8
асатын деңгейі денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықсыздығының және халық үшін
жоғары қауіптіліктің белгісі болып табылады.
ТМККК болған кезде жеке шығыстардың айтарлықтай кӛлемін сақтап қалу жүйеге
жолданатын қаражаттың тапшылығынан хабар береді.
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі және медициналық қызметке ақы тӛлеудің жаңа
әдістерінің шығындары ресурстар мен мейлінше білікті мамандардың алғашқы буыннан
(МСАК) стационарға, ал стационарларда – кӛбіне ЖММК кӛрсететін бӛлімшелерге «кері
ағуына» алып келді.
8. Дамыған ақпараттық жүйе.
Денсаулық сақтаудың әлемдік даму беталысы IT-технологиялардың дамуымен тығыз
байланысты. ЭЫҰД елдерінде дәрігер мен пациент арасындағы ӛзара қарым-қатынасты
айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа коммуникативтік технологияларды
ендірудің белсенді үдерісі жүріп жатыр. Смарт-медицинаны дамыту сала дамуының басты
трендіне айналып отыр.
Қазақстанда, салаға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы едәуір
ілгерілеуге, бірқатар порталдар жасауға, компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді
жақсартуға қарамастан, әзірленген және енгізілген веб-қосымшалар тек денсаулық сақтау
жүйесін қаржыландыру мен басқарудың жекелеген мәселелерін шешуге ғана бағытталған.
Қолданыста бар дерекқорлар біріктірілмеген, ол денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлері
мен қызметінің интеграциясы мен сабақтастығына кедергі жасайды.
Саладағы компьютерленген жұмыс орындарының үлесі тӛмен күйінде қалып отыр.
2010 жылы БАДСЖ енгізу бойынша пилоттық ӛңірлерде бұл кӛрсеткіш: Ақмола облысы –
84%; Астана қаласы – 68%; Алматы қаласы – 36%-ды құрады. 2014 жылы жұмыс
орындарының саны 87 729-ды құрады, оның ішінде ақпараттық технологиялармен
жарақтандырылғаны – 57 537, осылайша, орташа жарақтандырылу 65,58%-ды құрады – яки
медицина қызметкерлерінің үштен бірінің жұмыс орнында компьютерге қолжетімділігі
жоқ.
Жоғарыда кӛрсетілген мәселелердің салдары ретінде кӛрсетілетін қызметтің сапасы
жеткіліксіз болып қалып отыр.
Осы айтылғандарға орай, біздің еліміз бен ЭЫДҰ елдерінің денсаулық сақтау жүйесі
арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, осы Мембағдарламада денсаулық сақтау
деңгейінің ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін саланы үдемелі
дамыту негізін қалау кӛзделіп отыр, ол үшін республика экономикасы барлық қажетті
ресурсқа ие.
Мҥмкіндіктер:
мемлекеттің ең жоғары деңгейдегі саяси қолдауы және алынған әлеуметтік
міндеттемелерді орындау кепілдігі;
экономиканың тұрақтылығы және ел ІЖӚ-нің ӛсімі;
әлемдік медицина және фармацевтика ғылымының дамуы, елімізге трансферттеу
мүмкіндігімен ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерінің пайда болуы;
Бүкіләлемдік банк пен басқа да халықаралық қаржы институттарының
инвестициялық қолдауы;
денсаулық сақтау саласындағы басқарудың жаңа халықаралық технологияларына
еркін қолжетімділік;
денсаулық сақтау секторында ақпараттық технологиялардың қажетті негізінің
болуы.
Қауіптер:
созылмалы сырқаттардың ӛсуі және жаңа, бұрын белгілі болмаған аурулардың пайда
болуы;
жаһандық экономикалық ахуалдың одан әрі нашарлауы;
9
ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы және
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет рӛлінің әлсіреуі;
тек бюджет қаражаты есебінен жабылмайтын, денсаулық сақтауға жұмсалатын
шығындардың ӛсуі, формалды емес және жеке тӛлемдердің жоғары деңгейі;
халықтың тамақтану сапасының мәселелері және аурулардың профилактикасы мен
саламатты ӛмір салтын ұстануға қатысты нигилизм.
4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ,
НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӚРСЕТКІШТЕРІ
Мақсаты:
Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық ӛркендеуінің негізі ретінде
азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды
қамтамасыз ету
Міндеттері:
1.Санитариялық әл-ауқатты қамтамасыз ету, қауіп факторларын профилактикалау,
дұрыс тамақтануды насихаттау және саламатты ӛмір салтын ынталандырудың негізінде
халық денсаулығын нығайту.
2. Интеграцияланған, пациентке бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің негізінде
медициналық қызметтердің қолжетімділігін, толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету
3. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін, қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы мемлекеттің,
жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген денсаулық
сақтауды қаржыландыру жүйесін құру.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу келесі нысаналы индикаторлармен ӛлшенетін
болады:
Нысаналы
индикаторлар
Ӛлшем
бірлігі
2014
(факт)
2015
(баға)
2016
2017
2018
2019
2020
Күтілетін ӛмір сүру
ұзақтығын ұлғайту
Жас саны
71
71,4
71,8
72,2
72,6
72,77
73
Ана
ӛлім-жітімінің
2009 жылғы деңгейден
3 есеге тӛмендеуі
100 мың тірі
туылғандарға
шаққанда
12,4
11,8
11,2
10,6
10,1
10
9,7
Сәби
ӛлім-жітімінің
2009 жылғы деңгейден
2 есеге тӛмендеуі
100 мың тірі
туылғандарға
шаққанда
11,2
10,6
10,1
9,6
9,1
9,05
9,03
Жалпы ӛлім-жітімнің
2009 жылғы деңгейден
30%-ға тӛмендеуі
1000
тұрғынға
7,65
7,35
7,1
6,9
6,7
6,5
6,3