Дипломдық ЖҰмыс туралы ереже дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар положение о дипломной работе



жүктеу 423,51 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата13.11.2017
өлшемі423,51 Kb.
#89
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

11

қорғауға  дейін  бақылау  жасап  отырады.  Студент-диплом  жазушы  жетекші 



алдында тапсырманы орындағаны туралы айына екі реттен кем емес есеп беріп 

отырады. 

–  баяндама  жасауға  дайындыққа  және  МАК  отырысында  оның  қорғауы 

барысында жұмысты презентациялауға қажетті көмек  көрсетеді; 

–  қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс туралы жазбаша пікір береді.  

Диплом жұмысын дайындау және орындаудың әр түрлі кезеңінде ғылыми 

жетекші міндеттері өзгеріп отырады.  

Диплом  жұмысын  дайындаудың  бірінші  кезеңінде  ғылыми  жетекші 

тақырып  таңдауға  кеңес  береді,  жұмыс  жоспарын  қарастырады  және  түзетеді 

және  әдебиеттер  тізімі  бойынша  ұсыныстар  береді.  Диплом  жұмысының 

тақырыбын  таңдағаннан  кейін  диплом  жұмысын  тапсырма  беріледі.  Диплом 

жұмысының тапсырмасы төмендегілерден тұрады: 

–  бастапқы материалдар сипаттамасынан (өндірістік (диплом алдындағы) 

іс-тәжірибе 

есебі, 

статистика 



бойынша 

ҚР 


агенттігінің 

мәлметтері, 

шаруашылық субъектілерінің есебі, алғашқы ақпараттар); 

–  студенттермен жасалынатын, сұрақтар тізімі; 

–  ұсынылатын әдебиеттер тізімі; 

–  сызба (суреттеу) материалдарының тізімі. 

Содан  кейін  жеке  бөлімдерді  орындау  кезектілігін  көрсетумен  диплом 

жұмысының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрылады. Күнтізбелік жоспар-

кесте студент пен ғылыми жетекшінің бірлескен жұмысын анықтайтын, жұмыс 

құжаты болып табылады, сондықтан да ол диплом жұмысына салынбайды. 

Жұмысты  орындау  барысында  ғылыми  жетекші  диплом  жазушыға 

кемшіліктерді, аргументтерді, компазиция, стиль және т.б. көрсететін оппонент 

болып  табылады  және  оларды  қалай  жақсарту  қажет  екендігіне  ұсыныстар 

жасайды.  Ғылыми  жетекшінің  ескертулері  мен  ұсыныстарына  диплом  жазушы 

критикалық  тұрғыда  қарауы  керек.  Ол  өз  көзқарасы  бойынша  оларды  ескеруі 

немесе  ескермеуі  мүмкін,  өйткені  тақырыпты  ашуы  және  теориялық  және 

әдістемелік  дұрыс  жасауы,  сонымен  қатар  мазмұнының  сапасы  және  диплом 

жұмысын  рәсімдеу  толығымен  диплом  жазушыға  байланысты,  барлық 

жауапкершілік  өз  мойнына  артылады.    Студент-диплом  жазушы  қол  қойған, 

аяқталған  диплом  жұмысы  жетекшіге  қорғауға  10  күн  қалғанға  дейінгі 

мерзімнен кешіктірілмей табыс етілуі керек.  

Диплом  жұмысының  соңғы  нұсқасын  алғаннан  кейін  ғылыми  жетекші 

сарапшы  ретінде  қатысады.  Ол  диплом  жұмысына  қол  қояды  және  жазбаша 

пікір  жазады,  бұнда  диплом  жұмысының  сапасы  жан-жақты  сипатталады,  оң 

жақтары  белгіленеді,  диплом  жазушымен  түзетілмеген  бұрын  берілген 

кемшіліктерге ерекше мән беріледі, студенттің диплом жұмысын жазуы кезінде  

жұмысқа  қабілеттілігі,  қабілеті,  жылдамдығы,  арнайы  дайындық  деңгейі, 

дербестігі,  творчествалық  дәрежесі  сипатталады.  Сонымен  бірге  жетекші 

диплом  жұмысына  баға  қоймайды,  тек  қана  Мемлекеттік  аттестациялық 

комиссияда қорғауға ұсынады немес ұсынбайды.     




 

12

 



4 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ 

 

4.1 Диплом жұмысын жазуға дайындық 



 

Еңбек  шығынын  үнемдеу  мақсатында  диплом  жұмысының  бірінші 

фрагментін  жазбастан  бұрын  оны  рәсімдеуге  қойылатын  талаптарды  зерделеу 

қажет.  


Диплом  жұмысын  жазуға  дайындықты  диплом  жазушыға  таңдалған 

тақырыптың  зерттелу  пәнін  бағалауға  көмек  беретін,  ғылыми  статьялар  және 

оқу құралдары, монографияларды қоса, әдебиеттермен танысудан бастау керек.   

Көздер  және  әдебиеттермен  жұмыс  жасау  процесінде  сол  немесе  басқа 

зерттелетін  мәселеге  жататын,  фактілер  мен  оқиғалар  бойынша  көшірмелер 

жасау ұсынылады. Көшірмелерді беттің бір жағына жасау мақсатқа лайық, бұл 

көпшілік  жағдайда  материалдарды  топтауды  және  өңдеуді  жеңілдетеді.  Бұл 

кезде  көшірме  жасалынған,  әдебиеттер  мен  көздердің  шығарылуын  нақты 

көрсету қажет. 

Студент-диплом  жазушы  өзінің  жұмысында  құжаттардың  дұрыстығын 

тексеру  керек,  оны  құрушыларға  кімдердің  көзқарастарына  сүйенген,  осы 

құжаттардың қолданылғаны анық па және қандай мақсатта қолданылған.  

Көздер мен әдебиеттерді зерделегеннен кейін диплом жұмысының толық 

жоспарын  құру  қажет  және  оны  ғылыми  жетекшімен  келісу  қажет.  Жоспар 

жұмыс  барысында  анықтала  түседі.  Оның  соңғы  нұсқасы  негізгі  көздер  мен 

әдебиеттерді өңдегеннен кейін құрыларды, ғылыми жетекшімен бекітіледі және 

міндетті құжат болып табылады, өзгеріс жасау тек жетекшінің келісімімен ғана 

болады.  

Кіріспе,  бөлімдер  және  қорытындыны  жазу  шамасы  бойынша  диплом 

жазушы  оны  жетекшіге  көрсетеді  және  диплом  жұмысына  дайындықтың 

бекітілген кестесіне, мерзімдеріне оның ескертуі есебімен оны қайта түзейді.   

 

4.2 Диплом жұмысының құрылымы және мазмұны 



 

 

Диплом жұмысының құрылымы



 

қатаң нысанда және стандартты болмауы 

керек.  Ол  көбінесе  мәтінге,  күрделілік  дәрежесіне  және  тәжірибелік  мәніне, 

жалпы баяндалу логикасына, сонымен бірге қойылған міндеттерге  байланысты 

болады. Диплом жұмысының құрылымыереже бойынша, кіріспені, үш бөлімді 

(теориялық, аналитикалық және конструктивті), қосымшаны және қолданылған 

әдебиеттер  тізімін  өзіне  қосады,  сонымен  қатар,  жұмысты  презентациялау 

кезінде қолданылатын суреттеуді сипаттаудан тұрады (кескіндеуді).  

Диплом  жұмысын  ғылыми  стильмен  баяндау    қажет.  Ғылыми  сөз  стильі- 

өзгешеліксіз  монолог,  баяндау  үшінші  тұлғаның  атынан  жүргізіледі,  авторлық 

«мен»  қолданылмайды.  Диплом  жұмысындағы  қабылданған  шешімдер,  дәлдік 

және  барлық  мәлметтердің  объективтілігі  үшін  жауапкершілікті  студент-

диплом жұмысының авторы өз мойнына алады.   



жүктеу 423,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау