69
істейтін объектілерді құжат терезесінің кез-келген жерінде орналастыруға болады, тек
баспаға басатын объектілерді міндетті түрде жұмыс бетінде орналастыру керек.
Жҧмыс беті
Жұмыс беті кӛлеңкелі тіктӛртбұрыш түрінде орналасқан. Оның ӛлшемін баспаға
басатын қағаз ӛлшеміне сәйкес Layout - Page Setup (Макет – бет макеті) командасы
кӛмегімен беріледі.
Стандартты қҧралдар панелі
Стандартты құралдар панелі Windows операциялық жүйесінің басқа қолданбалы
бағдарламаларындағы сияқты жұмыс істейді. Бұнда кӛшіру, ӛшіру, жадыға жазу т.с.с.
кӛптеген командалар бар.
Графика панелі
Графика панелі (Toolbox) CorelDRAW-дың графикалық құралдарының жиыны,
бұлардың кӛмегімен CorelDRAW объектілерін құру және редакциялау сияқты
процедуралардың кӛпшілігі орындалады.
Басқа бағдарламаларға ұқсас графика құралдары CorelDRAW-дың кӛптеген
функцияларымен жұмыс істеуге жол ашады. Графика панелі жұмыс алаңының сол
жағында орналасқан. (2-сурет).
2-сурет. Құрал саймандар панелі.
Құралдар жұмыс істеу тәртібін таңдауға арналғандықтан, жиі қолданылады.
Құралдардың кейбір батырмалары тӛменгі оң жақ бұрышында үшбұрышпен берілген. Бұл
- осы батырмамен бір емес бірнеше құралдардың байланысты екендігін кӛрсетеді.
Олардың бәрін кӛру үшін, батырманы тышқан бағыттауышы арқылы бір рет шерткеннен
кейін, тышқан батырмасын басылған қалпында ұстап тұру қажет, сол кезде экранда осы
батырмамен байланысты құралдардың бәрі шығады. Әрбір құралға сәйкес ӛзінің
тышқанмен таңдауға арналған формасы бар.
Атрибуттар
панелі
Стандартты құралдар панелінен тӛмен атрибуттар панелі
(Property Bar) орналасқан.
Оларды кейде қасиеттер панелі деп те атайды. Олардың элементтерінің құрамы
таңдалынған объекті түріне байланысты ӛзгеріп отырады. 3-ші суретте тіктӛртбұрыштар
үшін атрибуттар панелімен танысуға болады.
3-сурет. Тіктӛртбұрыщтар үшін атрибуттар панелі.
Бұл атрибуттар панелінде тіктӛртбұрыштың тӛбелерінің,центрінің координаталары
және олардың тӛбелерін доғалдау мүмкіндіктері т.с.с. батырмалары бар.
Терезенің оң жақ шекарасы бойында түстердің экрандық палитрасы (Color Palette)
орналасқан. CorelDRAW терезесінің тӛменгі шетінде қалып-күй қатары (Status Bar)
орналасқан. Бұнда жұмыс істеу барысында, ерекшеленген объект туралы мағұлматтар
және бағдарламаның жұмыс істеу тәртібі туралы кӛптеген қосымша ақпараттар бар.
9.2. Қарапайым фигураларды қҧру
Қарапайым фигураларды құру үшін мынадай құралдар: қолмен сызу, суперсызық,
интерактивтік біріктіру, Безье қисығы, ӛлшемдер, тіктӛртбұрыш,эллипс, кӛпбұрыш,
миллиметрлік тӛртбұрыш, қарапайым формалар, бағыттауыштар формалары, блок-схема
формалары, жұлдызша формалары, объектіге фигуралық формамен нұсқау формалары (5-
сурет) қолданылады.