Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет123/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

382 


305-тапсырма.  Мәтінді  түсініп  оқып,  мына  сұрақтарға 

жауап  беріңіздер.  Леп  белгісі  қойылған  сөйлемдер  қандай 

сөйлемдер  екенін  ажыратыңыздар.  Қарғыс  алмау  үшін  неден 

аулақ  болу  керек?  Абылай  хан  қандай  қарғыстан  қорықты? 

Неге? қалай ойлайсыздар?  

 

Қазақ қарғыстары 



 

Қазақтың ауыз, жазба әдебиетінде және ауызша айтысында 

жиі кездесетін сөздердің бірі – қарғыс. Ежелден тіл өнері қонған 

халқымыз  қарғыс  айтуға  да  шебер  болған.  Қарғыс  ата-анаға, 

үлкенге  тілі,  қолы  тиген,  тәртіп  бұзған,  ел  атына,  руына  

келтірген,  көпке  зәбірі  тиген,  кісі  өлтірген,  тағы  басқа  жат 

қылық, ерсі іс, теріс мінез көрсеткен адамдарға айтылады. 

Біздің  халқымыз  қарғыстан  қатты  сескенген.  Елдің  ішінде 

біреуді  жұрт  «қарғысқа  ұшыраған»  деп  жатады.  Оның  себебі, 

халқымыз  қарғыс  қате  кетпейді  деп  түсінген.  Қарғыстың  ең 

ауыры,  ананың  ақ  сүтін  көкке  саууы  және  атаның  теріс  батасы 

деп  есептелген.  Бұрын  ата-ананың  ар-намысын  таптаған,  аса 

жүгенсіздік көрсеткен балалар осылай қарғалған.  

Мына бір әңгіме Абылай заманында бір қарғысшыл қалмақ 

болған  екен  дейді  және  ол  келістіріп  қарғайды  екен.  Абылай 

соны шақырып алып:  

-   Мені қарғашы, – депті.  

-   Шөбің жапырылмасын! – депті қалмақ. 

-   Кедей бол дегенің ғой, ол қарғыс емес, – депті Абылай. 

-   Күлің шашылмасын! 

-   Баласыз бол дегенің ғой, бұл да қарғыс емес, өзім жақсы 

болсам, елдің бәрі – менің балам, – депті Абылай. 

-   Ендеше, өзің білме, білгеннің тілін алма! – депті анау. 

-   Астапыралла,  жаманы  мынау  екен,  –  деген  екен  сонда 

Абылай дана.  

 

306-тапсырма.  Мәтінді  оқып  шығыңыздар.  Сөйлемдердің 

қайсысы  хабарлы  сөйлем,  қайсысы  бұйрықты  сөйлем  екенін 

ажыратыңыздар. Тыныс белгілеріне назар аударыңыздар. 

 

 




Қазақ тілі 

 

383 



Ұзақ өмір сүргіңіз келсе... 

 

Құрамында  антиоксиданты  бар  тағамдар  –  жасарудың 

бірден-бір  кепілі.  Антиоксидант  жүрек  ауруына,  қатерлі  ісікке, 

ерте  қартаюға  жол  ашатын  химиялық  элементтердің  әсерін 

жояды. Мамандардың айтуынша, ол дене формасын сақтауға да 

көмектеседі.  Жеміс-жидектер,  көкөністер,  сарымсақ,  көк  шай, 

соя антиоксиданты тағамдардың бірнешеуі ғана.  

Денсаулығыңыз  үшін  күніне  екі-үш  рет  жеміс  пен  көкөніс 

жегеніңіз пайдалы.  

Жеткілікті  мөлшерде  су  ішу  тыныс  алуды  жақсартады. 

Буындар  мен  бұлшық  еттер  жұмысын  арттырып,  күш  береді. 

Күнде  8  стақан  су  ішкеніңіз  пайдалы.  Дене  жаттығуларын 

жасағанда, ұшаққа мінгенде және диета сақтап жүргенде одан да 

көп  су  ішу  керек.  Су  токсиндерді  және  ағзаға  жиналған  майды 

ерітеді. Артық салмақтан арылудың да тиімді жолы.  

Қан құрамы да тазарады.  

Әрдайым  тік  отыруды,  дұрыс  жүріп-тұруды  әдетке 

айналдырыңыз.  Қисайып,  жантайып  отыру  тыныс  алуға,  қан 

айналымына  кедергі  жасайды,  күшіңіздің  босқа  жұмсалуына 

жол ашады.  

Күн  сайын  жарты  сағат  дене  қимылын  жасауға  машық-

таныңыз. Ал дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу – жүрек 

ауру, қатерлі ісік, артық салмақтың алдын алады.  

Жүйелі,    дұрыс  тамақтанып,  көп  мөлшерде  су  ішіп,  дұрыс 

ұйықтап, темекі мен алкогольді ішімдіктерден бойыңызда аулақ 

салыңыз... ұзақ та баянды өмір сүретініңізге күмәніңіз болмасын.  

 

307-тапсырма.  Бұл  қандай  мақал?  Суреттегі  әріп  бөліктерін 

жүйелеп оқысаң, сөз туралы мақал шығады.  



 

Қ 

 

Һ 

А 

 

Л 

А 

 

Р 

С 

З 

Ы 

 

А 

Қ 

Ө 

Л 

Б 

М 

А 

 

Р 

З 

А 

Ұ 

 

 

 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

384 


Тұрлаулы мүшелер 

 

Бастауыш 

 

Бастауыш  –  сөйлемде  атау  септігінде  тұрып,  іс-оқиғаның 

иесін білдіретін тұрлаулы мүше. 

Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? 

Бастауыш төмендегі сөз таптарынан жасалады: 

 

Сөз табы  

Мысалы 

Зат есім 

Күн жылынды.  

Досым  келді. 

Есімдік  

Бұл  –  үлкен үй. Өзің  кел. 

 Ешкім жоқ. 

Сын есім 

Ақылды ісіне сенеді.  

Сыпайы сырын сақтар. 

Сан есім 

Үшеуі сыртқа шықты.  

Төрт екіге бөленді. 

Етістік  

Іздеген жетер мұратына. 

Оқу инемен құдық қазғандай. 

 

Бастауыш құрылысына қарай 3-ке  бөлінеді: 

Дара  бастауыш  –  бір  сөзден  тұратын  бастауыш.  Мысалы: 

Біз  алғашқыда  өз  көзімізге  өзіміз  сенбедік.  Жігіттер  аттарын 

жетектеп, бұлақ басына жақындай береді. 

Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. 

Мысалы:  Кеншілер  сарайы  адамға  лық  толы.  Ырыс  алды  – 

ынтымақ. 



Үйірлі  бастауыш  –  үйірлі  сөздерден  тұратын  бастауыш. 

Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды. 

 

308-тапсырма. Мына сөздерді бастауыш  етіп, сөйлемдерді 

аяқтаңыздар.  

 

Ауылдың маңы  ... 



Балалар шуы  ... 

Асық ойнаған  ... 

Жығылған  ... 

Алтау ..., төртеу ... 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау