Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
388
Мұнай мен газдан алынатын сан түрлі химиялық, т.б.
заттардың шегіне адам баласы әлі де болса жете қойды деп
айтуға болмайды, оның шегі жоқ екені шындық. Ғылым мен
техниканың бұдан былай да дами түсуіне байланысты мұнай
мен газдан алынатын пайдалы заттардың саны да арта беретіні
сөзсіз.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Анықтауыш
Анықтауыш – зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын
анықтап тұрады.
Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші?
қайдағы? қашанғы?
Анықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
Сөз табы
Мысалы
Сын есім
Олар шалғай ауылдарды аралады.
Есімдік
Кейбір аңдар ертерек азықтануға шығады.
Зат есім
Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.
Сан есім
Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік.
Есімше
Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.
Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:
Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш.
Мысалы: Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр.
Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын
анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді.
Үйірлі
анықтауыш
–
үйірлі
сөздерден
тұратын
анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.
316-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып шығып, ондағы
айтылған ақыл-кеңестерді естеріңізге сақтаңыздар. Анықтауыш-
тарды тауып, дара я күрделі екендігін анықтаңыздар.
Ынтымақты ел – сарқылмас көл. Елдің ерлігі ерінен
танылар, елдің байлығы жерінен танылар. Жасырғанның жарасы
Қазақ тілі
389
асқынады. Көбікті қарда түлкі ойнар, көңілді кезде күлкі ойнар.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. Кісінің кісілігі –
киімінде емес, білімінде. Жаста оқыған оқуың тасқа жазғанмен
бірдей, үлкейгенде оқыған оқуың мұзға жазғанмен бірдей.
Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.
317-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, қарамен жазылған
анықтауыштардың сұрақтарын қойыңыздар.
Темекі тарту Американы ашқаннан кейін ғана етек ала
бастады. Еуропаға темекіні ХVI ғасырдың
әйгілі теңізшісі Х.
Колумб әкелді деген болжам бар. Алғашқы уақытта темекі адам
денсаулығына пайдалы деп есептелінді. Дәрігерлер сырқаттарға
темекі тартып немесе иіскеп емделуге кең түрде кеңес беріп
отырған. Еуропадағы алғашқы темекіні өсіруші дәрігер Жан
Нико болған. Сол Никоның аты-жөнімен темекінің негізгі әсер
етуші улы заты – никотин аталып кеткен.
Бірақ темекі салдарлары көп ұзамай байқала түсті. Жан
қинаған көк жөтел, ерін, тіл, тамақ, өкпе аурулары тарай
бастады.
Темекіні жаңалап тартқан сайын түтінмен ішке баратын
уытты заттар молайып, өмірлік маңызды мүшелерді үсті-үстіне
уландыра береді. Темекінің соңғы үштен бір бөлігі аса қауіпті.
Онда көміртек қышқылы – 5 есе, бензопирен – 4 есе, никотин –
3 есе, қара смола – 3 есе, аммиак – 46 есе көп. Сондай-ақ, басқа
да уытты заттардың қосындылары қан арқылы бүкіл өне бойды
улап өтеді. Тыныс алу жолдары ерекше зардап шегеді.
Созылмалы бронхит, трахеит, демікпе, өкпе, ерін, тіл,
жұтқыншақ рагы сияқты ауруларды туғызады. Темекі
тартатындардың өкпе рагына шалдығуы тартпайтын адамдарға
қарағанда он есе жиі кездеседі. Ракпен ауырған 100 еркек
адамның 90-ы – темекі тартатындар. Сілекей арқылы кеңірдек
пен асқазанға түскен никотин жүректі айнытып, құстырады,
соның салдарынан асқазан мен тоқ ішектің қабырғаларында
ойық жаралар пайда болады.
Әрбір жарты сағат сайын
тартылған темекі салдарынан қан тамырлары үнемі әлсіз
жұмыс істейді де, оттектің адам ағзасына таралуы баяулап,
жүрек шаншулары пайда болып, инфарктіге ұрындырады.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
390
Зерттеулерге
қарағанда,
темекі
тартатындар
миокард
инфарктісіне бес есе, миға қан құйылып кету ауруына 3-4 есе
көп ұшырайды екен. Темекі аяқ тамырларының таралуына,
бұлшық еттерінің ауыр сырқаттарына әкеліп соғады. Тіпті ауру
аяқты кесуге тура келетін кездер де болады.
Шетел ғалымдары никотин мен темекі түтінінің ысы
аллергиялық
аурулардың
көбеюіне
себепші
болатынын
дәлелдеді. Сөйтіп, темекінің адам ағзасына келтірер зияны
өлшеусіз әрі өте-мөте залалды.
318-тапсырма. Нақыл, ақыл сөздерді оқып шығып, анықтауыш
болып тұрған сөздерді құрамына қарай топтап жазыңыздар.
Үлгі:
дара
анықтауыштар:
бірінші,
...;
күрделі
анықтауыштар: жетім-жесірдің, ...; үйірлі анықтауыштар:
екіжүзділер деп аталатын, ... .
Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық.
Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Өтірікшінің шын сөзі зая.
Жетім-жесірдің ақысын жеме, обал болады. Есерлердің ішінде
екіжүзділер деп аталатын бір топ бар, олар өздерін және
өзгелерді, көбінесе өздеріне қарағанда өзгелерді алдауға үздіксіз
жаттығады, ал шын мәнісінде басқаларға қарағанда, өздерін
өздері алдайды. Ешбір ата-ана өз перзентіне мінез-құлқынан
артық мирас қалдырмайды. Жұрттың көзінше істеуге ұят деп
білген нәрсеңді оңаша отырғанда да істеме. Аманатқа қиянат
еткен адамда иман жоқ. Екі адамның оңаша әңгімесі бір-біріне
аманат саналады және әңгімелескен сырын ашу – арамдық.
Өзінің қол астындағы адамдарға қиянат жасап, оларды алдаған
қауым бастығы қиямет күні тозаққа хүкім етіледі.
319-тапсырма. «Адамның жақсы, жаман болмағы – өзінен»
деген тақырыпта ойтолғау жазыңыздар.
320-тапсырма. Мәтіннен анықтауыштарды табыңыздар.
Түсті металдардың бір түрі – алюминий. Ол – күміс сияқты
жарқыраған, ақ түсті, өте жеңіл металл. Оңай иіледі, тоттанбайды,
электр тогын жақсы өткізеді. Алюминийден жасалған қасық,
шанышқы, түрлі ыдыс-аяқтар, электр сымдары күнделікті тұрмыста