Бесплатные уроки для веб програмиста



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет4/27
Дата13.02.2018
өлшемі1,02 Mb.
#9464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

19 

 

WWW-серверінің жұмыс жасау схемасы келесідей: 



1  Торапты қолданушы браузер деп аталатын  программалық жабдықтама 

пакетін  жібереді.  Оның  құрамына  келесі  функциялар  кіреді.  Сервермен 

байланыс орнатады, сонан соң: 

а)  қажет құжатты алады; 

б)  алынған құжатты көрсетеді

в)  қолданушы  әрекеттеріне  жауап  қату,  жаңа  құжаттарға  қол 

жеткізу. 

Қолданушының әсер етуімен немесе браузерді жібергеннен кейін, WWW 

cерверімен байланыс орнатады және оған берілген құжатты алу үшін сұраныс 

жібереді. 

2  WWW-сервер  сұраған  құжатты  іздейді  және  браузерге  нәтижені 

қайтарады. 

3  Браузер құжатты алып, қолданушыға көрсетеді және оның қозғалысын 

күтеді. 


 

1.2.1 WWW технологиялары 

 

Бұл  технология  World  Wide  Web  (қысқартылғаны  –  WWW  немесе  жай 



Web) – «Әлемдік өрмек» жүйесін қолдануға негізделеді. Бұл жүйе құралдық ор 

таның  әртүрлілігін  және  гипермәтінді  түсініктеме  негізіндегі  ақпараттың 

форматын  біріктіру  әрекеті  болып  табылады.  Гипермәтін  ұғымы  белгіленген 

сөздерді,  сөйлемді  немесе  тіптен  пиктограммаларды  сәйкес  ақпаратқа  осы 

немесе  басқа  құжатқа  сілтеме  жасауда  қолдану  деген  мағына  береді.  WWW 

навигаторлар деп аталатын және қолданушыға WWW жүйесінде жұмыс істеуді 

қамтамасыз  ететін      программалар  гипермәтінің  түсініктемесін  желінің  түрлі 

түйіндерінде орналасқан құжаттар арасында байланыс жасай отырып кеңейтеді. 

WWW жүйесінде құжаттар әдетте толық полиграфиялық форматта көрсе 

тіледі және құрамында графикалық ақпараттар мен фотосуреттер, аудио, видео 

файлдарға  сілтемелер  бар.  Осылайша,  WWW  жүйесі  –  «гипертекст+мульти 

медиа+ақпаратты  навигация»  бөлімдерден  тұрады.  WWW  –  навигаторларға 

Netscape  Navigator  және  Microsoft  Internet  Explorer  сияқты  кең  танымал    про 

граммалар жатады. Өздерінің интеграциялау тапсырмаларын орындай отырып, 

WWW  –  навигаторлар  тек  қана  WWW-серверлерінің  ақпаратына  ғана  емес, 

басқа  да  жүйелердің  ақпаратына  (телеконференция,  FTP,  Gopher  т.б)  рұқсат 

алуды іске асырады. 

WWW  технологиясы  қолданушылардың  мойындауына  тез  қол  жеткізді 

және бүгінгі күні заманға сай Интернетті қалыптастыратын ең әйгілі құралдар 

дың  қатарына  кіреді.  1995  жылы  интернетке  WWW-серверлердің  саны  әр 

бірнеше айда екі еселеніп отырды, ал оларға арналған жалпы трафик  тұрақты 

түрде  бірінші  орынға  шықты.  Интернетте  индексті  іздеуді  WWW-сервердің 

және басқа бірнеше жүйелердің (FTP, Gopher)  90%-ына жуық  орындауға мүм 

кіндік беретін жүйелер (Yahoo, Lycos т.б) қарқынды дамуда. 




20 

 

WWW-серверді  өңдеушілерінің  энтузиазмын  түсіну  оңай.  Ақпараттық 



мәселе қандай болмасын анықтамалық жүйелер, әр түрлі бағыттағы құжаттарға 

архив (мысалы, жарнама материалдарын), мәліметтер базасына, оқыту жүйесіне 

әдемі интерфейс құру – осының бәрі WWW-технологиясының негізіне жатады. 

 

1.2.2  “Клиент-сервер” технологиясы 

 

Бұл  дипломдық  жобадағы  программалық  жабдықтау  клиент-серверлік 



технологияларға негізделген. 

Мұнда  интернет  желісінің  сервері  деп  клиент  машинасының  сұранысы 

бойынша  web-парағын  бейнелейтін,  сондай-ақ  көптеген  басқа  пайдалы  функ 

цияларды орындайтын, арнайы программа орнатылған компьютер аталады (ол 

сервер,  web-сервер  немесе  http-сервер  деп  те  аталады.)  Жергілікті  желідегі 

компьютерлердің  өзара  қарым-қатынас  сипаты  олардың  функционалдық  мін-

деттерімен  байланыстырылған.  Тікелей  қосылуы  жағдайындағы  тәрізді,  жер 

гілікті  желі  шегінде  клиент  және  сервер  түсініктері  пайдаланылады.  Яғни, 

сіздің үйдегі компьютеріңіз сервермен байланысып, одан қажетті мәліметтерді, 

мысалы, web-парағының кодын алған кезде, ол «клиенттің» рөлін орындайды, 

ал бұл жағдайда барлық жүйе «клиент-сервер» байланысы деп аталады. 

“Клиент-сервер”  жүйесі  деп  қолданушының  қарамағына  өз  қорларын 

беретін алыстағы компьютер мен осы қорларды пайдаланатын қолданушының 

компьютері    арасындағы  ақпаратты  беру  механизмін  атайды.  Мұнда  өзінің 

қорларына қосылуды ашатын  компьютер  - “сервер”, ал бұл қосылуды алушы 

“клиент” деп аталады.  

“Клиент-сервер”  технологиясын  қысқаша  келесідей  түрде  көрсетуге 

болады: 

−  клиент  сұранысты  жаса  йды  және  серверге,  басқаша  айтқанда 

сұранысты өңдейтін  программаға жібереді; 

−  бұл    программа  сұранысқа  сәйкес  қорытынды  жасайды  және  оны 

клиентке жібереді; 

−  клиент  қорытындысын  алады,  оны  дисплейде  бейнелейді  және  

қолданушының  әрі  қарайғы  әрекетін  күтеді.  Қоданушы  сервердегі  жұмысын 

аяқтағанша, цикл қайталана береді. 

Клиент-сервер  технологиясы  –  бұл  компьютерлердің  бірінен  (сервер) 

екінші  компьютерге  (клиентке)    өз  қорларын  ұсынатын,  жергілікті  желідегі 

компьютерлердің өзара қарым-қатынасының ерекше тәсілі. 

Жоғарыда  ескертілгендей,  Интернет  қорларын  тарату  принциптеріне 

қолданылатын  негізгі  түсініктердің  бірі,  “клиент-сервер”  тәсіліне  сәйкес  мәлі 

мет беруді ұйымдастыру болып табылады. Бұл технологияның қалай жұмыс іс 

тейтінін талдап көрелік. 

Клиент  браузеріне  web-парақты  жүктеу  үшін  сервер,  серверлік  компью 

терде  орнатылған  http-сервер  деп  аталатын  арнайы    программаға  сұраныс 

жібереді және одан алынған мәліметті өңдейді. Мұнда браузердің міндеттеріне 

серверден  белгілі  бір  параққа  сұраныс  жасау,  оны  алып  және  қолданушының 




жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау