі.  

 

658-тапсырма.  Мына  сөздердің  синоним,  антонимдерін  

табыңыздар. 

 

 

Синоним 



Антоним 

орындау 


құрастыру 

мағлұмат 

 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау