13
4.2.1 Диплом жұмысының құрылымдық элементтері болып:
– сыртқы беті (ҚОСЫМША Д);
– титулдық бет (ҚОСЫМША Е);
– тапсырыс-хат (ҚОСЫМША Б);
– бекітілген нысанда диплом жұмысына тапсырма;
– мазмұны;
– кіріспе – 2-3 бет;
– 1 бөлім (проблеманы зерделеудің теориялық және әдістемеліку негізі,
әдебиеттерге шолулар) – 15-25 бет;
– 2 бөлім (аналитикалық бөлім) – 25-35 бет;
– 3 бөлім (зерттеу бөлімі) – 20-30 бет;
– қорытынды – 3-5 бет;
– қолданылған әдебиеттер тізімі;
– қосымша;
– суреттейтін материалдар (тігілмейді).
–
4.2.2
Сыртқы бетінде (ҚОСЫМША Д) келесідей мәлметтер келтіріледі:
– диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы;
– студенттің тегі, аты-жөні;
– диплом жұмысының атауы;
– жұмыс түрі – диплом жұмысы;
– шифр және мамандық атауы;
– жыл, қала.
–
4.2.3 Титулдық бет
Титулдық бет диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және
құжат іздеу және өңдеу үшін қажет, ақпарат көзі болып қызмет атқарады. Ол Е
ҚОСЫМШАсына сәйкес рәсімделеді және диплом жұмысының жалпы
беттерінің нөміріне қосылады. Титулдық бетте бет нөмірі қойылмайды.
Титулдық бетте төмендегідей мәлметтер келтіріледі:
–
диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы;
–
диплом жұмысы орындалған, кафедраның атауы;
– кафедра меңгерушісінің бекітуші қолы;
– жұмыс түрі – диплом жұмысы;
– тақырыпты көрсетумен «тақырыбына» диплом жұмысы тақырыбының
атауы;
– шифр және мамандық атауы;
– сол жағында – «Орындаған» сөзі, оң жағында қарама қарсы студенттің
тегі, аты-жөні көрсетіледі;
– бір жол төмен «Ғылыми жетекші» жазылады және жетекшінің тегі,
аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы т.б. регалиясы көрсетіледі;
– бір жол төмен «Стандартизация бойынша кеңес беруші» жазылады
және тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;
– қала, жыл.
14
Тапсырыс-хат және тапсырма диплом жұмысының жалпы санына
қосылады, бірақ оларға нөмір қойылмайды.
4.2.4 Мазмұны
Диплом жұмысының мазмұны кіріспені, реттік нөмірлер және барлық
бөлімдер және бөлімшелердің атауларын, қолданылған көздер тізімін және бет
нөмірлері көрсетілген осы құрылымдық элементтер басталатын қосымшалар
атауын қосады. Қысқартылған бөлім және бөлімшелер (параграфтар) атауы
немесе олар басқаша құрастырылып баяндалса, және/немесе жүйелілікке рұқсат
берілмейді.
Мазмұнын рәсімдеу үлгісі
Мазмұны
Кіріспе....…………………………………………………....………………………...5
1 Запастар есебі және аудитінің теориялық аспектілері....….....…………….........8
1.1 Запастар классификациясы және оны бағалау әдістері……..………………...8
1.2 Запастардың синтетикалық және аналитикалық есебі..…..……………….…12
1.3 Запастар аудитінің есебі........... ………………………………………………..18
2 «Казахтелеком» АҚ қаржылық жағдайын талдау..........….................................23
2.1 «Казахтелеком» АҚ қысқаша сипаттамасы.......……………...........................23
2.2 Өсіңкілікті талдау, баланс құрылымы және құрамы..................…………......26
2.3 Өтімділік және төлемқабілеттілікті талдау........……………………..……….29
2.4 Кәсіпорынның қаржылық беріктігін талдау...........………...………………...33
2.5 Іскерлікбелсенділігін және рентабельділігін талдау………………………....36
3 «Казахтелеком» АҚ ШҚФ запастар есебі және аудитін жетілдіру...................42
3.1 «Казахтелеком» АҚ ШҚФ запастар есебінің ерекшелігі.................................42
3.2 «Казахтелеком» АҚ ШҚФ запастар есбін үйлестіру бойынша ұсыныстар...48
Қорытынбы....……………………………………………………………………….62
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............…………………………………..……….65
Қосымша.........……………………………………………………………………...68
4.2.5 Кіріспе
Кіріспе тақырыпты жасау үшін шешілетін пробеманың қазіргі
жағдайының бағасын бейнелеуі керек, бастапқы мәлметтер және негіздеме
болып табылады. Кіріспеде таңдалған диплом жұмысының мәні және өзектілігі
дәлелденген болуы керек, диплом жұмысын орындау кезінде студент өзінің
алдына қоятын мақсат пен міндеттерді құруы керек, пәні мен зерттеу объектісі,
оның жұмысының апробациясының (ғылыми жарияланымдардың болуы,
конференцияларға қатысу, өндіріске енгізу туралы актілердің болуы және т.б.).
әдістемелік негізі мен тәжірибелік мәні дәлелденген болуы керек. Кіріспе
ақпарат алу көздері және зерттеуде қолданылатын ақпараттар, диплом
жұмысын орындаудың негізі болып қызмет ететін нұсқаудан тұруы керек.
15
Кіріспе және қорытынды – бұл диплом жұмысының визит карточкасы,
себебі әсіресе осы бөлік негізінде оның сапасы туралы ой-пікір қалыптасады.
Диплом жұмысының мақсатын құру экономикалық құбылыстар арасындағы
заңдылықтарды табу және оны талдау жолымен проблемалы жағдайларды
шешуге бағытталған болуы керек. Көбінесе диплом жұмысының мақсаты екі
бөлімнен тұрады: біріншісі-«зерттеу...(проблемалық жағдай)» сөзінен басталуы
керек, және екіншісі-оны жетілдіру бойынша (немесе оны дамыту келешегін
анықтау) ұсыныстар жасау.
Диплом жұмысының мақсатынан басқа анықталмаған нысандағы–
талдау...., жасау...., шолу..., анықтау...., дәлелдеу...., енгізу..., көрсету..., өңдеу...,
іздеу..., өндіріп алу..., зерделеу..., анықтау..., сипаттау..., бекіту..., түсіндіру...,
формуланы шығару..., ұсыныс жасау..., өзара байланысты бекіту..., болжау
жасау..., даму келешегін анықтау... және т.б. етістіктен басталатын тізім түрінде
құрылатын міндеттер анықталады.
Міндеттердің құрылуы нақты қойылу керек, себебі олардың мазмұны,
тізімі және орындалуы диплом жұмысының сәйкес бөлімдерінің атауына және
құрылымына тікелей әсерін тигізеді.
Зерттеу объектісі – зерделеу үшін зерттеушімен алынған және
проблемалы жағдайды тудыратын, процесс немесе құбылыс, зерттеуші
айналысатын, ғылыми білімнің бөлігі. Зерттеу объектісі – нарық және/немесе
нақты шаруашылық субъектілерінің эконормикалық қызметін көрсетеді.
Пән – бұл объект шекарасында, шегіндегі болады, бұл проблеманың
аспетісі, зерттей келе біз толықтай объектіні, оның басты, ең маңызды
белгілерін танимыз. Диплом жұмысының пәні көпшілік жағдайда оның
тақырыбының анықтамасымен сәйкес келеді немесе оған өте жақын. Зерттеу
пәні нақты зерттеуде объектінің зерделеу шекарасын анықтайды.
Көңіл аудару қажет, зерттеу объектісі мен пәні оның мақсатымен
міндеттері сияқты тек қана таңдалған тақырыптан тәуелді емес, сол сияқты
зерттеу ниетінен де тәуелді.
Тақырып бойынша қолданылатын зерттеу әдістерін қолдануды ашу
кезінде шекті қысқартылған баяндау талап етіледі. Мұнда өте маңыздысы
ұсыныс және ұсыным, қорытындыларды дәлелдеу бойынша автормен
жұргізілген жеке меншік зерттеулерді қолдану базасында әдістердің атауының
болуы.
4.2.6 Бірінші бөлім
Бірінші бөлімде диплом жұмысының міндеттерімен сәйкес зерделенетін
проблемалардың негізгі теориялық жағдайлары қарастырылады, қазіргі
жағдайда таңдалған тақырып бойынша ғылымда және тәжірибеде жаңадан не
пайда болды соны ашу қарастырылады. Аталған бөлімді зерттеу объектісі және
пән сипатынан бастаған жөн, содан кейін біраз тарихи экскурс жасау керек,
зерттелетін проблемалардың зерделену сипатын бағалау, ғылыми әдебиеттерде
әр түрлі ашылатын теориялық, тәжірибелік шешілген және дискуссиялық
сұрақтарды қарастыру және міндетті түрде өз көзқарасын білдіру керек.
Теориялық бөлімде проблема бойынша әдебиеттерге шолулар жасалынады,