Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет82/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

250 


638-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  түсініктемесін  біліп 

алыңыздар. 

 

Ағаш  үй  –  ағаштан  орап  жасаған  үй.  Қос  –  киіз  үйдің  бір 



түрі. Жер кепе – жер үй, лашық. Абылайша – киіз үйдің бір түрі. 

Жорықта,  не  үдере  көшкенде  уық  пен  шаңырақтан  тіге  салып, 

үзікпен  жабады.  Ақ  орда  –  ақ  киіз  үй.  Ақбоз  үй  –  бозғылт 

киізбен жапқан киіз үй. Жоламай (жол амал) – жолда жүргенде 

тігетін  киіз  үй  (оның  уық,  керегесі  болмайды).  Жар  –  үйдің 

қабырғасы. Жақтау – босаға, қасек. Қанат – киіз үйдің керегесі. 

«Алты  қанат  ақ  орда  үй  шайқалды»  (Абай).  Алты  қанат  –  алты 

бөлек (алты қанат кереге, алты қанат ши).  

 

639-тапсырма. 

Әр 


халықтың 

ақын-жазушыларының 

пікіріндегі  ортақ  әңгіме  не  туралы  екенін  түсіндіріңіздер. 

Айтылған пікірлердегі негізгі ойларды анықтаңыздар. 



 

Ана  тілін  жақсы  меңгеріп  алмай  тұрып,  өзге  пәндерді 

түсіну  мүмкін  емес.  Ана  тілі  –  жүректің  терең  сырларын, 

халықтың 

басынан 

кешкен 


дәуірлерін 

ұрпақтан-ұрпаққа 

жеткізіп, сақтап отыратын қазына. 

  Ж. Аймауытов 

 

Ана  тілім  менің!  Сен  маған  ризасың  ба,  білмеймін,  бірақ 

менің тілегім сенсің. Сені мен мақтан етемін.  

 Р. Ғамзатов  

 

Білімділіктің  ең    басты  факторы  туған  тілінде  сөйлеу  мен 



оны сыйлаудан басталады. 

  Г. Гегель  

 

Туған  тіл  –  ақыл-ой  дамуының  негізі  және  барлық 

білімдердің қазынасы. 

 К.Д. Ушинский 

 

  640-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерін  пайдалана 

отырып, шағын мәтін құрастырыңыздар. 

 

Құрылыс  жұмыстары,  құрал-жабдық,  құрылыс  машиналары, 



доңғалақты  кран,  топырақ  таптауыш,  жер  қазғыш  машиналар, 


Қазақ тілі 

 

251 



тастақ  қабаттарды  бұзу,  көтергіш  кран,  жолдар  салу,  жөндеу 

жұмыстары, өңдеуіш машиналар. 



 

641-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

құрылыс құрылымдары – строительные конструкции  



қопарғыш – корчеватель 

бұта кескіш – кусторез 

бояу жұмыстары – малярные работы 

құрылыстың механикалық құралдануы – механовооруженность 

жинақтау – монтаж 

аспалы қабырғалар – навесные стены  

тозаңдату – напыление  

қаптау – обделка  

жиек – обрез  

 

642-тапсырма. Мәтінмен танысыңыздар. 

 

Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және 



жобалау институты 

 

Құрылыс  материалдары  ғылыми-зерттеу  және  жобалау 

институты,  «НИИ  стромпроект»  ЖШС  1931  жылы  Құрылыс 

материалдары  мен  ғимараттар  ғылыми-зерттеу  институты 

ретінде  құрылған.  Алматы  қаласында  орналасқан. 1942  жылдан  

КСРО  ҒА-ның Қазақ бөлімшесі жанындағы химия металлургия 

институты  1945  жылдан  Қазақстан  ҒА-ның  Химия  институты, 

Металлургия  және  кен  байыту  институты,  отқа  төзімді  және 

құрылыс  материалдары  институты,  1953  жылдан  Архитектура, 

құрылыс және құрылыс материалдары институты, 1956 жылдан 

Қазақстан  ҒА-ның  Құрылыс  және  құрылыс  материалдары 

институты  атанды.  1957  жылдан  КСРО  Құрылыс  және 

архитектура  академиясының  қазақ  бөлімшесі  болды.  1965  жыл-

дан  қазіргі  атымен  аталады.  Құрамында  құрылыс  материал-

дарын  сертификацияны  сынақтан  өткізетін,  т.б.  көптеген 

лабораториялар,  8-сектор,  жобалау  бөлімі  (9  өндірістік  бөлім 

тәжірибелік кәсіпорын ) бар.  



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

252 


Негізгі  жұмыс  бағыты  –  құрылысқа  қажетті  шикізаттар 

негізінде  қабырғалық  керамика  және  силикат  материалдарын 

алудың  тиімді  технологиялық  тәсілдерін  жетілдіру,    фосфор 

және металлургиялық қождарды, боксит шламын, т.б. өнеркәсіп 

қалдықтарын 

пайдалана 

отырып, 

әртүрлі 


құрылыс 

материалдарын  алу.  Институттың  ғылыми  зерттеулері  мен 

жобаларының негізінде гипс шығаратын заттар Ақтөбе, Атырау, 

және Түркістан қалаларында; құрғақ құрылыс материалдарының 

қоспасын шығаратын  (Боралдай кентінде, Алматы обл), жоғары 

көміртегі  феррохром  қождары  үйіндісінен  беріктігі  жоғары,  от 

пен  суыққа  төзімді  қиыршықтас  шығаратын  зауыттар  (Ақтөбе 

қаласында)  іске  қосылды.  Институттың  қалыптасуына  үлкен 

үлес  қосқан  ғалымдар:  М.С.  Жуковский,  М.Ф.  Назаренко,     

С.М.  Зубаков,  А.  Жақышев,  Б.  Пәрімбетов,  т.б.  болды. 

Институтта  Қазақстан  ҒА-ның  академиктері:  А.А.  Глаголев,     

Ө. 


Аяпов, 

техн.ғыл.докт., 

профессорлар: 

А.И. 


Минас,                      

Қ. Қуатбаев қызмет етті.  



 

643-тапсырма.  Мәтінге  жоспар  құрастырып,  мазмұндап 

беріңіздер. 



 

644-тапсырма.  Мәтін  бойынша  төмендегі  тезистерді 

толықтырыңыздар. 

 

Тезис 

Қажетті мәтіндер 

Құрылыс материалдары ғылыми-

зерттеу және жобалау 

институтының  құрылуы 



 

Негізгі жұмыс бағыты 



 

Институт негізінде пайда болған 

зауыттар 

 

Институттың қалыптасуына үлес 

қосқан ғалымдар туралы 

 

 

645-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  тірек  сөздерді  мәтін 

бойынша дұрыс орналастырыңыздар. 

 

Бөлімшесі болды 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау